Әлем • 03 Тамыз, 2018

«Винни-Пух» кітабының түпнұсқа иллюстрациясы 570 мың АҚШ долларына сатылды

681 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

CNN телеарнасының хабарлауынша, А. А. Милнның 1926 жылы жарық көрген «Винни-Пух» кітабына арнайы салынған түпнұсқа иллюстрация Sotheby’s аукционында рекордтық баға – 570 000 АҚШ долларына сатылды. Sotheby’s аукцион үйі ту­иттер парақшасында: «Винни Пух­тың жүз акр орманы­ның түп­нұсқа иллюстрациясы 430 000 фунт стерлингке са­тыл­ды. Бұл аукционда осы­ған дей­ін сатылған кітап иллюс­тра­ция­ларының ең қымбаты» деп жаз­ған.

«Винни-Пух» кітабының түпнұсқа иллюстрациясы 570 мың АҚШ долларына сатылды

«Жүз акр орман» карта-су­реті – Э.Х. Шепардтың туындысы. Суретші оны 1926 жылы арнайы кітап үшін салған. Мамыр айында Sotheby’s раритетке 130 000 мен 200 000 АҚШ доллары аралығында баға қойғанын хабарлаған.

50 жыл бойы құпия болып келген карта-сурет – балалар әдебиетіндегі ең танымал иллюстрация. Кітаптың ішкі бетіне қойылған карта Винни-Пух пен достарының қызықты оқиғалары қай жерде өткенін бақылау үшін ойластырылған.

Кітапта суретті басты кейіп­кер­­лердің бірі һәм Винни Пух­тың досы Кристофер Робин са­л­ды делінген. Картаның ас­тында «Мен салдым, мис­тер Шепард көмектесті» деп жазыл­ған. Сонымен қатар картаға қо­са компас ұсынылып, батыс, шы­ғыс, оңтүстік, солтүстік деген сөз­дердің орнына Пухтың аты деп жазылған. 

«Жүз акр орман» суреті Лон­дон­ның оңтүстігінде орна­ласқан Ашдаун орманының әсерімен салынған. Ең алғаш рет карта суретін 1926 жылы Шепард жеке коллекционерге сатқан екен.

Бағашар ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»