Әлем • 28 Шілде, 2018

Қазақстандық каноэшы Әнуар Акчурин күміс медаль алды

362 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық каноэшы Әнуар Акчуринюниорлар арасында (18 жас және одан да төмен) каноэ мен байдарка есуден өтіп жатқан Әлем Чемпионатында күміс медаль иеленді.

Қазақстандық каноэшы Әнуар Акчурин күміс медаль алды

Қазақстандық спортшы 200 метрлік қашықтықты 40:093 көрсеткішімен еңсерді, қола белорустық спортшы Виталий Азетскидің еншісінде (40:190), алтын медальді ресейлік спортшы Никита Некрасов иеленді (39:767).

Айта кетейік, юниорлар (18 жас және одан да төмен) мен жасөспірімдер арасындағы ( 23 және одан жас) арасындағы каноэ мен байдарка есуден Әлем Чемпионаты Болгарияның Пловдив қаласында 26 шілдеден бері жүріп жатыр. Финал ертең 29 шілдеде өтеді. Кеше қазақстандық Алтынбек Қожахметов 1000 метрлік қашықтықта күміс медальді иеленген болатын. Сонымен қатар, юниор қыздар арасында каноэшы Гүлжайна Тыныбекова 500 метрлік қашықтықта бесінші орыннан көрінді.

Жарысқа әлемнің 67 мемлекетінен спортшылар қатысып жатыр. Қазақстанды 17 спортшы бастап барды. Олардың 12-сі кіші және бесеуі ересек топта өнер көрсетеді.