Футбол • 01 Тамыз, 2018

Алматыда футзалшылар Денис Тенді еске алды

288 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы аула командалары арасындағы футбол лигасының ойындары биыл Денис Тенді еске алумен басталды. 

Алматыда футзалшылар Денис Тенді еске алды

Бұл 19-26 тамыз аралығында өтетін футзалдан әлем чемпионатына дайындықтың басы болып табылады. Айта кету керек, аталмыш турнирде 1200-ге жуық ұлдар мен қыздар қатысып, жалпы саны 140-тан астам команда өнер көрсетті.

Ұлттық құрама ойыншылары аула лига­сының алдыңғы турнирінде жеңіс­ке жеткен «Олимп» командасымен жо­лықты. Тартысты турнирді аула ли­га­сының қатысушылары тамашалап, көп­шілігі «Олимпқа» жанкүйерлік танытты. Алайда, тәжірибелі футзалшылар оларды 4:1 есебімен ұтты.

– Турнир өте қызықты өтті. Барлығы да жақсы ойнайды екен. Біз де балалық шағымызды еске алдық. Өзіміз де осындай жарыстардан, ауладан футбол бастаған едік. Енді кейінгілерге келіп, қолдау көрсеттік. Алдағы әлем чемпионатына қызу дайындалудамыз. Жақында Қырғызстанда жиын өткіздік. Бір сөзбен айтқанда, жеңістен үмітіміз зор, – дейді ұлттық құрама ойыншысы Ақжол Дәрібай.

Ойын нәтижесінде 8-14 жас аралы­ғын­дағы қатысушылардан «Арыстан», «Баженова» мен «Метеор» командалары жүлдегер атанса, ересектер арасында 15+ «Карибиан», АЗТМ және «Тарғап» ұжымдары жеңіске жетті.

Айта кету керек, футзалдан студенттер арасындағы әлем чемпионаты тамыздың 19-26-сы күндері Almaty Arena және Halyk Arena мұз сарайларында өтетін бо­лады. Оған 9 әйелдер, 16 ерлер ұлттық құ­ра­малары қатысады деп күтілуде. Қазақ­станның ерлер ұлттық құрамасы бір топта Чехия, Беларусь, Жаңа Зеландияға қар­сы өнер көрсетсе, әйелдер команда­сы Португалия, Франция және Жаңа Зеландиямен ойнамақ.

Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»