ММА-дан Қазақстан құрамасы V Азия чемпионатында топ жарды

Орталық коммуникациялар қызметінде «Қытайдың Харбин қаласында ММА Бүкіләлемдік Қауымдастығының тұжырымдамасы бойынша ММА-дан V Азия чемпионаты» тақырыбына арналған баспасөз конференциясы өтті.

Егемен Қазақстан
02.08.2018 4861

27-29 шілде аралығында Қытайдың Харбин қаласында ММА Бүкіләлемдік Қауымдастығының тұжырымдамасы бойынша ММА-дан V Азия чемпионаты өтті. Ерекше ауыз толтырып айтарлық жайт, Азияның ең мықты ММА шеберлерінің басын қосқан бұл дүбірлі додада Қазақстанның ұлттық құрамасы топ жарып, командалық есепте жеңіске жетті.

Қазақстандық спортшылар барлық он салмақ дәрежесінде сынға түсіп (8 ер, 2 әйел) 3 алтын, 5 күміс пен 1 қола алқаны еліміздің қоржынына салды.

Атап айтсақ, Нұржамал Садықова (әйелдер арасында 52 кг дейінгі салмақ дәржесінде), Аслан Ораз (70.3 кг дейінгі салмақ дәржесінде), Нұрнияз Қошбаев (+93 кг салмақ дәржесінде) қарсыластырын ойсырата ұтып, чемпион атанса, Ақбөбек Ерғалиева (әйелдер арасында 61 кг дейінгі салмақ дәрежесінде), Талғат Жұмағалиев (56.7 кг дейінгі салмақ дәржесінде), Дастан Амангелді (61.2 кг дейінгі салмақ дәрежесінде), Нұрбек Қабдырахманов (65.8 кг дейінгі салмақ дәрежесінде), Мұрад Абдурахманов (93 кг дейінгі салмақ дәржесінде) күміс алқаны иеленді. Ал, қола медальді Думан Балмұханов (84 кг дейінгі салмақ дәрежесінде) қанжығасына байлады.

Жалпы командалық есепте Қытай елінің спортшылары екінші орынды иеленіп, қырғыстандық ММА шеберлері үшінші орынды еншілесе, Қазақстан құрамасы суырылып алға шығып, бұл мықтылар үштігінде көш бастады.

Ендігі кезекте ММА-дан еліміздің ұлттық құрамасы қыркүйек айында Қытайдың Бейжің қаласында IMMAF тұжырымы бойынша юниорлар арасында өтетін Азия чемпионаты мен әлем чемпионатына және ағымдағы жылдың қарашасында Бахрейнде шымылдығын түретін біріккен әлем чемпионатына дайындалатын болады. Бахрейнде өтетін аталған чемпионатта тұңғыш рет әлемдегі ең ірі екі әуесқой ММА федерацияларының (WMMAA және ІММАF) өкілдері кездеспек.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.08.2018

Пара алған әкімдердің қылмысы әшкере болды

18.08.2018

Елордада «Ұлы дала рухы» республикалық фестивалінің солтүстік аймақтық іріктеу жарыстары өтіп жатыр

18.08.2018

Астанада түркі тіл білімінің өзекті мәселелері талқылануда

18.08.2018

Бүгін ауыл жасөспірімдерінің республикалық II жазғы спорт ойындары басталады

18.08.2018

Допинг дауынан кейін «Канело» ресми түрде қайта рингке оралды

18.08.2018

Ыбырай Алтынсариннің отбасы қолданған жәдігерлер жұрт назарына ұсынылды (ВИДЕО)

18.08.2018

Астанада мемлекеттік қызметкерлер арасында спорттық сайыс өтіп жатыр

18.08.2018

Қаламгер Сұлтан Қалиұлы дүниеден озды

18.08.2018

Бүгін Азия ойындарының салтанатты ашылуы өтеді

18.08.2018

Мыңнан аса астаналық веложарысқа қатысуда

18.08.2018

ҚМДБ еліміз қалалары бойынша айт намазының уақытын жариялады

18.08.2018

Демалыс күндері елімізде ауа райы тұрақты болады

17.08.2018

Қазақстан Президенті «Журавлевка 1» ауыл шаруашылығы кешенін аралап көрді

17.08.2018

Роман Григорчук «Астана» клубының бас бапкерлігінен уақытша кетті

17.08.2018

Қазақстандық велотрекші әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

17.08.2018

Тау туризмін дамыту қажет

17.08.2018

Еңбек ері – ұрпаққа үлгі

17.08.2018

Тарихи текетірес:Олжабай ма, Жаяу Мұса ма?

17.08.2018

Мемлекет басшысы «Агрофирма Эксимнан» ауыл шаруашылығы кешенін аралап көрді

17.08.2018

«Нұрлы жер» аясында миллионнан астам шаршы метрі пайдалануға берілді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Тілтолғақ пен тілтұтқа

Әлеуметтік желіден «Астана қаласы­ның қаракөз балдырғандары қазақша сөй­лемейтіні несі?» деген сыңайдағы сұрау­лы сөйлем, қобалжулы пікірді көзіміз шалып ойланып қалдық, қапаландық. 

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Ертеңгі ұрпақтың да еншісі бар

Қойнауы құт қазақ жері тәуел­сіз­дігі­міздің ширек ғасырдан асқан шежіресінде ел экономикасын тұралап қалу қасіретінен сақтап келеді. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Мәдениетке мән берсек...

Үйіміздің жанындағы азық-түлік сататын дүңгіршекке соңғы кезде сатушы құтаймай-ақ қойды, жиі-жиі ауысады. Бұрын тіпті мұнда сатушы қыздардың Павлодардан қатынап істейтінін естіп-біліп жүретінбіз. «Екі апта Астанада сауда жасасақ, екі апта бала-шағамыздың қасында болғанға мәзбіз. Ауылдан қалаға қатынап істеудің азабы мен машақаты мұндайды бастан өткізген адамға ғана мәлім. 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Аграрлық саладағы болашақ мамандықтар

Сарапшылардың болжамдарына қарағанда, әлемдік аграрлық салада 15-20 жылдың ішінде революциялық өз­герістер жүзеге асырылады. Жаңа тех­нологиялардың шапшаң қарқынмен дамуы, ғарыш кеңістігін игеруге көптеген елдердің құлшыныс танытуы, гендік инженерия ықпалының күшеюі, азық-түлікке сұраныстың артуы, бос жатқан жерлердің азаюы секілді факторлар әлем бойынша жаңа технологиялармен қаруланған жаңа тұрпатты ауыл ша­руашылығын қалыптастырады. Сөйтіп ауыл шаруашылығы өзгерістерге барынша баяу бейімделетін ең консервативті сала деген бұрынғы түсініктің көбесі сөгіледі.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу