Медицина • 27 Шілде, 2018

Жұмысшылар мүддесі қоғамдық бақылау арқылы қадағаланады

573 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Ел экономикасының бәсекеге қабілетті болуы жұмыс күші­нің әлеуетімен тығыз байланыс­ты екендігін еліміздегі кәсіп­одақ­тар қызметіне жүктелген жаңа мін­деттердің барысынан айқын аңға­рамыз. Мем­лекет бас­шы­сы­ның биылғы  Жолдау­ын­да кәсіподақтар қызметіне үлкен мән берілген болатын. Осы орайда кәсіподақтар қызметін жан­дандырудың заманға сай жүйе­сін құруды, әлеуетін толық пай­далануды басшылыққа ала отырып, Қазақстанның Кәсіп­одақтар федерациясы тарапынан «Жол картасы» әзірленді.

Жұмысшылар мүддесі қоғамдық бақылау арқылы қадағаланады

Бүгінде федерацияның 2 миллионнан астам мүшесі бар. Ағым­дағы жылдың шілде айында Алматы қаласында алқалы жиында Кәсіп­одақ­тар федерациясының төрағасы Ба­қытжан Әбдірайым кәсіподақтар қызметінің мәні әлеуметтік әділет­ті­лікті дамытумен байланысты еке­н­дігін атап өткен болатын. Яғни фе­дерацияның міндеті – кәсіп­одақ­­тар­дың бірлігін нығайтумен қа­тар ұйым­дық құры­лым­дардың қыз­метін же­тілдіру болмақ. Кәсіп­одақ­тар әлеу­­меттік және еңбек қа­ты­нас­та­­ры мәселелерін шешуге, кәсіп­орын­­­дар­да қолайлы жағдайлар мен тұрақ­ты­­лықтың қамтамасыз етілуін жіті бақы­лау­да ұстауға тиіс.

Осы бағытта «Алматы қаласы Кә­сіп­­одақтар орталығы» аумақтық кә­сіп­­одақтар бірлестігінде «Алматы қала­сы­ның кәсіподақтарын жаңғыр­тудың жол картасы» бойынша саладағы мәселелерді шешуге, әлеуметтік се­рік­тестікті дамыту және нығайтуға бай­ланысты кешенді жұмыс жолға қойылған. Бірлестіктің құрамына 687 кәсіподақ ұйымы кіреді. Алматыдағы кәсіподақ мүшелерінің саны – 183 мың. 

Ағымдағы жылы Алматы қала­сының әкімдігі, «Алматы кәсіп­одақ­тар одағы» аумақтық кәсіподақтар бір­­лес­тігі, «Алматы қаласы Кә­сіп-
­одақтар ор­талығы» АКБ, Алма­ты қаласы Кәсіп­керлер палата­сы арасында 2018-2020 жылдарға ар­нал­­ған өңірлік келі­сім жасалған бо­латын. Бұл құжатқа сәй­кес, жалдамалы жұмысшыларды еңбек­пен қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік қамсыздандырудың дер кезінде орындалуы қадағаланады.  Яғни жұмысшылар еңбекақысын, зей­нетақы және әлеуметтік аударымдар­ды уақытында алып отыруы тиіс.

«Алматы қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бір­лес­тігінің төрайымы Зәуреш Өмір­баева қауіпсіз еңбек жағдай­ларының кү­шейтілуіне байланысты соңғы жыл­дарда өндірісте жарақат алу жағ­дай­ларының азайғандығын айтады. Бұл көрсеткіш биыл еліміз бойынша 1500-ді құраған. Қазіргі кезде еңбек қауіпсіздігін ары қарай жетілдіруге бай­ланысты қоғамдық бақылау жүйе­сі арқылы өнеркәсіптік және еңбек қау­іпсіздігі кеңестері құрылған. Яғни кеңес құрамына кәсіподақ және жұ­мыс берушінің өкілдері кіреді. Бұл әлемдік тәжірибеде қалыптасқан үдеріс. Еліміздің қолданыстағы еңбек туралы заңнамасында бекітілген өндіріс кеңесінің шешімдері жұмыс беруші үшін міндетті болып табылады. Әрі оған жұмыс беруші жауапты. Кә­сіп­одақтар әрбір жұмыс орны­ның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақ­сатында өндірістік қорлар мен тех­но­логиялық жабдықтарды жаңар­ту­д­ы қадағалап отырады. Осы бағыт­та  әлеуметтік серіктестік аясында «Қа-
у­і­псіз жұмыс» бағдарламасы әзір­лен­ді. Бағ­дарлама өндірістік жарақат алу­дың, оқыс оқиғалардың алдын алу си­яқты қауіпсіздік  шараларын жақ­сар­туға бағытталған.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамы­ту­дың 2017-2021 жылдарға арнал­ған бағдарламасы аясында жұ­мыс­сыз­дарды және өзін-өзі жұмыс­пен қам­тыған адамдарға жәр­демдесу нег­і­зін­де еңбек нарығында сұранысқа ие кәс­іптерге баулу мақ­сатында қысқа мер­зімді кәсіптік оқыту жүйесі де жолға қойылған.

Ағымдағы жылы Астана қаласында Жоғарғы сот пен Кәсіподақтар федера­ция­сы арасында өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойылды. Онда та­раптар келісу үрдістері, татуласу орталығында қызмет көрсететін ма­ман­дарды оқыту және қызмет сапасын жақсарту арқылы дауларды реттеу туралы заңнаманы дамыту және өзара байланыс жасау мә­се­лелері бойынша әріптестікке қол жет­кізді. Осыған орай  Кәсіподақтар феде­рациясының аумақтық кәсіп­одақ­тар бірлес­тік­терінің базасында Татуласу орталық­тарын ашу қа­рас­тырылуда. Ал Алма­тыда ашыл­ған Та­туласу орталығы сотқа шағым­дар­дың санын азайтуға мүм­кіндік бе­реді. Бітімгерлік рәсімдер­дің рөлін кү­шейту азаматтарға дауларды сотқа жет­кізбей шешуде үлкен көмек көр­сетеді. Сонымен қатар 2018-2019 жыл­дар аралығында Еңбек және ха­лық­ты әлеуметтік қорғау минис­тр­­лігі, Кәсіподақтар федерациясы, «Ата­мекен» Ұлттық кәсіпкерлер па­ла­­тасы тарапынан «Ұжымдық шарт жа­са­ң­ыздар!» республикалық акция­сы ұйым­дастырылып отыр. Жастар сая­са­тын іске асыруда әрі оқитын жас­тар­дың әлеуметтік және еңбек құ­қық­­тары мен мүдделерін қорғауда «Ата­­мекен» кәсіпкерлер палатасы және Алматы қаласының жұмыспен қам­ту орталығымен бірлесіп бос орын­дар жәрмеңкесін, семинарлар, дөңге­лек үстелдер тұрақты өткізіліп келеді.

Жұмысшылар мүддесін қорғауда халық­аралық байланыстар да жол­ға қойылған. Ағымдағы жылы Түр­кия­ның, ҚХР Хайнань провинциясы кә­сіп­одақ орталықтарының делегацияларымен өткен кездесулер барысында демалыс беруге, демалыс бөлімдерін бөлуге, қызметкерлерді қысқартуға, бала күтіміне арналған демалысқа, жала­қыны ұлғайту мүм­кін­дігіне қатысты шетел тәжіри­белері талқыланды.

«Алматы қаласы Кәсіподақтар ор­талығы» аумақтық кәсіподақтар бір­лестігі жұмысшылар мүддесін қор­ғауды жетілдіруге байланысты Ал­ма­ты қаласы Мемлекеттік еңбек инспек­циясы және көші-қон басқармасы, Қоғамдық кеңес, Жастар ұйымы, Іскер әйелдер қауымдастығы, «Жас Отан» жастар қанаты, бастауыш кәсіподақтар ұйымдарымен тығыз байланыста жұмыс істеп келеді.

Эльвира Серікқызы,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар