Алматы қаласы мен Ян Гейлдің жобасы

Алматы қаласы өзінің тарихында дәл мұндай қарбалас сәтті бұрын-соңды басынан кешпеген шығар! Шаһардың шынайы тіршілігіне жан-тәнімен әбден қанық әрі қандай да бір тосын іс-әрекетке кірпияздық мінез танытатын тұрғындар да бұл іске аса беймазалық жасамай, аңысын аңдып отырған сияқты. Ал меймандар қаланың қазіргі күйін көріп, таң-тамаша!.. 

- 1484560256_user.jpeg -
Егемен Қазақстан
02.08.2018 75
3

Белгілі фотожурналист Юрий Бек­кердің қарбаластың қызуына елтіп, аузының суы құрып «Шіркі-ін, дәл осы күндерді Алматыны төбесінен суретке түсіріп алар ма еді?» деуі де тектен тек емес. «Тегі қажет етсеңіз, қалада дрон немесе квадрокоптерлер нөпірі толып жатыр емес пе?» деймін. «Жоқ, – дейді ол, – квадрокоптер мынандай еш қайталанбас көріністерді Нұрманбет аға Қизатов екеуміздің көзіміздей қалт жібермей қағып түсер дейсіз бе? Бұған тек қана фототілшінің өзінің өткір көзі қажет, суретті тікұшақтан түсіріп алу керек!..» Бұл қызба Беккер қалалық ТЖД-не телефон соғып та көріпті. Әрине бір сурет үшін керосині тым қымбат тікұшақты Алматының аспанына селкілдетіп шығара қоюлары мүмкін емес екенін біле тұрса да, қоңырау шалған ғой. Сонымен  Алматыны «дүрліктірген» бұл не қарбалас өзі?! Осы арада алдымен ол қарбаласты саналы түрде ұйымдастырған «кінәлі» азаматтың есімін аузымызға алуға мәжбүрміз. Ол – атақты дат сәулетшісі Ян Гейл. Осыдан үш жыл бұрын Алматы әкімінің шақыруымен Копенгагеннен (Дания) арнайы келген шаһарлар сәулетінің шебері бірден жұрт көзіне түсе қоймады. Ол – өз қаласының қақ ортасынан біздің Арбатымызға ұқсаған, бірақ ұзындығы 1,5 шақырым жаяу жүргінші жолын салған кәнігі маман. Сол «Стрёгет» (серуен) көшесі халқы құмырсқадай, қаласы тас орман, көлігі қарақұрым Еуропа қалаларындағы қазіргі ең ұзын серуен соқпағы саналады. Сондықтан да күллі Еуропа халқы сәулетшінің қандай да қолтаңбасын ерекшелеп «копенгагенше» деп атайтыны бар. Копенгагенді көлік кептелісінен арылтып, жұртты жаппай велосипедке отырғызу үшін Ян Гейл өз өмірінің 40 жылын жұмсаған. Бұл жайлы көпшілігіміз біле бермейміз.

Алатау бөктеріндегі алып шаһардың басынан кешіп жатқан қазіргі құрылыс-әрлеу дүрбелеңі, жоғарыда атап өткендей, аттап бассаң көшелерде тап келетін адам айтқысыз «қарбалас-құрылыс» осы Ян Гейлдің ауқымды жобасына сай жасалынуда. Айтпақшы Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрының маңдайынан басталатын Панфилов көшесімен Арбатқа (Жібек жолы) дейінгі аралықта бүгінде бұрынғыдай ешқандай көлік жүрмейді. Халық мұнда «копенгагенше» жаяу сейілдейді. Жолай жайлы орындықтар, шәйхана мен сансыз дәмхана, мозаикалық кескіндемелер, инсталляция – ескеркіштер-мүсіндер қойылған. Әрине осы арада инсталляцияның ең бірінші міндеті – эстетикалық қызметі екенін ескермей жатқан да жайымыз бар. Мәселен, құр сабаннан үйіліп 23 млн теңгеге жасалған таудай тиін мен отқа қақталған төстіктің кейпіндегі ағаш атқа жабылған қола-тоқым туралы қоғамдық пікірдің екіге жарылып жатқаны сондықтан... Ян келгелі Алматы ең бірінші, ішкі қоршаулардан құтылды. Көше кеңіп, ғимараттар тыныс­тап қалды. Ал Төле би көшесіндегі Алматының ежелгі бас алаңы (қазір Астана деп аталады) жіңішкеріп, күншығысына талшын дарақтары отырғызылып, ғажайып субұрқақтар атқылады. Кеңестік ал­матылықтар мемлекеттік мерекелерде адымдай басып әндеткен, әскерилер зеңбіректен түнделетіп отшашу атқан тарихи алаң осылайша бір күнде жәй ғана күре жолға айналды. Статистикалық мәліметтер бойынша, биыл Алматыда ұзындығы 160 шақырымдық 150 көше жаңа заманға сай абаттанады. Тамыздан бастап қала орталығындағы тағы 8 көшеде көліктер (автобус пен троллейбусқа қатысы жоқ) тек қана бір бағытта қозғалады. Сайрап жатқан велосипед жолдары қаншама! Барлығы 600-ден астам аула, 12 шақырымдық су-жылу желісі жаңартылады. Қысқасы, Ян Гейл жобасы 2020 жылы Алматыда толықтай жүзеге асып бітуі тиіс. Демек, ол тұста қала да адам танымастай өзгеріп, түрленіп үлгереді...

Канада, АҚШ, Жаңа Зеландия, Мексика, Аустралия, Бельгия, Германия, Польша және Норвегия елдерінің бас қалаларында қолтаңбасы қалған, кез келген қала өмірін, болмысын тез арада өзгерте қоятын сәулетші-данышпанға құда түсушілер көп. Алдағы қыркүйектің 17-де 81 жасқа толатын Ян Гейл ақсақал дәл сол күннен бастап Ташкент шаһарын жаңаша түрлендіруге кіріседі.

Талғат СҮЙІНБАЙ,
«Егемен Қазақстан»

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.10.2018

Қасым-Жомарт Тоқаев: Білім беру жүйесі реформалардың шырмауынан шыға алар емес

19.10.2018

Ұлттық құндылықтардың иесі – жастар

19.10.2018

Оралда студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды

19.10.2018

«Қазпоштаның» 25 жылдығына орай «Жазылушылар күні» ұйымдастырылды

19.10.2018

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет қаржысын үнемдеуге шақырды

19.10.2018

Еуразия ынтымақтастығының маңызы зор

19.10.2018

Амангелді Кеңшілікұлының «Қазақты сүю» атты шығармашылық кеші өтті

19.10.2018

«Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің 40 жылдығы аясында тарихи кітаптардың тұсауы кесілді

19.10.2018

Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағандыда жұмыс сапарымен болды

19.10.2018

Америкалық еріктілер оқушыларға ағылшын тілін үйретіп жүр

19.10.2018

Мемлекет басшысы Еуропалық комиссия төрағасы Жан-Клод Юнкермен кездесті

19.10.2018

Нұрсұлтан Назарбаев «Азия-Еуропа» форумының ХІІ саммитіне қатысты

19.10.2018

Мүмкіндігі шектеулі жандарға мүгедектер арбасын сыйлайды

19.10.2018

Президент «Азия-Еуропа» форумының ХІІ саммитінде кездесулер өткізді

19.10.2018

Владимир Путин: Өзбекстан Ресейдің сенімді серіктесі

19.10.2018

Сенатор Рысқали Әбдікеров Қарағанды облысында жұмыс сапарымен болды

19.10.2018

Атырауда мамандандырылған ХҚКО құрылысы аяқталуы жақын

19.10.2018

Мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің туғанына - 120 жыл

19.10.2018

Павлодар-Семей тасжолында көліктер өртеніп, бір адам мерт болды

19.10.2018

TWESCO дүниежүзілік мәдениет форумына қатысты

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Ádep pen ádet

Jýyrda Almaty qalasyna jolymyz túsip, taǵylymy mol tamasha toıǵa qatystyq. Taý shatqalyna aqshańqan shatyr tigip, qudalaryn taǵatsyzdana kútip turǵan almatylyqtardyń ónegeli isine kóz toıyp, kóńil marqaıady. Biz toıly aýylǵa qudalar kelmeı turyp barǵan edik. Qyzyq ıelerimen burynnan tanyspyz. Arǵy túbi Arqanyń qazaqtary. Ultymyzdyń qadym zamandardan beri kele jatqan salt-dástúri, tartý-taralǵysy, jón-joralǵysy yqylym josynymen úılestirilgen toıdyń erekshe bolatyny sezilip tur.

Құрманәлі Қалмахан,

О́zge elde sultan bolǵansha...

Áı, qaıdam... О́zge elde sultan bolý qazir qıyn-aý. Sebebi óz eliniń Sultandary turǵanda shetten kelgen «bótenderdi» kim jaqtyra qoıar dersiz?! Soǵan qaramastan túrli sebeptermen shetel aýyp, «jumaq» araldaryn izdeýge bel býǵandar qarasy azaımaı tur.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Urpaq azsa – ultqa qater

J.Aımaýytov pen M.Áýezov keıbir qazaq mineziniń minin, sol mindi kórip ósken balanyń jamandyqqa salynatynyn 1917 jyly «Alash» gazetinde jarıalaǵan maqalasynda: «Ultym», – dep oqyp shyqqandar halyq arasyna kelse, qaraıa bastaıdy» dep, artynan: «Saıyp kelgende, qazaqta qalyp turǵan ózgeshe minezder: tili aıtqandy qoly qylmaıtyn – turaqsyzdyq, uıymsyzdyq, basynan aspaıtyn – ózimshildik, ezdik» depti. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу