Үкімет • 09 Шілде, 2018

Бақытжан Сағынтаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ Директорлар кеңесінің отырысын өткізді

344 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды primeminister.kz.

Бақытжан Сағынтаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ Директорлар кеңесінің отырысын өткізді

Отырыс барысында «Самұрық-Қазына» АҚ трансформация бағдарламасын іске асыру барысы, жекешелендіру мәселелері талқыланып, сондай-ақ 2017 жылы атқарылған жұмыстар қорытындысы шығарылып, компанияның 2018–2022 жылдарға арналған даму жоспарлары қаралды.

Отырыс қатысушылары 2014 жылдан бастап 2018 жылдың 1 тоқсаны аралығындағы пайда мен инвестициялар туралы мәліметтерден тұратын Қордың Трансформация бағдарламасын іске асыру туралы есебін тыңдады. Қордың Директорлар кеңесінде Есепті жүйелі түрде қарау болашақта Бағдарламаның бастамаларын енгізу тиімділігін арттыруға жол ашатын басқару шешімдерін уақытылы қабылдау және әрекет жасау үшін қажет.