«Полицияның мәліметінше, қылмыстық істе қылмыс құрамы болмағандықтан іс жабылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Айта кетейік, өткен жылдың 27 желтоқсанында Латвия астанасы Ригада Қазақстан Президенті Әкімшілігінің экс-жетекшісі Аслан Мусиннің ұлы - Асылбек Мусиннің қайтыс болғаны хабарланған болатын. Оқиға 22-нен 23 желтоқсанға қараған түні болған. Іс 22 желтоқсан сағат 23:42-де полицияда тіркелді. Полицейлердің ақпараты бойынша, марқұм 15-қабаттан құлаған. Асылбек Мусин Қазақстан елшілігінің консулдық тіркеуінде болмаған. Кей мәліметтер бойынша, оның елде тұруына ықтияр хаты болған.