Аймақтар • 02 Тамыз, 2018

Алматыда спорттық жарыстарға байланысты жол жабылады

361 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Алматыда алғаш рет триатлоннан Азия кубогы мен Қазақстан Республикасының Чемпионаты өткелі отыр.Осыған байланысты Алматы қаласының әкімдігі мен Алматы Триатлон федерациясы оңтүстік астананың тұрғындары мен қонақтарына жарыстар күндері жолдардың ішінара жабылуы туралы хабарлайды.

Алматыда спорттық жарыстарға байланысты жол жабылады

2018 жылғы 3-5 тамыз аралығында Триатлон бойынша Азия Кубогы және ҚР Чемпионаты шеңберінде жарыстардың велокезеңі өтетін жерлерде автокөліктерге арналған жолдардағы қозғалыс ішінара жабылмақ.

3 тамызда жаттықтыруға кіру кезінде сағат 13.00-ден 15.30-ға дейін келесі көшелер жабылады:

Тілендиев көшесінен бастап Өтеген батыр көшесіне дейін Төле би көшесі бойынша қозғалыс (оңтүстік жағы). Солтүстік жағы автокөліктің қозғалысы үшін ашық болады.

Төле би көшесінен бастап Жұбанов көшесіне дейінгі қозғалыс. Барлық қозғалыс жолақтары толығымен жабылады.

4 тамыздажарыстарды өткізу кезінде сағат 05.00-ден 13.00-ге дейін келесі көшелер жабылады:

Тілендиев көшесінен бастап Өтеген батыр көшесіне дейін Төле би көшесі бойынша қозғалыс (оңтүстік жағы). Солтүстік жағы автокөліктің қозғалысы үшін ашық болады.

Төле би көшесінен бастап Жұбанов көшесіне дейін Өтеген батыр көшесі бойынша қозғалыс. Барлық қозғалыс жолақтары толығымен жабылатын болады.

5 тамызда жарыстарды өткізу кезінде сағат 06.00-ден 15.00-ге дейін келесі көшелер жабылады:

Тілендиев көшесінен бастап Өтеген батыр көшесіне дейін Төле би көшесі бойынша қозғалыс (оңтүстік жағы бойынша). Солтүстік жағы автокөліктің қозғалысы үшін ашық болады.

Төле би көшесінен бастап Абай даңғылына дейін Өтеген батыр көшесі бойынша қозғалыс. Барлық қозғалыс жолақтары толығымен жабылатын болады.

Өтеген батыр көшесінен бастап Сайын көшесіне дейін Абай даңғылы бойынша қозғалыс (солтүстік жағы). Оңтүстік жағы автокөліктің қозғалысы үшін ашық болады.

Триатлон бойынша 2018 Азия кубогына/Қазақстан Республикасының Чемпионатына жолдарды жабу кестесі

(2018 ж. 03-05 тамыз)

3 тамыз

13.00–ден 15.30-ға дейін

Төле би көшесі (оңтүстік жағы бойынша – Тілендиев көшесінен бастап Өтеген батыр көшесіне дейін).

Солтүстік жағы автокөліктің қозғалысы үшін ашық болады.

Өтеген батыр көшесі (Төле би көшесінен бастап Жұбанов көшесіне дейін)

4 тамыз

05:00-ден 13:00-ге дейін

Төле би көшесі (оңтүстік жағы – Тілендиев көшесінен бастап Өтеген батыр көшесіне дейін).

Солтүстік жағы автокөліктің қозғалысы үшін ашық болады.

Өтеген батыр көшесі (Төле би көшесінен бастап Жұбанов көшесіне дейін)

5 тамыз

06:00-ден 15:00-ге дейін

Төле би көшесі (оңтүстік жағы – Тілендиев көшесінен бастап Өтеген батыр көшесіне дейін).

Солтүстік жағы автокөліктің қозғалысы үшін ашық болады.

Өтеген батыр көшесі (Төле би көшесінен бастап Жұбанов көшесіне дейін)

Абай даңғылы (Өтеген батыр көшесінен бастап Сайын көшесіне дейін)

Оңтүстік жағы автокөліктің қозғалысы үшін ашық болады.

Осылайша Триатлоннан Азия кубогы мен Қазақстан Республикасының Чемпионаты Алматыда алғашқы рет тұсауын кеседі. Қатысушылардың ішінде біздің жерлестеріміз ғана емес, сондай-ақ 20-дан астам елден спортшылар келді. Осындай ауқымды оқиғалар үшін жолдарды жабу – бұл әлемдік тәжірибе. Біз көліктің қозғалысын қиындатпау үшін, жолдарды жабу аумағы мен уақытын барынша азайтуға тырыстық. Тұрғындардың түсіністігіне үміттенеміз және де демалыс күндеріне маршруттарды алдын ала түзетіп алуыңызға ұсыныс береміз, – деп хабарлайды іс-шара ұйымдастырушылары.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ