Сенаторлар Ақмола облысында «7-20-25» бағдарламасын іске асыру барысымен танысты

Парламент Сенатының депутаттары Дәурен Әділбеков пен Рашит Әкімов Ақмола облысына жұмыс бабындағы сапары аясында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасының орындалу барысымен танысты. Парламентшілер бастаманың әр тармағы бойынша өзекті мәселелерді, пікірлер мен ұсыныстардың топтамасын жинақтауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.

Егемен Қазақстан
24.07.2018 7714
2

Облыстық мәслихаттың отырысында аймақта жүргізілген жұмыстардың аралық нәтижелері сарапқа салынды, жиналысқа облыстық басқармалар басшылары, екінші деңгейдегі банктердің өкілдері қатысты. Облыс әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысов республикалық бюджеттен 2019-2021 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысына бөлінетін қаржы есебінен «7-20-15» бағдарламасы бойынша инженерлік коммуникация құрылысына жоспар жасалғаны туралы қатысушыларды хабардар етті.

Елбасының басқа бастамалары бойынша да белсенді жұмыстар жүзеге асуда. Есептеулер бойынша, облыстағы еңбекақысы төмен 22 мың жұмысшыға еңбекақысын көтеру үшін салық азайтылатын болады. Студенттерге арналған жатақханалар салу тетіктері әзірленуде. Қазіргі уақытта облыста 2 870 студентті орналастыру үшін 11 жатақхана салу қажет. Көкшетау қаласының әкімдігі 4,5 гектардан астам ыңғайлы жер телімін белгіледі. Шағын және орта бизнеске шағын несие беруді ұлғайтуға қаржы бөлу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, газбен қамтамасыз етудің жол картасы әзірленді. Аршалы ауданында 40 мыңнан астам адам тұрғыны бар  17 елді мекен, Целиноград ауданында 90 мыңнан астам тұрғыны бар 7 елді мекен газбен қамтамасыз етілетін болады.

Сенаторлар бес әлеуметтік бастаманы іске асыруға қатысты жиынға қатысушыларға бірқатар сұрақтар қойды. Атап айтқанда, Д. Әділбеков пен Р.Әкімов «7-20-25» бағдарламасы бойынша несие беру басталғаны және оның шарттары тұрғындардың толық хабардар етілгені туралы сұрады. Депутаттардың айтуынша, кездесулер барысында «7-20-25» бағдарламасы бойынша несие беру кезінде жас ерекшеліктерінің ескерілуіне, бағдарламаның ауылдық жерлерде үй сатып алу мүмкіндігіне, алғашқы жарнаның тұрғын үй бағасының 20 пайыздан асуына қатысты сауалдар жиі қойылды.

Кездесу барысында «7-20-25» бағдарламасы бойынша облыста тек бір ғана банктің екі несие бергені айтылды. Енді бөлімшелер ауқымы кең ірі банктердің қосылуы арқылы несиелендіру аясын ұлғайту қажеттігі белгілі болып отыр. Бағдарламаға екінші деңгейлі жеті банк қатысуы тиіс.

Бағдарламалық құжаттың басқа тармақтары да жан-жақты қаралды. Облыстық мәслихат депутаттары мен мемлекеттік органдардың басшыларына бес әлеуметтік бастаманы нақты жағдайға мейлінше бейімдеуге көмектесетін нақты ұсыныстар айтылды.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

15.10.2018

Брексит: келісімге қол жетпеді

15.10.2018

Геннадий Шиповских: Мұғалім мәртебесін асқақтату еліміз үшін аса маңызды (ВИДЕО)

15.10.2018

Сенаторлар Атырау қалалық Бизнес және құқық колледжінде кездесу өткізді

15.10.2018

Станимир Стоилов: Әлеуетін толық көрсете алмай жүрген футболшылар бар

15.10.2018

Павлодарда құрылысы ұзаққа созылған 25 нысан анықталды

15.10.2018

Елбасы жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды

15.10.2018

Қыздар университеті «Туған жерге тағзым» жобасын жүзеге асыруға кірісті

15.10.2018

«Ұстаз мәртебесі туралы» заңды әзірлеуге салалық кәсіподақ белсенді түрде атсалысады

15.10.2018

Өзбекстанда импорт өсіп, экспорт көрсеткіші төмендеді

15.10.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Арыстанбек Мұхамедиұлын қабылдады

15.10.2018

Мұратхан Шүкеев Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

15.10.2018

Теннисшілердің әлемдік рейтингі жаңартылды

15.10.2018

Ұшқындағы үшем

15.10.2018

Армения әскері Таулы Қарабаққа қатысты атысты тоқтату режимін бұзды

15.10.2018

Жан тебіренісінен туған картиналар

15.10.2018

Ел анасы жайлы еңбек

15.10.2018

Боксшы Сабыржан Бекбергенов Минскіде топ жарды

15.10.2018

«Жебе тартқан сөз бен жыр қосынынан...»

15.10.2018

Мегаполис медицинасын алға жетелейтін орталық

15.10.2018

Өмір сыйлар Azurion

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Jer emgender oza ma, toza ma?

Jalpy, bizdiń halyqtyń arman-maqsatynyń bir ushyǵy qashan da jermen baılanysty sıaqty. Jerdi keńeıtý, jerdi qorǵaý, jerdi óńdeý, jerdi qurmetteý... Mentalıtetimiz jerge jaqyn. Bul basqa halyqtarda olaı emes degen sózimiz emes, biraq bizdiń halyq úshin tym erekshe sıaqty. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdik vırýsy

О́tken ǵasyrdyń 80-jyldary rejısser R.Bykovtyń «Chýchelo» atty fılmi Odaq kólemindegi búkil eldi shýlatqan bolatyn. Kishkentaı ǵana 6 oqıtyn balalardyń boıynan sonshalyqty qatygezdikti kórgen qazaq qaýymy, bálesinen aýlaq, qalada ósken ózge ulttyń qatybastary ábden buzylyp ba­rady eken, bizdiń balalarymyzdan, keleshegimizden aýlaq dep shoshyǵan. Ol kezde mundaı zulymdyq qazaq balasynda kezdespeıtin jat qylyq sanalatyn. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

О́mir kúzetindegi meıirim

Otbasylyq jáne jeke basynyń jaǵdaıyna baılanysty Germanıadaǵy oqýynan eriksiz qol úzip, týǵan jerge oralǵan Ǵabıt Nurhanuly esimdi azamattyń feısbýktegi jazbasy kóńilge túrli oı saldy. Elimizdegi densaýlyq saqtaý salasyndaǵy kóptegen túıtkildi synaǵan avtor nemis halqynan kóp nárseni úırenýimiz kerek deıdi.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Týrızmdi damytý qonaqjaılyqtan bastalady

Tetigin tapqan elder týrızm salasyn sarqylmaıtyn tabys kózine aınaldyryp alǵan. Qyzyǵa qarap otyrsaq, bul saladan qyrýar qarajat túsetinin aıtpaǵanda, kóptegen jumys orny ashylyp,  eldiń tórtkúl álemge jaqsy aty shyǵyp jatady eken.  Al kez kelgen qonaqtyń kóńilin tabýǵa eń birinshi ashyq-jarqyn qabaǵyń, odan keıin dámdi tamaǵyń kerek ekeni álmısaqtan belgili aksıoma emes pe.  

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу