Қазақстан • 20 Шілде, 2018

Қағазбастылықтан құтылады

396 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде денсаулыққа қатысты барлық ақпарат бір базада жинақталып, электронды нұсқада сақталмақ. Бұл қағазбастылықтан құтылуға септігін тигізіп, емделуші мен емдеушінің уақытын үнемдейді. Бұл туралы кеше Денсаулық саласындағы ақпараттық жүйе Интероперабельді платформа ұлттық жобасының таныстырылымында айтылды. 

Қағазбастылықтан құтылады

Шараға Премьер-Министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев пен Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, вице-минис­тр Олжас Әбішев және жобаны жүзеге асырып жатқан хорва­тиялық компания өкілдері қатыс­ты. Бұл – денсаулық сақтау саласын цифрландыру мақсатында қолға алынған ауқымды жобаның бірі. Басты мақсат – амбулаторлық ем-шаралардың қағаз карточ­касын толық электронды нұсқаға көшіру. Мұнда барлық статистикалық мәліметтер автоматты түрде жүйеленеді. Дәрігер ал­дына барғанда тек қана төл­құ­жат көрсету жеткілікті, дейді мамандар.

Өз кезегінде Премьер-Ми­нис­трдің орынбасары А.Жұмағалиев Денсаулық сақтау министрінің жұмысына жоғары баға берді. «Жер­гілікті деңгейде компьютерлер сатып алынып, ақпараттық жүйе­лер дамытылуда. Сондықтан атал­ған жүйелердің дұрыс жұ­мыс істеуін қамтамасыз ету маңыз­ды. Мұны жылдың аяғына дейін аяқтау керек. Жүйені іске қос­қаннан кейін дәрігерлер мен пациенттерді оқыту керек. Со­ны­мен қатар электронды паспортты толығымын толтыру қажет», деді А.Жұмағалиев.

Динара БІТІК,

«Егемен Қазақстан»