Қазақстан • 02 Тамыз, 2018

Түрікменстанда Қазақстан сауда үйі ашылады

590 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ашхабадта өткен сауда-экономикалық миссия барысында Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Өнеркәсіп иелері және кәсіпкерлер одағы арасында Түрікменстанда Қазақстанның сауда үйін ашу туралы келісім жасалды. 

Түрікменстанда Қазақстан сауда үйі ашылады

Сондай-ақ тараптар екі елдің кәсіпкерлері үшін кіру визасын рәсімдеуге өзара жәрдемдесуге келісті, деп хабарлады еліміздің Сыртқы сауда палатасының өкілдері. Қазақстандық компаниялар Түрікменстан нарығына өнімдерін өткізуге көптен бері қызығушылық танытып келеді. Аталған сауда-экономикалық миссия осы елдегі Қазақстан елшілігінің қолдауымен өтті. Оған машина жасау, құрылыс, фар­мацевтика және тамақ өнер­кәсібі салаларындағы 16 ком­пания қатысты. Олар­дың қа­тарында «IT&M», «Қаз­фосфат», «ҚазАзот», «Кентау трансфор­матор зауыты», «Рахат», «Тик­курила», «Қазақстан Ғарыш Сапары», «Азия авто», «Баян Сұ­лу», «Порт Құрык» және басқа да кә­сіпорындар бар.

Елдер арасында туындайтын негізгі проблемалардың қатарына түрікменстандық әріптестер қа­зақ­стандық кәсіпкерлерге төлем жасау кезінде қиын­дық­тар­ға душар болып жататынын жат­қызуға болады. Бұл ман­дат­ты еркін айырбастау мүмкін­ді­гінің болмауымен байланыс­ты. Сондықтан бірлескен жұ­мыс­тың белсенділігін арттырып, ынтымақтастық орнату мақ­сатында «KazakhExport» АҚ топ-менеджерлері «Түрікменстан» және «Халқбанк» мемлекеттік банк­терінің өкілдерімен, сондай-ақ «Рызгал» коммерциялық бан­кімен келіссөз жүргізді.

Сауда-экономикалық мис­сия­ның нәтижелері бойынша, «Dolce» фармацевтикалық ком­­паниясы ынтымақтастық жө­ніндегі екі меморандумға қол қойды. Ал «Белес-агро» ЖШС «Бе­лес-Маркет» сауда белгісімен Түрік­менстанға биыл әр ай са­йын 3-4 мың тонна көлемінде ұн мен өсімдік майын жеткізіп тұру ту­ралы келісімшартқа қол қойды.

«Егемен-ақпарат»

Соңғы жаңалықтар