Қазақстан Республикасының заңы. Газ және газбен жабдықтау бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Егемен Қазақстан
10.07.2018 3473
2

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., №18-I, 18-II, 92-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; №24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., №1, 2-құжат; №2, 6-құжат; №7, 33-құжат; №8, 44, 45-құжаттар; №9, 46-құжат; №10, 50-құжат; №11, 52-құжат; №14, 71-құжат; №15, 78-құжат; №16, 79-құжат; №19-I, 101-құжат; №19-II, 102, 103, 105-құжаттар; №20-IV, 113-құжат; №20-VII, 115-құжат; №21-I, 124, 125-құжаттар; №21-II, 130-құжат; №21-III, 137-құжат; №22-I, 140, 141, 143-құжаттар; №22-II, 144, 145, 148-құжаттар; №22-III, 149-құжат; №22-V, 152, 156, 158-құжаттар; №22-VI, 159-құжат; №22-VII, 161-құжат; №23-I, 166, 169-құжаттар; №23-II, 172-құжат; 2016 ж., №1, 4-құжат; №2, 9-құжат; №6, 45-құжат; №7-I, 49, 50-құжаттар; №7-II, 53, 57-құжаттар; №8-I, 62, 65-құжаттар; №8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; №12, 87-құжат; №22, 116-құжат; №23, 118-құжат; №24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., №1-2, 3-құжат; №9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; №12, 34-құжат; №14, 49, 50, 54-құжаттар; №15, 55-құжат; №16, 56-құжат; №22-III, 109-құжат; №23-III, 111-құжат; №23-V, 113-құжат; №24, 114, 115-құжаттар; 2018 ж., №1, 4-құжат; №7-8, 22-құжат; №9, 27-құжат; №10, 32-құжат; 2018 жылғы 15 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2018 жылғы 22 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 170-бапта:

бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «сақтау және өткізу» деген сөздер «сақтау, тиеп-жөнелту және өткізу» деген сөздер­мен ауыстырылсын;

үшінші бөліктің бірінші абзацындағы «оныншы және он бірінші бөліктерінде көзделген жағдайларды» деген сөздер «оныншы бөлігінде көзделген жағдайды» деген сөздермен ауыстырылсын;

сегізінші, тоғызыншы және он бірінші бөліктер алып тас­талсын;

он екінші бөліктің бірінші абзацындағы «оныншы және он бірінші бөліктерінде» деген сөздер «оныншы бөлігінде» деген сөздермен ауыстырылсын; 

2) 171-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын өткізуді жүзеге асыратын тұлғалардың Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына сәйкес белгіленген Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын немесе Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын асырып жіберуі – 

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъек­тіле­ріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»; 

3) 684-баптың бірінші бөлігіндегі «170 (жетінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші бөліктерінде)» деген сөздер «170 (жетінші, оныншы және он екінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 688-баптың бірінші бөлігіндегі «170 (бірінші, 1-1, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және сегізінші бөліктерінде)» деген сөздер «170 (бірінші, 1-1, екінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;

5) 804-баптың бірінші бөлігінің 42) тармақшасындағы «170 (жетінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші бөліктері)» деген сөздер «170 (жетінші, оныншы және он екінші бөліктері)» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., №20-II, 20-III, 112-құжат; 2016 ж., №1, 4-құжат; №6, 45-құжат; №7-II, 55-құжат; №8-I, 62, 65-құжаттар; №8-II, 72-құжат; №12, 87-құжат; №23, 118-құжат; №24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., №9, 21-құжат; №14, 50, 51-құжаттар; №22-III, 109-құжат; №23-III, 111-құжат; №23-V, 113-құжат; №24, 115-құжат; 2018 ж., №10, 32-құжат; 2018 жылғы 22 мау­сымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 

1) мазмұнындағы 124-1-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«124-1-бап. Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын бекіту»;

2) 116-баптың 3-тармағының 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«10) Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауар­лық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаң­дарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын бекітуге;»;

3) 124-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«124-1-бап. Қазақстан Республикасының ішкі нары­ғында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті баға­ларын және Қазақстан Республикасының ішкі нары­ғына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын бекіту

Мемлекет Қазақстан Республикасының газ және газбен жаб­дықтау туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республика­сының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын бекітеді.».

3. «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы           9 қаң­тар­дағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Респуб­ликасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., №2, 8-құжат; №11, 80-құжат; №14, 92-құжат; №15, 97-құжат; 2013 ж., №15, 82-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №7, 37-құжат; №10, 52-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №20-IV, 113-құжат; 2016 ж., №8-II, 72-құжат; №24, 124-құжат; 2017 ж., №22-III, 109-құжат; 2018 ж., №10, 32-құжат):

1) 1-бапта:

3) тармақша алып тасталсын;

13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«13) газ желісі ұйымы – газ толтыру станциясын пайдалануды, сондай-ақ осы Заңда белгіленген шарттарда сұйытылған мұнай газын өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға;»;

мынадай мазмұндағы 40-1) және 43) тармақшалармен толықтырылсын:

«40-1) уәкілетті органның ақпараттық жүйесі – жер қой­науын пайдалану саласындағы ақпаратты жинауға, сақтауға, талдауға және өңдеуге арналған «Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі» интеграцияланған ақпараттық жүйесі;»;

«43) электрондық сауда алаңы – Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңбе­рінде сұйытылған мұнай газы сауда-саттығын жүргізуге арнал­ған және мәмілелер жасасу, сондай-ақ ақпарат жинау, сақтау, өңдеу және ашу процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін есептеу құралдары, бағдарламалық қамтылым, дерекқор, теле­коммуникациялық құралдар және басқа да жабдықтар кешені.»;

2) 5-баптың 14) тармақшасы алып тасталсын;

3) 6-бапта: 

7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«7) Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын, сондай-ақ оларды айқындау қағидаларын бекітеді;»;

13) тармақшадағы «сақтау» деген сөз «сақтау, тиеп-жөнелту» деген сөздермен ауыстырылсын;

18) тармақшадағы «жасау тәртібін» деген сөздер «қалыптас­тыру қағидаларын» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 18-1), 18-2), 18-3), 18-4) және 18-5) тармақшалармен толықтырылсын:

«18-1) электрондық сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газы сауда-саттығын ұйымдастыру мен жүргізу қағида­ларын әзірлейді және бекітеді;

18-2) Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйы­тылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастырады;

18-3) Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйы­тылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру жөніндегі комиссия туралы ережені әзірлейді және бекітеді; 

18-4) тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нор­ма­ларын есептеу мен бекіту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

18-5) сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді;»;

20) және 21) тармақшалар алып тасталсын;

4) 7-бапта:

4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаң­да­рынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті баға­ларын келіседі;»;

5-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2) және 1-3) тармақ­ша­лармен толықтырылсын:

«1-1) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде өткізілетін сұйытылған мұнай газы айналымына бақылауды жүзеге асырады;

1-2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астана­ның аумағына сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастырады және уәкілетті органға жібереді; 

1-3) сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссияны құрады;»;

5) 10-баптың 4-тармағындағы «және сұйытылған мұнай газын өнеркәсіптік тұтынушылардың» деген сөздер «, сұ­йытылған мұнай газын өнеркәсіптік тұтынушылардың, газ толтыру пункт­тері және автогаз құю станциялары иелерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;

6) 17-баптың 4-тармағының 5) тармақшасындағы «иелерінің өткізуіне жол беріледі.» деген сөздер «иелерінің;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

«6) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерге өткізілген жағдайда – Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарынан тыс заңды негіздерде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында аталған тұлғалардан тікелей сатып алынған сұйытылған мұнай газы меншік иелерінің өткізуіне жол беріледі.»;

7) 18-бап алып тасталсын;

8) 20-бапта:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын: 

«20-бап. Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізу бағаларын және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаң­дарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының бағаларын мемлекеттік реттеу»; 

1, 5, 6, 8 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: 

«1. Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізу бағаларын және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары (бұдан әрі – өнім беру жоспары) шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының бағаларын мемлекеттік реттеу жүзеге асырылады.»; 

«5. Өнім беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағасы тоқсан сайын белгіленеді және Қазақстан Республика­сының бүкіл аумағында қолданылады.

6. Уәкілетті орган табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша жоспарланып отырған кезең басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде өнім беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының алдағы тоқсанға арналған шекті бағаларын бекітеді.»;

«8. Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізуді немесе облыстардың, республи­калық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында өнім беру жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газын электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар белгіленген шекті бағаларды асырып жібермеуге міндетті.»;

«10. Өнім беру жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газын электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізудің осы бапқа сәйкес белгіленген шекті бағасы газ желісі ұйымдарының өнім беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс сатып алынған сұйытылған мұнай газын кейіннен өткізуі жөніндегі қатынастарға қолданылмайды.»; 

9) 21-бапта:

тақырыптағы «сақтау және өткізу» деген сөздер «сақтау, тиеп-жөнелту және өткізу» деген сөздермен ауыстырылсын;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Уәкілетті орган:

1) тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндіру көлемдерінің мониторингін;

2) тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды тасымалдау (тасу) және сақтау көлемдерінің мониторингін;

3) тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өткізу, оның ішінде Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерге әкету және Қазақстан Республика­сының аумағына әкелу көлемдерінің мониторингін;

4) Қазақстан Республикасында өткізілетін тауарлық, сұйытылған мұнай газының және сұйытылған табиғи газдың көтерме және бөлшек сауда бағаларының мониторингін; 

5) сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды Қазақстан Республикасының өңірлеріне және межелі елдер бо­йынша Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерге тиеп-жөнелту көлемдерінің мониторингін; 

6) Қазақстан Республикасының тауарлық газға және сұйы­тылған мұнай газына деген ішкі қажеттіліктерінің мониторингін қамтитын тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау, тиеп-жөнелту және өткізу мониторингін жүзеге асырады.»;

5-тармақтың 1) тармақшасындағы «, сұйытылған мұнай газын» деген сөздер алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 5-1 және 5-2-тармақтармен толықты­рылсын:

«5-1. Сұйытылған мұнай газын өндірушілер уәкілетті органға:

1) меншікті сұйытылған мұнай газын өндіру көлемдері туралы мәліметтерді;

2) меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде басқа тұлғаларға тиесілі көмірсутек шикізатынан сұйытылған мұнай газын өндіру көлемдері туралы мәліметтерді;

3) өнім беру жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газын тиеп-жөнелту және (немесе) өткізу жөніндегі мәліметтерді;

4) өнім беру жоспарынан тыс сұйытылған мұнай газын тиеп-жөнелту және (немесе) өткізу жөніндегі мәліметтерді есепті айдан кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей ай сайын ұсынады.

5-2. Өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутек шикізатын қайта өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иелері уәкілетті органға өнім беру жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газын тиеп-жөнелту және (немесе) өткізу жөніндегі мәліметтерді есепті айдан кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей ай сайын ұсынады.»;

7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) мыналарды:

облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында сұйытылған мұнай газын өткізу және тұтыну жөніндегі мәліметтерді;

облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында сұйытылған мұнай газының көтерме және бөлшек  сауда бағалары жөніндегі мәліметтерді есепті айдан кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей ай сайын;»;

9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Осы баптың 2 – 5, 5-1, 5-2 және 6 – 8-тармақтарында көзделген мәліметтер уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы ұсынылады.

10. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган уәкілетті органға:

1) тауарлық газды құбыржол көлігімен Қазақстан Республи­касы аумағының шегінен тыс жерлерге және Қазақстан Респуб­лика­сының аумағына тасымалдау туралы;

2) сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды теміржол, автомобиль, құбыржол, теңіз және ішкі су көлігімен Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерге әкету және Қазақстан Республикасының аумағына әкелу туралы мәліметтерді есепті айдан кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей ай сайын ұсынады.»;

10) 26-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) өнім беру жоспарынан тыс заңды негіздерде осы тармақтың 

1) және 2) тармақшаларында аталған тұлғалардан тікелей сатып алынған сұйытылған мұнай газының меншік иелері жүзеге асыруға құқылы.»;

11) 27-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«27-бап. Сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізу

1. Сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізуді:

1) сұйытылған мұнай газын өндірушілер;

2) өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутек шикізатын қайта өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иелері;

3) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде өндірілген және тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген сұйытылған мұнай газының меншік иелері;

4) сұйытылған мұнай газы газ толтыру пункттерінің және (немесе) автогаз құю станцияларының иелеріне өткізілген жағдайда – газ желісі ұйымдары;

5) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жер­лер­ге өткізілген жағдайда – өнім беру жоспарынан тыс заңды негіздерде осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тар­мақ­шаларында аталған тұлғалардан тікелей сатып алынған сұйытылған мұнай газының меншік иелері жүзеге асыруға құқылы.

Өзге тұлғалар сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізуді жүзеге асыруға құқылы емес.

2. Газ желісі ұйымдарының газ толтыру пункттері және (немесе) автогаз құю станциялары иелеріне көтерме саудада өткізу жағдайларын қоспағанда, осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғалардан сұйытылған мұнай газын сатып алған тұлғаға оны көтерме саудада өткізуді жүзеге асыруға тыйым салынады.

3. Сұйытылған мұнай газын Қазақстан Республикасы аума­ғының шегінен тыс жерлерге өткізу құқығына тек қана:

1) сұйытылған мұнай газын өндірушілер;

2) өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіз­дерде тиесілі көмірсутек шикізатын қайта өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иелері;

3) өнім беру жоспарынан тыс заңды негіздерде осы тармақ­тың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында аталған тұлға­лардан сатып алынған сұйытылған мұнай газының меншік иелері ие болады.

Өзге тұлғалар сұйытылған мұнай газын Қазақстан Республи­касы аумағының шегінен тыс жерлерге өткізуді жүзеге асыруға құқылы емес.

4. Газ желiсi ұйымдарының арасында сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткiзуге тыйым салынады.

5. Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру мақсатында осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғалар жасайтын, сұйытылған мұнай газын электрондық сауда алаңынан тыс сатып алу-сату мәмілелерінің барлығы жасалған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде міндетті тіркеуге жатады.»;

12) мынадай мазмұндағы 27-1-баппен толықтырылсын:

«27-1-бап. Өнім беру жоспары шеңберінде Қазақстан Рес­публикасының ішкі нарығында сұйытылған мұнай газын өткізу

1. Қазақстан Республикасы ішкі нарығының сұйытылған мұнай газына деген қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында уәкілетті орган ай сайын өнім беру жоспарын қалыптастырады.

2. Өнім беру жоспары жоспарланып отырған айдың алдындағы ай басталғанға дейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары уәкілетті органға жіберетін жиынтық өтінімдер негізінде қалыптастырылады. 

3. Сұйытылған мұнай газын электрондық сауда алаңдарынан тыс беру бөлігіндегі жиынтық өтінім осы баптың 11-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақшаларында аталған тұлға­лардың жоспарланып отырған айдың алдындағы ай басталғанға дейін күнтізбелік отыз бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органына жіберілетін өтінімдері негізінде қалыптастырылады.

Сұйытылған мұнай газын электрондық сауда алаңдарынан тыс беру бөлігіндегі жиынтық өтінім осы баптың 11-тармағы бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында аталған тұлға­лардың жоспарланып отырған айдың алдындағы ай басталғанға дейін күнтізбелік отыз бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органына жіберілетін өтінімдері негізінде қалыптастырылады.

4. Сұйытылған мұнай газын электрондық сауда алаңдары арқылы беру бөлігіндегі жиынтық өтінім сұйытылған мұнай газы сауда-саттығына қатысушылардың жоспарланып отырған айдың алдындағы ай басталғанға дейін күнтізбелік отыз бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органына жіберілетін өтінімдері негізінде қалыптастырылады. 

5. Электрондық сауда алаңдары арқылы беру үшін мәлімделген сұйытылған мұнай газы үлесінің жиынтық өтінімде белгіленуге тиіс мөлшерін уәкілетті орган жоспарланып отырған айдың алдындағы ай басталғанға дейін күнтізбелік қырық күннен кешіктірілмейтін мерзімде өзінің ресми интернет-ресурсында орналастырады.

6. Сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссияларды облыстардың, респуб­ли­калық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқа­рушы органдары тиісті жергілікті атқарушы органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері арасынан құрады.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ұйғаруы бойынша комиссиялар құрамына басқа адамдар да кіруі мүмкін. 

7. Жиынтық өтінім Қазақстан Республикасының ішкі нары­ғына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларына сәйкес дайындалады және оны сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссияның шешімі негізінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органы бекітеді.

8. Өнім беру жоспары уәкілетті орган осындай органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері арасынан құратын өнім беру жоспарын қалыптастыру жөніндегі комиссияның шешімі негізінде қалыптастырылады. 

Уәкілетті органның ұйғаруы бойынша комиссия құрамына басқа адамдар да кіруі мүмкін.

9. Өнім беру жоспарын қалыптастыру жөніндегі комис­сияның шешімі жоспарланып отырған айдың алдындағы ай басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде шығарылады.

Сұйытылған мұнай газын өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау, тиеп-жөнелту және өткізу мониторингінің деректері негізінде комиссия жиынтық өтінімді өзгерту туралы уәжді шешім қабыл­дауға және осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде бұл жөнінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органын хабардар етуге құқылы.

Бұл жағдайда жиынтық өтінімді сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі тиісті комиссия күнтізбелік бес күн ішінде түзетеді және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы уәкілетті органға жібереді.

Егер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы түзетілген жиынтық өтінімді осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген мерзім­де уәкілетті органға жібермесе, онда өнім беру жоспарын қалыптастыру жөніндегі комиссияның шешімімен осындай жиынтық өтінімде көрсетілген барлық алушылар үшін сұйытылған мұнай газын беру көлемдерін пропорционалды түрде өзгерту жүргізіледі.

10. Уәкілетті орган өнім беру жоспарын өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутек шикізатын қайта өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газын өндірушілерге, оның меншік иелеріне жоспарланып отырған айдың алдындағы ай басталғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде жібереді.

11. Өнім беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газын сатып алу құқығына:

1) газ желісі ұйымдары; 

2) топтық резервуарлық қондырғылар арқылы тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға кейіннен өткізуге жататын көлемдерде – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес топтық резервуарлық қондырғылар арқылы сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің бағаларын мемлекеттік реттеу белгіленген газ желісі ұйымдары;

3) сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар ие болады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында аталған өнеркәсіптік тұтынушылардың тізбесін Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларына сәйкес уәкілетті орган бекітеді.

12. Электрондық сауда алаңдарында сұйытылған мұнай газы сауда-саттығына қатысу құқығына ие субъектілер санаттары, сұйытылған мұнай газы сауда-саттығының ұйымдас­тырушылары мен қатысушыларына қойылатын талаптар, сондай-ақ сауда-саттыққа қатысушылар ай сайын электрондық сауда алаңында сатып алуға құқылы болатын сұйытылған мұнай газы партияларының ең төмен және ең жоғары мөлшерлері электрондық сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газы сауда-саттығын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында белгіленеді.

13. Сұйытылған мұнай газын одан әрі өткізу мақсаттары үшін өнім беру жоспары шеңберінде оны сатып алуды жүзеге асырған тұлғалар сатып алынған сұйытылған мұнай газын осы Заңның талаптарына сәйкес тек қана Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізуге міндетті. 

14. Өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутек шикізатын қайта өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газын өндірушілер, оның меншік иелері өнім беру жоспарын орындауға міндетті.»;

13) 29-баптың 1-тармағындағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыс­тырылсын.

4. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2014 ж., №9, 51-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №2, 3-құжат; №8, 45-құжат; №9, 46-құжат; №11, 57-құжат; №16, 79-құжат; №19-II, 103-құжат; №20-IV, 113-құжат; №21-I, 128-құжат; №21-III, 135-құжат; №22-II, 144, 145-құжаттар; №22-V, 156, 158-құжаттар; №22-VI, 159-құжат; №23-I, 169-құжат; 2016 ж., №1, 2, 4-құжаттар; №6, 45-құжат; №7-I, 50-құжат; №7-II, 53-құжат; №8-I, 62-құжат; №8-II, 68-құжат; №12, 87-құжат; 2017 ж., №1-2, 3-құжат; №4, 7-құжат; №9, 21, 22-құжаттар; №11, 29-құжат; №12, 34-құжат; №23-III, 111-құжат; №23-V, 113-құжат; №4, 115-құжат; 2018 ж., №10, 32-құжат):

2-қосымшаның 33-жолы алып тасталсын.

2-бап. 

1. Осы Заң:

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағы 9) тармақшасының жиырма төртінші абзацын, 11) тармақшасының он жетінші абзацын және 12) тармақшасының жетінші, сегізінші және жиырма төртінші абзацтарын;

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының үшінші, төртінші және бесінші абзацтарын, 3), 4) және 5) тармақшаларын, 3-тармағы 1) тармақшасының екінші, үшінші және төртінші абзацтарын, 3) тармақшасының он екінші абзацын, 7) тармақшасын, 12) тармақшасының алтыншы және жиырма бірінші абзацтарын және 4-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

2. Осы Заңның 1-бабы 3-тармағы 11) тармақшасының оныншы және он алтыншы абзацтары, 12) тармақшасының бесінші және жиырмасыншы абзацтары 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.

Қазақстан Республикасының Президенті

Н. НАЗАРБАЕВ 

Астана, Ақорда, 2018 жылғы 4 шілде

№173-VI ҚРЗ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

15.10.2018

Брексит: келісімге қол жетпеді

15.10.2018

Геннадий Шиповских: Мұғалім мәртебесін асқақтату еліміз үшін аса маңызды (ВИДЕО)

15.10.2018

Сенаторлар Атырау қалалық Бизнес және құқық колледжінде кездесу өткізді

15.10.2018

Станимир Стоилов: Әлеуетін толық көрсете алмай жүрген футболшылар бар

15.10.2018

Павлодарда құрылысы ұзаққа созылған 25 нысан анықталды

15.10.2018

Елбасы жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды

15.10.2018

Қыздар университеті «Туған жерге тағзым» жобасын жүзеге асыруға кірісті

15.10.2018

«Ұстаз мәртебесі туралы» заңды әзірлеуге салалық кәсіподақ белсенді түрде атсалысады

15.10.2018

Өзбекстанда импорт өсіп, экспорт көрсеткіші төмендеді

15.10.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Арыстанбек Мұхамедиұлын қабылдады

15.10.2018

Мұратхан Шүкеев Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

15.10.2018

Теннисшілердің әлемдік рейтингі жаңартылды

15.10.2018

Ұшқындағы үшем

15.10.2018

Армения әскері Таулы Қарабаққа қатысты атысты тоқтату режимін бұзды

15.10.2018

Жан тебіренісінен туған картиналар

15.10.2018

Ел анасы жайлы еңбек

15.10.2018

Боксшы Сабыржан Бекбергенов Минскіде топ жарды

15.10.2018

«Жебе тартқан сөз бен жыр қосынынан...»

15.10.2018

Мегаполис медицинасын алға жетелейтін орталық

15.10.2018

Өмір сыйлар Azurion

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Jer emgender oza ma, toza ma?

Jalpy, bizdiń halyqtyń arman-maqsatynyń bir ushyǵy qashan da jermen baılanysty sıaqty. Jerdi keńeıtý, jerdi qorǵaý, jerdi óńdeý, jerdi qurmetteý... Mentalıtetimiz jerge jaqyn. Bul basqa halyqtarda olaı emes degen sózimiz emes, biraq bizdiń halyq úshin tym erekshe sıaqty. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdik vırýsy

О́tken ǵasyrdyń 80-jyldary rejısser R.Bykovtyń «Chýchelo» atty fılmi Odaq kólemindegi búkil eldi shýlatqan bolatyn. Kishkentaı ǵana 6 oqıtyn balalardyń boıynan sonshalyqty qatygezdikti kórgen qazaq qaýymy, bálesinen aýlaq, qalada ósken ózge ulttyń qatybastary ábden buzylyp ba­rady eken, bizdiń balalarymyzdan, keleshegimizden aýlaq dep shoshyǵan. Ol kezde mundaı zulymdyq qazaq balasynda kezdespeıtin jat qylyq sanalatyn. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

О́mir kúzetindegi meıirim

Otbasylyq jáne jeke basynyń jaǵdaıyna baılanysty Germanıadaǵy oqýynan eriksiz qol úzip, týǵan jerge oralǵan Ǵabıt Nurhanuly esimdi azamattyń feısbýktegi jazbasy kóńilge túrli oı saldy. Elimizdegi densaýlyq saqtaý salasyndaǵy kóptegen túıtkildi synaǵan avtor nemis halqynan kóp nárseni úırenýimiz kerek deıdi.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Týrızmdi damytý qonaqjaılyqtan bastalady

Tetigin tapqan elder týrızm salasyn sarqylmaıtyn tabys kózine aınaldyryp alǵan. Qyzyǵa qarap otyrsaq, bul saladan qyrýar qarajat túsetinin aıtpaǵanda, kóptegen jumys orny ashylyp,  eldiń tórtkúl álemge jaqsy aty shyǵyp jatady eken.  Al kez kelgen qonaqtyń kóńilin tabýǵa eń birinshi ashyq-jarqyn qabaǵyń, odan keıin dámdi tamaǵyń kerek ekeni álmısaqtan belgili aksıoma emes pe.  

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу