Білім • 31 Шілде, 2018

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі түсіндірілді

807 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне арналған баспасөз мәслихаты өтті. Шараға «Қаржы орталығы» АҚ президенті Асқар Ыбрайымов, Білім беру қызметтеріне ақы төлеу жүйесін дамыту департаменті директорының орынбасары Тілеш Ыбраев, департамент менеджері Алпамыс Сатыбалдин қатысты.

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі түсіндірілді

Асқар Ыбрайымовтың айтуынша, 2013 жылы Мемлекет басшысының бастамасы бойынша халыққа жоғары оқу орындары мен колледждерде білім алуда қаржылық қолдау көрсету үшін қаражат жинақтаудың жаңа жүйесін енгізуді көздейтін «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» заң қабылданған.

«Мемлекеттік білім беру жи­нақ­тау жүйесі депозиттерінің бас­ты артықшылығы салымдарға 12 про­центке дейін банктің жылдық сыйа­қысынан бөлек, мемлекеттен сый­лықақы төленеді. Мемлекет сый­лықақысының мөлшері қарапайым, қатардағы отбасылар үшін жылдық 5 процент, әлеуметтік қорғалмаған отбасылар үшін 7 процентті құ­райды. Бүгінде 403 студент МБЖЖ шеңберінде білім алып жүр», деді Асқар Ыбрайымов.

Департамент менеджері Алпамыс Сатыбалдин бұл жүйе халық арасында «білім депозиті» деген атпен танымал екенін тілге тиек етті.

«Бұл бағдарламаға сәйкес кез-келген Қазақстан азаматы өзіне немесе өзінің баласына білім депозитін ашып, банктен алатын сыйақының үстіне қосымша үкіметтен сыйақы ала алады. Жинақталған қаржыны Қазақстанда болсын, шетелде болсын жоғары оқу орнында білім алуы­на қолдануға болады. Жалпы, бұл бағдарлама екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырылады. «Халық банкі», «Нұр Банк», «Цеснабанк», «ВТБ» банктері осы бағдарламаның қатысушылары. Айта кететін тағы бір жайт, жақын Азия елдері ішінде Қазақстан аталған жүйені алғашқы болып қолға алып отыр. Ал бұл бағдарлама дүние жүзі бойынша 9 мемлекетте іске асырылып келеді. Көбінесе оларда «жеке шоттар» деген атпен белгілі. 9 мемлекеттің ішінде Бельгия, Канада және тағы бас­қа елдер бар. Алғашқы салынатын жар­на үш айлық есептік көрсеткішті құ­райды. 2018 жылы бұл 7215 тең­геге тең. Яғни білім депозитін ашу үшін шотыңызға 7215 теңге сала­сыз. Жалпы осы бағдарлама іске қо­сылғалы бері 403 студент Мемле­кет­тік білім беру жинақтау жүйесі шең­­берінде білім алып жатыр. Біз жыл сайын бұл көрсеткіштің көте­рі­ліп келе жатқанын байқаймыз», деді ол.

 

Рауан ҚАЙДАР,

«Егемен Қазақстан»