Футбол • 27 Шілде, 2018

Салах Чешенстанның құрметті азаматы атанды

427 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлем чемпионатына қатысқан Мысыр құрамасын Чешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыров жеке-дара қабылдап, Грозный қаласында орналасқан "Ахмат-Арена" стадионында олардың оқу-жаттығу әзірлігін қамдап, чемпионатқа дайындығын жетілдіруіне толық жағдай жасаған-тын. 

Салах Чешенстанның құрметті азаматы атанды

Бірақ Салах бастатқан мысырлық футболшылар өз тобынан озбады. Десе де мұсылман баласының абыройын асқақтатып жүрген Мұхамед Салахқа Рамзан Ахматович "Чешенстан Республикасының Құрметті азаматы" деген атақ берді.  

Кешкі қонақасы үстінде Р.Қадыров жоғарыдағы марапатты атақты аяқдопшыға тапсыра отырып, сіз мұндай атаққа толық лайықтысыз және болашақ ұрпақ үшін үлгі болатындай керемет спортшы, адал азаматсыз, біздің грозныйлықтар өзіңізді көріп, жүздесу бақытына ие болды, осы үшін үлкен рахмет айтамын, депті.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»