Ойласу: «Есті қыз етегін қымтар» деген

Мүгілсімнің қалаға келгеніне жылдан асқан. Әке-шешесі қайтыс болған ол аға-жеңгесінің қолында өсті. Жетімнің күні белгілі емес пе, жеңгесі жайсыз болды. Жұмысқа салып қойды, оқуы да мәз емес-тін. Өйтіп-бүйтіп мектепті де бітірді. Енді не істемек? Әрі ойлап, бері ойлап өз күнімді өзім көрейін деп қалаға тартып кетті. 

Егемен Қазақстан
03.08.2018 8987
2

Сәті түсіп кондитер фабрикасына жұмысқа орналасты. Жасынан еңбекке бейім Мүгілсім бірер жылдан кейін мамандығына төселіп алды. Пәтерде екі қыз тұрады. Табысы бәлендей емес, дегенмен соған да шүкіршілік етеді. Мүгілсім сұңғақ бойлы, қыр мұрынды, аққұба қыз. Бірде құрбысы екеуі киноға бармақ болып аялдамаға келді. Автобус келе қоймай алаңдап тұрғанда шетелдік машина қастарына келіп тоқтай қалды. 

– Бикештер, отырыңдар, баратын жерлеріңе жеткізіп салайын. 

Қыз­дар машинаға жайғасты. Келбеті келіс­кен жігіт жолда қыз­дар­мен танысып та үлгерді. Қош­тасар сәтте ұсынған ақ­шаны алмады.

 – Сіздерді қалаған жерлеріңізге апа­рып салуға әркез әзірмін,– деп әзілдеген ол Мүгілсімге күлімсірей көз тастады.

Жұмағұл есімді бұл жігіт Мүгіл­сім­нің алдын орап, жанынан табылатын болды. Бірде кешке қарай орталық паркте тыныстап отырған-тын. Терең ойға берілген қыз қасына келген жігітті аңғармай да қалған еді.

«Кеш жарық, Мүгілсім», дегенде селк етті. Есен-сау жүріп жатырсың ба? Күтпеген жерде кездесу деп осы­ны айтар, деп мәз-мейрам болды жігіт. Мына жігіт менің досым. Қаладағы шетелдік фирманың қожа­сы, яғни президенті деп таныс­тырды қасындағы жолдасын. Ол қыз­ға қолын ұсынып, есімін атады. Бойшаңдау келген жігіт шынымен де көрікті еді. Үстіндегі киімі жарасып-ақ тұр өзіне.Қазақ­шаға тілі жатық. Бұл өңірге келгеніне үш жылдан асыпты. Кәсібі жолға қойылған.

Тағы бірде Жұмағұлмен ойда жоқ жерде кездесіп қалсын. Әзіл-қалжыңға басып, сымбатты да сүйкімді ажарыңмен салт бас жүр­генің қалай? Өзіңді қадір тұтып, алақанына салып аялайтын жігіттің етегінен ұстамайсың ба, деп қызға ой тастай сөйледі. Қыз үлкен ойға бері­ліп кеткен сияқты болды. Сірә, дұрыс айтады, менікі осы не жү­ріс? Бетіңнің шырайы барында біреу­дің етегінен ұстаған да жөн-ау. Урултай тәуір жігіт сияқты. Ор­нық­ты, көрік десең көркі бар. Кү­лім­сіреген жанары адамды бау­рап алатынын айтсаңшы. Білдей бір фирманың қожасы. Осы жігітті ұнатып қалғаным ба деп іштей өз өзінен мырс етті. 

Сөйтіп жүргенде бірде Жұмағұл мереке қарсаңында Мүгілсімнің үйі­не келді. Ананы-мынаны әңгіме­лей келіп, «Урултай саған ғашық болып қалыпты. Екі сөзінің бірі сен. Қан­дай келісті, көрікті қыз, алма мойын, сүмбіл шаштың нақ өзі. Мені осы қызбен жақынырақ таныстыр, деп қолқа салады. Меніңше, тәуір жігіт, жұлдызы алдынан туып тұрған кәсіп­кер. Бүгінде жиырманың сегі­зінде, нағыз дер шағы. Қандас бауы­рымыз, қазақшасы да тәп-тәуір, салт-дәстүрімізден де хабар­дар. Ана жолы да сол жігіттің өті­нішімен келгенмін. Міне, тағы келіп тұрмын» деді. 

Жұмағұлдың айтқандарын ой елегінен өткізіп, таразыға салған Мү­гіл­сім жарайды, сөзіңді жерде қал­дырмайын, деп орнынан тұрды. 

«Ақбоз үй» аталатын қаладағы сән-салтанатымен ерекшеленетін айту­лы мейрамхана. Мұны ізетпен қар­сы алып, ілтипат көрсетіп жатыр. Төрден өтіп оңаша бөлмеге ке­ліп жайғасты бұлар. Дастарқан үсті тағамға самсап тұр. Әсем әшекей­ленген шарап шөлмектері көздің жауын алғандай. Жұмағұл шамалыдан кейін бір шаруам бар еді деп рұқсат сұрап кетті. 

Бұл кеште бұлар біраз әңгіменің басын қайтарды. Алдағы жарқын болашақтарын көз алдарына елесте­тіп, тәтті қиялға берілді.

Жігіт түрлі мерекеге орай сүйген қызына бағалы сый-сияпат жасауды ұмытқан емес. Ақыры, қоймай жүріп қыздың жүрегін жаулап, ама­лын тауып қақпанына түсірді. Қаланың орта тұсынан жиһазымен екі бөлмелі кең пәтер әперді, уақыт осылай өтіп жатты. Әйеліндей қала­ған кезінде келіп-кетіп жүреді...

Бірде жігіттің ата-анасынан хат кел­ді. Олар келінді елге әкел, тойды осында жасаймыз депті. Жігіт Мүгілсімге тойға құрбыларыңды ша­қыр, барып-қайту жол шығынын өзім көтеремін, тек құжаттарын тезірек дайындасын дегенді айтты. Шетелге бару біздің арулардың арманы ғой. Олар бұл хабарды қуана қабылдады. Мүгілсімнің туыстары жағынан екі қыз, өзімен бірге істейтін үш құрбысы жолға жинала бастады. Аңқылдаған қыздар болып жатқан оқиғаның астарынан бейхабар-тын. Ұшаққа билет аларда бәрінің құжатын жігіт жинап алған болатын. 

Әуежайдан бикештер ... жезөкше­лер үйінен бір-ақ шықты. Күзет мықты, ешқайда шығармайды, алдап-арбау, қорқыту-үркіту, күш көр­сету. Небір азапты бастан кеш­ті бейбақтар. Амалы құрыған қыз­дар ақыры айдағанына жүріп, айт­қандарына көнуге мәжбүр болды. Мүгілсімнің де махаббаты баян­ды болмады. Елінде екі әйелі бар екен. Баяғы күйдім-жандым деген бос сөз болып шықты. Екі әйе­лі екі жақтан мүйіздеп күн көрсет­педі. Қапаста қамалып, көз жасына ерік беріп, жылаумен күн кеш­ті. Өзі түгіл көлеңкесін көруден қал­ды. Ақыры жігіттің үйінен кетуге мәжбүр болған Мүгілсім де жезөк­шелер үйінен бір-ақ шықты... Азап пен кемсітушілікті бастан кешкен қыздар арада екі жыл өткенде өл­дім-талдым деп, онда да біздің елші­ліктің белсенді қимыл-әрекеті нәти­жесінде, елге оралды. Міне, аңдамай басып, опық жеді деген осы.

«Отырған қыз орнын табады» деген мәтел бар қазақта. Бүгінде осы қанатты сөз бекерге айтылған сияқ­ты. Оң жақта отырып қалған қыздарымыздың қатары жыл өткен сайын арта түсуде. Елімізде 160 мың­нан астам кәрі қыз бар деген деректі газет-журналдан көз шалып қалады. Бұлар қазақы тілмен айт­сақ, кезінде «көк етікті кезік­пей, көн етіктіні менсінбей» жүріп қалған, сөйтіп жар құшағы, сәби сүю бақыты бұйыр­маған, яғни өз бақыттарын өз­дері байлағандар. «Қыз өссе – ел­дің көркі» деп мақтан тұтатын қазақ әлеуметтік індетке қалай тап бол­ға­нын аңғармай да қалғандай. Ажар­лы, ақылды, білім десең білімі бар, менің жарым болсын дейтін кейбір бойжеткендер әркімге көзін сүзіп, жалғыздықтың зардабын тартып жүр. «Итің ұры десе» намыстанатын қазақ қыздарының оң жақта оты­рып жүкті болғандары қаншама. Амал­сыздан көнеді ата-ана байғұс. Көп­теген бойжеткендер «Есті қыз етегін қымтап отырады» деген мақалды ұмыт­қан. 

Осындайда тағдыр тәлкегіне тап болған қыздарымызға «Арыңды жас­­тан сақта» деген бағалы сөзді ес­тен шығармаңыздар дегіміз келеді. 

Қанапия МЫРЗАҒОЖИН,

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі
 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.10.2018

Тіл меңгерудің өзекті мәселелері талқыланды

21.10.2018

Ұлттық құндылықтардың иесі – жастар

21.10.2018

«Қазпоштаның» 25 жылдығына орай «Жазылушылар күні» ұйымдастырылды

21.10.2018

Қостанайда есірткі сатушылардың көшедегі жарнамасы өшірілді

21.10.2018

Қостанайда «102» операторлары үшін еліміздегі тұңғыш скрипт жасалады

21.10.2018

Қостанайда Абай Әмірхановты еске алуға арналған фестиваль өтті

21.10.2018

Алматыда үйінен шығып кеткен журналист келіншектің мәйіті табылды

21.10.2018

Солтүстік Қазақстанда республикалық ақпараттық-насихат тобы Жолдау талаптарын түсіндірді

21.10.2018

Дәрігер телефонмен кеңес береді

21.10.2018

Мәдениет министрі жолдау бағыттарын түсіндірді

21.10.2018

Солтүстік Қазақстанда дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

21.10.2018

Астанада Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті

21.10.2018

Қорабай Есеновтің «Мәңгілік шырақ» атты мерейтойлық концерті өтті

21.10.2018

Туризмді дамыту жайы халықаралық форумда талқыланды

21.10.2018

Солтүстік Қазақстанда қазақ күресінен Батыр Баян атындағы республикалық турнир өтті

21.10.2018

Музейге қатысты мәселе талқыланды

21.10.2018

Қостанайда Қайнекей Жармағамбетовтың 100 жылдығы аталып өтті

21.10.2018

Астанада халықаралық ақындар айтысы өтіп жатыр

21.10.2018

«БӨРІЛІ МЕНІҢ БАЙРАҒЫМ...»

21.10.2018

Ұлттық палатада туризмді дамыту бағдарламасы таныстырылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Ádep pen ádet

Jýyrda Almaty qalasyna jolymyz túsip, taǵylymy mol tamasha toıǵa qatystyq. Taý shatqalyna aqshańqan shatyr tigip, qudalaryn taǵatsyzdana kútip turǵan almatylyqtardyń ónegeli isine kóz toıyp, kóńil marqaıady. Biz toıly aýylǵa qudalar kelmeı turyp barǵan edik. Qyzyq ıelerimen burynnan tanyspyz. Arǵy túbi Arqanyń qazaqtary. Ultymyzdyń qadym zamandardan beri kele jatqan salt-dástúri, tartý-taralǵysy, jón-joralǵysy yqylym josynymen úılestirilgen toıdyń erekshe bolatyny sezilip tur.

Құрманәлі Қалмахан,

О́zge elde sultan bolǵansha...

Áı, qaıdam... О́zge elde sultan bolý qazir qıyn-aý. Sebebi óz eliniń Sultandary turǵanda shetten kelgen «bótenderdi» kim jaqtyra qoıar dersiz?! Soǵan qaramastan túrli sebeptermen shetel aýyp, «jumaq» araldaryn izdeýge bel býǵandar qarasy azaımaı tur.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Urpaq azsa – ultqa qater

J.Aımaýytov pen M.Áýezov keıbir qazaq mineziniń minin, sol mindi kórip ósken balanyń jamandyqqa salynatynyn 1917 jyly «Alash» gazetinde jarıalaǵan maqalasynda: «Ultym», – dep oqyp shyqqandar halyq arasyna kelse, qaraıa bastaıdy» dep, artynan: «Saıyp kelgende, qazaqta qalyp turǵan ózgeshe minezder: tili aıtqandy qoly qylmaıtyn – turaqsyzdyq, uıymsyzdyq, basynan aspaıtyn – ózimshildik, ezdik» depti. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу