Сибю қаласына жақын маңда белгісіз қарулы адамдар тобы шабуыл жасап, ресейлік 3 журналисті атып өлтірген.
«Орталық Африка Республикасынан түсіп жатқан ақпарат бойынша, 30 шілдеде Сибю қаласына жақын маңда (ОАР астанасынан солтүстікке қарай 300 км - Банги қ.) Кирилл Радченко, Александр Расторгуев және Орхан Джемаль есімдеріне берілген тек журналистік құжаттары ғана бар үш адам қаза тапты», - делінген министрлік хабарламасында.
Қазіргі уақытта Ресей дипломатиялық миссия қызметкерлері жергілікті құқық қорғау органдары мен үкіметтік құрылымдармен тығыз байланыс жасап, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.