Депутаттар – ел ішінде

Егемен Қазақстан
12.07.2018 3683

Мәжіліс депутаттары Абзал Ералиев, Бақытбек Смағұл, Генадий Шиповскихтің Сыр өңіріне сапары Жаңақорған ауданынан басталды. Олар аудандағы СКЗ-U күкірт қышқылы зауытының жұмысымен танысып, жұмысшы ұжыммен кездесті.

«СКЗ-U» зауыты – күкірт қыш­қылын дайындайтын Сыр бо­йындағы ауқымды өндіріс орын­дарының бірі. Шетелдік озық әрі тиімді, қоршаған орта үшін қауіпсіз технологияларды қол­данатын зауыт мемлекеттің үде­мелі – индустриялды иннова­циялық даму бағдарламасы аясын­да 2007 жылы құрылысы баста­лып, 2011 жылы пайдалануға бе­ріл­ген. Мұнда тәулігіне 1500, жы­лына 500 000 тонна күкірт қыш­қылы өндіріледі. Бүгінде зауыт­та 277 адам жұмыс істейді. Оның 65 пайызы – жергілікті тұр­ғын­дар.

 – Мемлекет басшысы Үкімет­ке энергия үнемдеу саласында ішкі жалпы өнімді үнемдеуді 2020 жылға қарай 25 пайызға төмендету бойынша міндет жүк­теген болатын. Бұл бағытта біздің кә­сіпорынның қосып отырған үле­сі қомақты. Яғни зауыт қыш­қыл­ды өндіру барысында шығатын будан сағатына 18 мВт электр энергиясын өндіріп отыр, – деді зауыт басшысының орынбасары Сәулебек Дүйсенбеков.

Мәжілісмендер, сондай-ақ тұр­ғындардың өтініштерін тың­дап, Парламентте атқарылған жұ­мыс­тарды, сонымен бірге Елбасы Жол­дауы мен «Пре­зи­денттің бес әлеуметтік баста­масынан» туындайтын міндет­тердің жүзеге асырылуына ке­ңінен тоқталды. 

***

Аймақтарға сапар аясында бір топ Мәжіліс депутаты Ба­­тыс Қазақстан облысына кел­ді. Ев­гений Козлов, Глеб Щегельс­кий, Сергей Симонов және Снежанна Има­шева мамандандырылған ха­лық­қа қызмет көрсету орталы­ғының жұмысымен танысты.

Биыл 31 мамырда ашылған бұл ХҚО күніне шамамен 500-600 тұрғынға қызмет көр­сетіп, айына 8 мыңға жуық өті­нішті қабылдайды. Бұл ретте Мәжіліс депутаты Снежанна Има­шева орталықтың жұмысы­на жоғары бағасын берді. Оның айтуынша, бұл сапарлар Пар­ламенттің кезекті сессиясы­ның қорытындысы бойынша Пар­ламент жұмысы және Мемлекет басшысының бастамаларының қалай жүзеге асырылып жатқанын түсіндіру мақсатында өткізілуде. «Осы мақ­сатта біз облыстағы маман­дан­дырылған халыққа қызмет көрсету орталығын араладық. Орталықтың жұмысы көңілімізден шықты. Әсіресе элек­тронды қызмет барлық жерде көрсетіліп стандарттарға сай жұмыс істеуде», деді ол.

Кездесу барысында депу­тат­тар Парламенттің заң шы­ға­­ру­шылық жұмысымен және Мем­лекет басшысының әлеу­меттік бастамаларының жүзеге асырылу барысы туралы айтып берді.

***

Мәжіліс депутаттары Павел Казанцев, Бақытжан Ертаев және Жанат Омарбекова Астана қаласындағы «Еврокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС-не барып, жұмыс барысымен танысты.

Астанадағы ең ірі кәсіпорын саналатын «Еврокоптер Қазақ­стан инжиниринг» тікұшақ құрас­тырумен айналысады. Кәсіп­орынның жұмыс барысымен та­нысқан депутат П.Казанцев зауыттың өзге елдердің нарығына жол табуда ілгері дамып келе жат­қан кәсіпорындардың бірі еке­нін айта келіп, кәсіпорын құрастыратын тікұшақтарға деген сұра­ныс көршілес қырғыз елінен көп түсетініне тоқталды.

Сонымен қатар зауыт шең­­берінде Орталық Азия мен елі­міз­дің аймақ­тарына қажетті маман­дарды даярлайтын авиация­лық білім беру орталығы жұмыс істейді. Бұл әлем бойын­ша В1 техникалық дәріс пен ЕС145 тік­ұшағын басқаратын ұшқыш­тарды даярлайтын жалғыз орталық болып саналады. Қазіргі таңда орталықта 8 адам білім алуда.

Зауыт орналасқан аймақта сервис орталығы да бар. Бұл жер­де кәсіби маман иелері жаңа тік­ұшақтардың ұшуға дайын­дығын тексеріп, жөндеу жұмыс­тарын жүргізеді. Өз кезегінде «Ев­рокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС коммерциялық директоры Тимур Тилинин орталықта ұшқыштар даярлаумен ғана айналыспайтынын, мұнда мамандыққа қажетті техника қызметкерлері мен авиониктерді оқытатынын жеткізді.

***

Парламент Сенатының депутаттары Серік Жақсыбеков пен Еділ Мамытбеков жұмыс бабындағы сапар аясында «Астана – жаңа қала» еркін экономикалық аймағындағы №1 индустриялық парктің нысандарын аралады.

Сенаторлар сапар барысында қағаз өнімдерін өндіретін «Ipek Kagit Asia» кәсіпорнында, «Тау-Кен Алтын» аффинаж зауытында, «GLB» үй құрылысы комбинаты мекемелерінде болды. Кездесу қорытындысы бойынша еркін экономикалық аймақтың одан әрі дамуына кедергі келтіретін заң шығару сипатындағы бірқатар өзекті мәселелер айқындалды.

Парламентшілер Сенаттың бұдан кейінгі жұмыстары барысында мүдделі тараптармен бірлесе отырып өзекті мә­се­лелерді шешу және инвес­торлардың ұсыныстарын жүзеге асыру жөніндегі іс-қимылды жал­ғастыруға ниеттеніп отыр.

***

Қарағанды облысына сапарлап келген Мәжіліс депутаттары Гүлнар Бижанова мен Серік Сәпиев өңір халқымен кездесті.

Депутаттар Бұқар жырау ау­данындағы Қушоқы ауылына барып, «Ботақара Жылу» кәсіп­орнының еңбек ұжымымен кез­десті. Мұнда 120-ға жуық адам жұмыс істейді. Кәсіпорын сумен, жылумен жабдықтау және су­ды бұру желілері жұмысын жүзеге асырады. Орталық жылыту жүйесіне аудан орталығындағы 316 үй, оның ішінде 16 көпқабатты тұрғын үй, 5 бюджеттік ұйым мен жекеменшік кәсіпорындар да қосылған. Кездесудің бас­ты та­қы­рыбы Мемлекет басшы­сының бес әлеуметтік бастамасы туралы болды.

Кездесуде бұдан өзге тұр­ғын­дар көкейінде жүрген өзекті мәселелер көтерілді. Тұрғындар Мәжіліс депутаттарына Қушоқы ауылына газ құбырын тарту, «7 – 20 – 25» бағдарламасы бойынша тұрғын үй алудың тетіктері және басқа да маңызды сұрақтарын қойды. Сондай-ақ 60 жылдардың басында салынған жергілікті су желілерін қалпына келтіру мен жедел жәрдем бөлімшесінің жа­былуы сияқты проблемаларын назарға алуды сұрады.  Өз кезе­гінде  Мәжіліс депутаттары бұл мәселелерді дербес бақы­лау­ларына алды.

***

Мәжіліс депутаты Наталья Жұмаділдаева аймақтарға жұмыс сапарын Шымкенттегі облыстық Ассамблея жанындағы құрылымдардың жетекшілерімен, этномәдени бірлестіктердің төрағаларымен және өңір тұрғындарымен кездесуден бастады.

Кездесуде депутат Елба­сы­­ның Қазақстан халқына ар­наған биылғы Жолдауында ай­тыл­ған басымдықтардың іске асы­рылу барысымен танысып, «Пре­зиденттің бес әлеуметтік бас­­тамасы» шеңберінде атқа­ры­лып жатқан жұмыстарды талқы­лады.

Сондай-ақ Н.Жұмаділдаева Шымкент қаласындағы С.Ерубаев атындағы №24 мектеп-лицейінің және қалалық оқушылар са­райының жұмысымен танысып, ұстаздармен кездесті. Ұстаз­дармен әңгіме барысында еліміз­дегі білім беру саласындағы реформалар мен мұғалімдерді әлеуметтік қорғау мәселелеріне назар аударылды.

Мәжіліс депутаты бұдан әрі Түркістан облысындағы Сайрам, Төлеби, Ордабасы, Мақтаарал, Сарыағаш аудандарындағы бір­қатар әлеуметтік және өндіріс­тік нысандарды аралап, еңбек ұжым­дарымен, жергілікті тұрғын­дармен кездесулер мен жеке қа­былдаулар өткізбек.

Дайындаған Венера ТҮГЕЛБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.08.2018

Джакартада Жазғы Азия ойындарының ашылу салтанаты өтті

18.08.2018

БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Кофи Аннан қайтыс болды

18.08.2018

Мемлекеттік хатшының қатысуымен Бұқар жыраудың 350 жылдық мерейтойы өтті

18.08.2018

Пара алған әкімдердің қылмысы әшкере болды

18.08.2018

Елордада «Ұлы дала рухы» республикалық фестивалінің солтүстік аймақтық іріктеу жарыстары өтіп жатыр

18.08.2018

Астанада түркі тіл білімінің өзекті мәселелері талқылануда

18.08.2018

Бүгін ауыл жасөспірімдерінің республикалық II жазғы спорт ойындары басталады

18.08.2018

Допинг дауынан кейін «Канело» ресми түрде қайта рингке оралды

18.08.2018

Ыбырай Алтынсариннің отбасы қолданған жәдігерлер жұрт назарына ұсынылды (ВИДЕО)

18.08.2018

Астанада мемлекеттік қызметкерлер арасында спорттық сайыс өтіп жатыр

18.08.2018

Қаламгер Сұлтан Қалиұлы дүниеден озды

18.08.2018

Бүгін Азия ойындарының салтанатты ашылуы өтеді

18.08.2018

Мыңнан аса астаналық веложарысқа қатысуда

18.08.2018

ҚМДБ еліміз қалалары бойынша айт намазының уақытын жариялады

18.08.2018

Демалыс күндері елімізде ауа райы құбылмалы болады

17.08.2018

Қазақстан Президенті «Журавлевка 1» ауыл шаруашылығы кешенін аралап көрді

17.08.2018

Роман Григорчук «Астана» клубының бас бапкерлігінен уақытша кетті

17.08.2018

Қазақстандық велотрекші әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

17.08.2018

Тау туризмін дамыту қажет

17.08.2018

Еңбек ері – ұрпаққа үлгі

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Тілтолғақ пен тілтұтқа

Әлеуметтік желіден «Астана қаласы­ның қаракөз балдырғандары қазақша сөй­лемейтіні несі?» деген сыңайдағы сұрау­лы сөйлем, қобалжулы пікірді көзіміз шалып ойланып қалдық, қапаландық. 

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Ертеңгі ұрпақтың да еншісі бар

Қойнауы құт қазақ жері тәуел­сіз­дігі­міздің ширек ғасырдан асқан шежіресінде ел экономикасын тұралап қалу қасіретінен сақтап келеді. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Мәдениетке мән берсек...

Үйіміздің жанындағы азық-түлік сататын дүңгіршекке соңғы кезде сатушы құтаймай-ақ қойды, жиі-жиі ауысады. Бұрын тіпті мұнда сатушы қыздардың Павлодардан қатынап істейтінін естіп-біліп жүретінбіз. «Екі апта Астанада сауда жасасақ, екі апта бала-шағамыздың қасында болғанға мәзбіз. Ауылдан қалаға қатынап істеудің азабы мен машақаты мұндайды бастан өткізген адамға ғана мәлім. 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Аграрлық саладағы болашақ мамандықтар

Сарапшылардың болжамдарына қарағанда, әлемдік аграрлық салада 15-20 жылдың ішінде революциялық өз­герістер жүзеге асырылады. Жаңа тех­нологиялардың шапшаң қарқынмен дамуы, ғарыш кеңістігін игеруге көптеген елдердің құлшыныс танытуы, гендік инженерия ықпалының күшеюі, азық-түлікке сұраныстың артуы, бос жатқан жерлердің азаюы секілді факторлар әлем бойынша жаңа технологиялармен қаруланған жаңа тұрпатты ауыл ша­руашылығын қалыптастырады. Сөйтіп ауыл шаруашылығы өзгерістерге барынша баяу бейімделетін ең консервативті сала деген бұрынғы түсініктің көбесі сөгіледі.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу