Білім • 30 Шілде, 2018

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің қорытындысы жарияланды

477 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде 2018 жылғы 30 шілдедегі жағдайға сәйкес «Қаржы орталығы» АҚ-ның Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесін ілгері жылжыту бойынша жұмыстарының қорытындысына арналған баспасөз конференциясы  өтті.  

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің қорытындысы жарияланды

Іс-шараға «Қаржы орталығы» АҚ-ның президенті Ыбрайымов Асқар, Білім беру қызметтеріне ақы төлеу жүйесін дамыту департаменті директорының орынбасары Ыбраев Тілеш, департамент менеджері  Сатыбалдин Алпамыс қатысты.

Асқар Ыбрайымовтың айтуынша, 2013 жылы Мемлекет басшысының бастамасы бойынша халыққа ЖОО-лар мен колледждерде білім алуда қаржылық қолдау көрсету үшін қаражат жинақтаудың жаңа жүйесін (депозиттер) енгізуді көздейтін «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» ҚР Заңы қабылданды. 

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (бұдан әрі – МБЖЖ) депозиттерінің басты артықшылығы салымдарға 12% дейін банктік сыйақыдан бөлек мемлекеттен сыйлықақы төленеді. Мемлекет сыйлықақысының мөлшері – жылдық 5%, басымдықты санаттағылар үшін - 7%.  

«Бүгінгі таңда МБЖС шеңберінде 16 802 561 331 теңге сомасына 19 166 білім беру жинақтау салымы тіркелді. Ағымдағы жылдың ақпан айында 14 739 салымшы бойынша 757 409 000 теңге мемлекет сыйлықақысы төленді. Осы уақытқа дейін салымдар бойынша есептелген мемлекет сыйлықақысының жалпы сомасы 1 644 761 000 теңгені құрады. Қазіргі уақытта МБЖЖ бойынша білім алатын студенттердің мониторингін жүргізу үшін Қазақстан Республикасының ЖОО-ларымен 105 және колледждерімен 525 МБЖЖ саласында келісім жасалды. Бүгінгі күнде 403 студент МБЖЖ шеңберінде білім алып жүр», дейді Асқар Ыбрайымов.  

Соңғы жаңалықтар