Әлем • 27 Шілде, 2018

Грекияда орман өрті салдарынан 77 адам қаза тапты

416 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Грекияда орман өрті салдарынан 77 адам қаза тапты. 200-ге жуық адам жарақат алған. Олардың 23-і – балалар. Қазіргі кезде жоғалғандарды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты елде үш күндік қаралы күн жарияланды.

Грекияда орман өрті салдарынан 77 адам қаза тапты

Қаза тапқандардың көбі Афины­­дан 40 шақырым қашық­тық­­тағы Мати ауылын тастап кете а­лма­ған. Ресми дерекке сүйенсек, қайтыс болғандардың басым бөлігі түтінге тұншыққан екен. Грекия үкіметі алапат орман өртінен зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 20 млн еуро бөлді. Тілсіз жау әлі сөндірілген жоқ. Құтқару жұмыстарына 100-ден ас­там өрт сөндіруші тартылған. Қа­зіргі таңда қайықтар мен тік­ұшақ­тар арқылы отқа оранған аймақтардың тұрғындары қауіпсіз жер­ге көшіріліп жатыр.

Тіпті Афины қаласына таяу маңды мекен еткен тұрғындар да үйін тастап кет­кен. Тілсіз жау елдің оңтүстік-баты­сы­нан басталған. BBC арнасының мә­ліметіне сүйенсек, мұндай ірі кө­ле­мдегі өрт кейінгі он жылда болмаған. Соңғы рет 2007 жылы Пелопоннес түбегінде болған тілсіз жаудан ондаған адам қаза тапқан еді. Өрттің бой бермей кетуіне ұйыт­қып соққан жел де әсер еткен. Кей жерлерде оның жылдамдығы са­ғатына 120 километрге дейін жеткен екен. Нәтижесінде ауа температурасы 37 градусқа дейін көтеріліп, ылғалдылық азайып кеткен.

The Guardian басылымы 1500-ден астам тұрғын үй зардап шек­ке­нін хабарлады. Сондай-ақ 80-ге жу­ық автокөлік өртеніп, күлі ғана қал­ған.

Грекияның премьер-министрі Алексис Тсипрас өрт болған Аттика аймағында төтенше жағ­дай жария­ланғанын мәлімдеді. «Грекия ауыр қазаға ұшырады. Біз қайғыға қарсы тұра білуіміз қажет», деді ол.

Еуропалық одақ келісіміне сәйкес, ел билігі өрт салдарымен кү­ресу үшін ұйымға мүше мем­ле­кеттерден көмек сұраған. Со­ған сәй­кес, Кипрден 60 өрт сөнді­ру­ші­ден құралған арнайы команда жіберілсе, Испания суға қона алатын екі ұшағын ұсынған. Түркия мен Израиль секілді мемлекеттер де көмек қолын созды.

Еуропалық кеңестің төрағасы Дональд Туск қиын сәтте одаққа мүше мемлекеттердің жұдырықтай жұ­мылатынын жеткізді. «Еуропа осы бір қиын-қыстау кезеңде Гре­кия­дағы достарының қасынан табы­лады. ЕО елдерінің көмектері Грекияға бет алды», деді ол.

Афины өңіріндегі өрт дүйсен­біде басталды. Бірнеше жерден тұтан­ған тілсіз жау тез арада айна­ласының бә­рін жалмаған. Бүгінге дейін ла­пыл­даған өрттің бірнеше ошағы сөн­дірілді. Алайда тілсіз жаудың он шақты ошағы әлі ауыздықталған жоқ.

Жалпы, биылғы жаз Еуропа ел­деріне оңайға соқпай тұр. Бұған дейін Швецияның «Артикалық өңір» деп аталатын орманды айма­ғын жалын жалмаған еді. Тосын апат тұрғындар мекендейтін жерден алыстау аймақта болған­дықт­ан, қа­за тапқандар кездескен жоқ. Алай­да қауіпсіздік үшін төрт ауыл­дың тұрғындары алыс аймақ­қа кө­ші­рілген.

Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»