Келесі кезеңге өтуге мүмкіндік бар

Өткен апта футболдан УЕФА Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңі аясындағы алғашқы ойындар өтті. Алдағы сәрсенбі және бейсенбі күндері қарымта матчтар ойналады. Ел чемпионы «Астана» сырт алаңда Данияның «Мидтьюлланд» командасымен күш сынасса, Алматының «Қайраты» Нидерландының азулы клубы «АЗ» (Алкмаар) клубымен, Қостанайдың «Тобылы» Арменияның «Пюник» ұжымымен кездеседі. 

Егемен Қазақстан
30.07.2018 3351
2

Қатарынан алтыншы жыл Еурокубок бәсекелеріне қатысып жатқан елорданың «Астана» командасы  Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында өз алаңында Данияның «Мидтьюлланд» командасын қабылдап, 2:1 есебімен басым түсті. Кездесу қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи Олимпиадасының жүлдегері Денис Теннің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты 1 минуттық еске алумен басталды. Жазғы трансфер кезеңінде құрамын бірнеше футболшылармен күшейткен «Астана» бұл матчқа тас-түйін дайын еді. Тіпті ойынның алғашқы минутынан бастап алаңға Әзербайжанның «Карабах» командасынан ауысып келген бразилиялық футболшы Педро Энрикені шығарды. Бұл Педроның «Астана» сапындағы алғашқы ойыны болғанымен, жанкүйерлерге жақсы ойын өрнегімен көзге түсті.

«Астана Арена» стадионында өткен екі команда арасындағы алғашқы ойын Ласло Кляйнхайслердің бенефисіне айналды десек артық айтқандық емес. Өйткені бүкіл ойынды ұйымдастырған дәл осы Ласло еді. Былайша айтқанда, жасыл алаңдағы барлық «қара жұмысты» тап осы венгриялық жартылай қорғаушы атқарды. Сөйтіп жүріп қарсылас қақпасына екі бірдей тамаша гол соғып, командасына маңызды жеңіс сыйлады. Бірінші таймның 31 және 94-минутында Кляйнхайслердің екі голына қонақтардан Густав Викхейм ойынның 51-минутында бір голмен жауап қатты. Қорытынды есеп – 2:1. Бұл нәтиже сырт алаңдағы қарымта кездесу алдында «Астана» үшін өте қауіпті есеп.  Өйткені қонақтардың сырт алаңда соққан бір голы екі гол соққанмен пара-пар. Енді «Астана» қарымта матчта қорғанысқа мән беріп, гол өткізбеудің амалын жасау керек. Сондай-ақ тең есеп те «Астана» үшін қанағаттанарлық нәтиже. Екі команда арасындағы қарымта кездесу 1 тамыз күні Данияның Хернинг қаласында өтеді.

Еуропа лигасында бақ сынап жатқан Алматының «Қайрат» командасы «Орталық» стадионда «АЗ» (Алкмаар) командасымен кездесіп, Нидерланды клубы Қазақстаннан екінші рет елдеріне жеңіліспен қайтты. Бұлай айтуымыздың себебі, «АЗ» командасы бұған дейін біздің клубтармен бірнеше рет шеберлік байқасқан. Нақтырақ айтар болсақ, 2010 жылғы Еуропа лигасында «Ақтөбе» командасымен ойнап, 2:1 есебімен жеңіліп қалған. Сол ойында Мұрат Тілешов екі гол соққан еді. Араға 4 жыл салып «АЗ» футболшылары Қарағандының «Шахтеріне» тап келіп, 1:1 есебімен тең тарқасуға мәжбүр болған. Бұл кездесуде Андрей Финонченко мергендігімен көзге түскен болатын. Енді, міне, Қазақстанға келген үшінші сапарында да жеңіс былай тұрсын, қақпамызға гол соға алмай кетті.

Кездесудің 12-минутында жазғы трансферде «Ақжайықтан» «Қайратқа» ауысқан жартылай қорғаушы Адеринсола Эсеола мергендігімен көзге түсіп, командасын есепте алға шығарды. Бірінші таймда есеп өзгеріссіз қалды. Матчтың екінші бөлігін «Қайрат» белсенді бастады. Ойынның 50-минутында Адеринсола Эсеола есепті еселеп, өзінің матчтағы екінші голын салды. Ойынның қалған бөлігінде «Қайрат» қорғанысқа көбірек көңіл бөліп, есепті ұстап тұруға тырыс­ты. «АЗ» командасы есепті қысқартуға қанша тырысқанымен, «Қайрат» командасына гол соғу бұйырмады. Екі команда арасындағы қарымта кездесу 2 тамыз күні Нидерландыда өтеді.

«Қайрат» бүгінге дейін Еурокубок ойындарында 29 ойын өткізіп, біршама тәжірибе жинақтады. 15 кездесуде жеңіске жетсе, 5 матчта тең түсіп, 9 ойында жеңілген. Дегенмен, 2002 жылдан бері Еуродода ойындарында сынға түскенімен, әлі бірде-бір рет топтық кезеңге шыға алмай жүр. Бұған дейін Алматының командасы 2015-2016 жылдары Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде Францияның «Бордо» командасынан жеңіліп, топтық кезеңнен қағылған еді. Әзірше бұл «Қайраттың» Еурокубогтағы ең үздік нәтижесі. Биыл олқылықтың орнын толтыруға толық мүмкіндіктері бар.

Еуропа лигасы да ойда-жоқта топ ете қалған Қостанайдың «Тобыл» командасы да тәп-тәуір, жинақы ойын көрсетіп жүр. Негізі бұл сында әу баста былтыр ел чемпионатында үшінші орын алған шымкенттің «Ордабасы» командасы қатысуы керек болған. Алайда Қазақстан футбол федерациясының мәліметі бо­йынша, «Ордабасы» УЕФА турнирлеріне қатысу үшін қаржылық фэйр-плей ережесін сақтамаған. Сөйтіп жолдама «Ордабасыдан» кейінгі орынды иеленген «Тобыл» командасына бұйырды.

Владимир Никитенко да жазғы трансфер маусымында  командасын біршама күшейтті. «Пюникке» қарсы өткен кездесуде Никитенко аргентиналық легионер Хуан Лескано мен ресейлік Марат Быстровты бірінші минуттан алаңға шығарды. Екі ойыншы да өздерінің шеберліктерін көрсетіп, командасының жеңісіне маңызды көмектерін тигізді. Сонымен қатар «Тобыл» сапында «Қайраттан» ауысып келген тәжірибелі футболшылар Аслан Дарабаев пен Бауыржан Тұрысбек бар. Одан бөлек командада Оңтүстік Африка Республикасынан келген Фернандер Кассай, литвалық Артурас Жулпа сияқты мықты легионерлер бар.

Қостанайда өткен алғашқы кездесуде үш гол соғылғанымен, командалар алғашқы таймда бір-бірінің қақпа кілтін таба алмады. Ал екінші таймның 49-минутында Максим Федин есепті ашса, матч аяқталуына 10 минут қалғанда команда капитаны Азат Нұрғалиев есепті 2:0-ге жеткізді. Дегенмен, «Тобыл» клубы матч соңына дейін есептегі басымдықты сақтап қала алмады. 90-минутта Армения құрамасының шабуылшысы Руслан Корян есепті қысқартып, қарымта ойын алдында командасына үміт отын сыйлады. Енді екі ұжым 2 тамыз күні Арменияда кездеседі.

Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.01.2019

Қ. Бозымбаев «Сарыарқа» магистральді газ құбырын салу жобасын іске асыру барысы туралы баяндады

22.01.2019

Шағын несие алушылар қосымша 12,6 мыңнан астам жұмыс орнын ашты

22.01.2019

Дәстүрлі өнер академиясы ашылады

22.01.2019

«Тал бесіктен жер бесікке дейін...»

22.01.2019

Жаңақорғандық кәсіпкер жүгеріден сусын шығаруды қолға алды

22.01.2019

Елбасының гранттар бөлу туралы тапсырмасы толық көлемде орындалды — ҚР БҒМ

22.01.2019

Мемлекеттік көмектің нәтижесін көріп отыр

22.01.2019

Қандастарды қабылдайтын байланыс орталығы ашылады

22.01.2019

Алматыда үстел теннисінен «ТОП-12» турнирі аяқталды

22.01.2019

Жүргізушісіз көліктерге жасалған шабуыл

22.01.2019

Қыраулы қаңтар (фотоэтюд)

22.01.2019

Облыс дәрігерлерінің біліктілігі нығайып келеді

22.01.2019

Сенат комитетінде «Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды

22.01.2019

Астананы газдандыру үш кезеңмен жүргізіледі – Бақыт Сұлтанов

22.01.2019

Азат Перуашев көше, мекеме атауларына Алаш қайраткерлерінің есімдерін беруді ұсынды

22.01.2019

«Бес әлеуметтік бастама»: салық жүктемесін төмендету 2 млн азаматқа қосымша кіріс алуға жол ашады

22.01.2019

Сегіз спортшымыз Парижде күш сынасады

22.01.2019

Руслан Дәленов: Шағын несие көлемі ұлғаяды

22.01.2019

2018 жылы Қытайдағы бала туу көрсеткіші күрт төмендеді

22.01.2019

Солтүстік Қазақстан бишілері халықаралық байқауда бас жүлдені олжалады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Jaýapkershilik joq jerde...

Sońǵy jyldary elimizde bosaný úshin aýrýhanaǵa kelgen analardyń qaitys bolý jaǵdaıy jıilep barady. О́tken jazda medısınasy jetilgen qalalar sanatyndaǵy Astananyń ózinde tórt birdeı qaıǵyly oqıǵanyń oryn alýy osy sózimizge dálel. Al Qazaqstan boıynsha 2018 jyldyń segiz aıynda ǵana ana óliminiń 40 faktisi tirkelgen eken. Onyń sebebi nede? Bul jóninde oılanyp, belgili bir sharalar qabyldap jatqan adam bar ma? Shynyn aıtsaq, bul jaǵy óte kúmándi. Eger adamdar jumysta jibergen kemshiligi úshin jazalanbaıtyn bolsa, ondaı jaǵdaıdyń qaıtalana bermesine kim kepil?

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sóz salmaǵy

Baıaǵynyń bıleri taý qulatyp, jer terbetpese de, eldi ıitip, teli-tentekti tıyp, kem basqandy ilgeri ozdyryp, asqynǵandy tejep, órshigendi órelep, ata ǵuryppen, ana úlgisimen bárin jónge saldy. Ul men qyzdyń eteginen tartpaı, aýzynan qaqpaı, qyrandaı túletip otyrǵan. Sodan da shyǵar, «Aýzym jetkenshe sóıleımin, qolym jetkenshe sermeımin, aıaǵym jetkenshe júremin» dep 14 jasynda aýzynan ot shashyp: «El ebelek emes, er kebenek emes, dat!» dep dara tanylǵan Qazybek bıdiń Qońtajynyń tilin baılap, qatty sastyrǵany. Jeteli sózge jetesiz ǵana des bermeıdi.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу