Әке қабағы һәм босбелбеулік

Әке тәрбиесіне қатысты сөз қозғалғанда әйгілі Әуезов әңгімелеген Құнанбай мен Абай арасындағы классикалық диалог еске түседі. Сол мәслихатта «мұқым қа­зақ­ тегіс ақыл сұраған» айбарлы аға сұл­тан ертеңгі Алаш мұратының алтын қа­зы­ғы Абайға «жайдақ су сияқтысың» деп мін тағады. 

Егемен Қазақстан
03.08.2018 479
2

Білгенге мін емес, мың бат­пан ауыр мағыналы астарлы мысал, баға жетпес батиқалы сөз. Көреген әке айт­қан, тұлға бойында болуы керек ең асыл тектілік қасиет турасында тәтпіштеп жату­дың­ қажеті шамалы. Айтпағымыз, әке мен бала арасында болатын әңгімелердің әрідегі әдебі мен берідегі берекесіздігі жайын­да болмақ.

Бүгінгі қазақ қоғамы әке тәрбиесіне нем­құрайлы қарауды әдетке айналдырды. Әке үйдің иесі, ана үйдің шегесі екенін ұқып­сыз­ ұрпақ ұмыт қалдырғандаймыз. Оған екі тараптың, яғни еркек пен әйелдің де тіке­лей кінәлі екенін айта кеткеніміз жөн. Алды­мен, үйдің ырысын арттырудың орнына, ұрысын арттыратын шайпау әйелдер берекелі отба­сын­дағы әке беделін әдейі аяққа таптайтыны жайлы сөз етелік. Ерлі-зайыптылардың ара­сындағы темпераменттер соғысында әйел жеңіске жетіп, еркегін етегіне басты дейік. Бірақ мұны көріп өскен ұлдан қандай ұлық, қыздан қандай қылық күтуге болады? Асылында «шашы ұзын, ақылы қысқа» шүй­ке­бас ата берген тәрбиені де үйрете алмайтынын ескермесе керек. Әкенің әйел алдында ойсырай жеңілуі – ұл тәрбиесіне де, ұлт тәрбиесіне де тікелей балта шабады. Босбелбеу әке кейін бой жетіп қалған қызына да, ер жетіп қалған ұлына да идеал бола алмайды. Сондықтан әкенің аруағын асырудың орнына, алапасын қашыру – ертеңгі ұрпақтың енжар, ын­жық болып өсуіне тікелей қадам екенін ес­тен шығармауымыз қажет. Сағы сынық әке об­разы санасына сыналай енген ұл да ертең бір­ отбасына билік айта алатындай қауқарға ие бола алмайды.

Екінші мәселе, бұл – отағасының өзі жіберетін өрескел қателіктер. Бағзыда бала тәрбиелеу ісіне әке немқұрайлы қарамаған. Алты жасында аңға ертіп, он жасында оқ жондырған әке тәрбиесі әрқашан биік рухтың, біртұтас тұлғаның берік діңгегі болған. Осы жерде «жеті атасын білмеген жетесіз» деген сөздің төркініне ой жүгірте кетсек артықтық ете қоймас. Баланың жеті атасын не әкесіз өскенде, немесе әкесі бола тұра тегін ажыратып айтып бере алмаған боркемік «бөрікті» кінәсінен болуы мүмкін. 

Әлбетте, әкесіз өскен бала жеті атасын жіліктей алмайтыны белгілі. Оның ішінде тағдырдың тауқыметімен жастай жетім қалғандардың жөні бір басқа. Әкесі мен шешесі болмашы дүние үшін ажырасып, тірі жетім атанған бүлдіршіндерге назар аударалық. Осыған байланысты еліміздегі некеге тұрғандар мен ажырасқандардың проценттік көрсеткішіне көз жүгіртсек көңіл құлазиды. Ағымдағы жылғы статистикалық мәліметтерге сүйенсек, елімізде тіркелген неке саны 1,3%-ке азайып, ажырасулар саны 3,9%-ке өскен. Жыл басталғаннан бергі нау-

рыз айына дейін республика бойынша 13423 отбасының шаңырағы шайқалған. Бұл нені білдіреді? Әлбетте, ажырасқан отбасылардың шаңырағында орта есеппен екі баладан бар деп есептеген күннің өзінде, 26 мыңнан астам бала биылдың өзінде әкесіз тірі жетімге айналды деген сөз. Оның ең көбі, яғни 1496 отбасы Түркістан облысында ажырасуға арыз берген болса, неке шартын ең аз бұзғандар Маңғыстау облысында тіркелген. Әрине, санақ жарыстыратын сәт емес. Шаранасы кеппей жатып шеше тәрбиесін ғана көріп өсетін шикіөкпелер жеті ата былай тұрсын, ел басына күн туған шақта шешімді сөз, кесімді кеңес құра алады дегенге ешкім сене қоймас. Әкенің айбарын өсіріп, байрағын биіктететін ұлдар мен қыздар жалғызбасты ана психологиясын бала жасынан бойына сіңіріп, ер адамға деген өшпенділік дертін бойына жұқтыратыны белгілі. Ол ол ма, нағашы жұртта теріс тәрбие естіп өскен жатбауыр ұл бірте-бірте әкесінің өскен ортасы туралы айтуды өзіне ар санай бастайды. 

Ең сорақысы, жетіге толған баласына жеті атасын жеткізіп айтып бере алмайтын әкелер шыға бастағанын қалай жасырамыз. Көзіміз көріп жүргендей, үйіне кірер- кірместен тәй-тәй басқан тентегін емес, WI-FI қосқан телефонын құшақтап жата қалатын әкелер қоғамда қаулап өсіп келеді. Ұл бала әдетте әкенің мақалын жаттап, атаның сақалына оралып өспей ме? Ізбасарға ілкі қасиеттердің көбі әке тәрбиесімен келеді. Алайда қарекетке келгенде кегежеміз кейін тартып шыға келеді. «Ата сөзі парыз, ана сүті қарыз» деген сөздің өзі әке тәрбиесіне әрқашан немқұрайлы қарамауды меңзеп тұрғандай. Әке тәрбиесінің қазақ танымындағы «ұлыңды жетіге келгенше патшадай күт, он үшке жеткенше құлша жұмса, он үштен асқан соң бише кеңес» дегені дұрыс. Ендеше, ілгеріде қажы атаның осы қағида бойынша қағылез ұлды қасына ертіп, досындай сырласып тұруында үлкен мағына жатыр. Әрине қасиетті дініміз исламда әуелі анаңды сыйла, кейін барып әкеңе құрмет қыл деп хадистен мысал келтіреді. Оған шүбәланып, шәк келтіруден аулақпыз. Тек, ананың тұғырын биіктетеміз деп, әкені тұқыртудың қажеті жоқ екенін ескергеніміз жөн. Әкенің сабағы – қабағы екенін ұмытпайық.

Мирас АСАН,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.02.2019

Астана қаласы мен үш облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

16.02.2019

Қарағандыда NASА кездесу өткізді

16.02.2019

БҚО-да көп балалы отбасылар мәселесін шешуге қосымша 500 млн теңге бөлінеді

16.02.2019

Қарағандыда полицияның 200 қызметкері волейбол ойнады

16.02.2019

Қарағанды облысында мектеп жабылып қалды

16.02.2019

Демалыс күндері боран соғып, жауын-шашын болады

16.02.2019

Оралда радиатор зауыты ашылады

16.02.2019

Баянауылда аудандық қысқы спартакиада өтті

16.02.2019

Биыл Батыс Қазақстан облысында 5 жатақхана құрылысы басталады

16.02.2019

Батыс Қазақстан облысында өңір басшысының есебі басталды

16.02.2019

Павлодар облысының әкімі жаңа орынбасарларын таныстырды

16.02.2019

Бүгін Болгариядағы турнирде Қазақстан боксшылары алғашқы жекпе-жектерін өткізеді

16.02.2019

СІМ және «Атамекен» ҰКП инвестициялық және экспорттық бағыттағы жұмысты үйлестіруді күшейтуде

16.02.2019

WGS төрағасы: Үкіметтер өздерінің бизнес-модельдерін қайта ойлап табуы керек

16.02.2019

Ресей сауда алаңдарында қазақстандық компаниялардың белсенділігі артты

16.02.2019

Алматыда «Қазақстан университеттері халықаралық аренада» тақырыбында семинар өтті

16.02.2019

Майдангер-жазушы Леонид Гирш 95 жасқа толды

16.02.2019

Алматыда студенттер арасында «IITU Robocon 2019» роботехника чемпионаты өтті

16.02.2019

Павлодарда «Қаһармандар» республикалық қоғамдық қорының филиалы ашылмақ

16.02.2019

Сенатор Ә.Құртаев Азия елдері парламентшілерінің кездесуіне қатысты

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу