Қазақстан • 19 Шілде, 2018

«Егемен Қазақстан» газетінде кадрлық өзгерістер болды

556 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін «Егемен Қазақстан» газетінде бірқатар кадрлық өзгерістер болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Егемен Қазақстан» газетінде кадрлық өзгерістер болды

Суретті түсірген Ерлан ОМАР

Осыған дейін ел газетінде Әлеумет және білім бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып келген Думан Анаш бас редактордың орынбасары болып тағайындалса, аталған бөлімнің басшысы Мирас Асан болды.

Думан Нұрланұлы Анаш 1984 жылы 26 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. 2001 жылы Қарабұлақ орта мектебін, 2005 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. «Спорт», «Алматы ақшамы» және Шығыс Қазақстан облыстық «Дидар» газеттерінде тілші, бөлім редакторы, ақпараттық топ жетекшісі болып еңбек еткен. «Егемен Қазақстан» газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі қызметін атқарған.

Мирас Асан 1987 жылы 13 мамырда Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Бақты ауылында дүниеге келген. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі. Педагогика ғылымдарының магистрі. 2010 жылғы ХІІІ Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты. «Соңғы раушан», «Бекзат» жыр жинақтарының авторы. Республикалық «Қасым» әдеби-қоғамдық журналдың Бас редакторының орынбасары, Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде бөлім меңгерушісі, сондай-ақ, «Егемен Қазақстан» газетінің Қарағанды облысындағы меншікті тілшісі болып қызмет атқарған.

Әріптестерімізді жаңа қызметімен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!