Ұлттық банк теңге бағамының әлсіреу себептерін түсіндірді

Теңге бағамының ұзақ мерзімді үрдісіне іргелі факторлар әсер етеді, оларға негізінен мұнай бағасы, негізгі сауда әріптес елдері валюталарының бағамдары, сондайақ төлем балансының жай-күйі, инфляция деңгейі, Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесі, әлемдік пайыздық мөлшерлемелер жатады. Соңғы уақытта Федералдық резервтік жүйесі (ФРЖ) монетарлық саясатының қатаңдауы аясында портфельдік инвестициялардың әкетілуіне байланысты көптеген дамушы нарықтардың ұлттық валюталарының әлсіреуі байқалады, бұл тұрғыдан Қазақстан ерекшеленген жоқ. 

Егемен Қазақстан
03.08.2018 10819
2

Сонымен бірге бағалардың нарықтық конъюнктурасы және экономика өсуінің оң қарқындары теңгеге қолдау көрсетті және қалған факторлардың әлсіреуші әсерін жұмсартты, бұл теңге бағамының АҚШ долларына қатысты салыстырмалы түрде алғанда шамалы әлсіреуінде көрінді. Еркін өзгермелі айырбастау бағамының қолданыстағы саясаты экономикада теңгерімсіздіктердің жинақталуын болдырмауға мүмкіндік береді, отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ экономиканы долларсыздандыруға ықпал етеді. Шетелдік инвесторлардың портфельдік инвестициялары Қазақстанның валюта нарығына әсер ету факторы ретінде жеке ескеруді талап етеді. Қазіргі уақытта ҚР бағалы қағаздар нарығында Ұлттық Банктің ноттарын ұстаушы бейрезиденттер көлемінің және айырбастау бағамының кері тәуелділігі байқалады.

Наурызда байқалған ұстаушы бейрезиденттердің ең көп көлемі - 453,9 млрд. теңге (баламасы 1,43 млрд. АҚШ доллары) 2018 жылы ұлттық валютаның нығаю шыңына (наурыздың соңындағы жағдай бойынша 1 АҚШ доллары үшін 318,31 теңге) сәйкес келеді. Мамырдан бастап ұстаушы бейрезиденттердің үлесі дамушы нарықтардан портфельдік инвестициялар ағынының жалпы үрдісі және ФРЖ монетарлық саясатын қатаңдату бойынша кейінгі күтулер аясында төмендей бастады. 2018 жылғы 30 шілдедегі жағдай бойынша ұстаушы бейрезиденттердің көлемі 158,5 млрд. теңге (баламасы 0,45 млрд. АҚШ доллары) болды, соңғы 4 айда бейрезиденттер 900 млн, АҚШ долларына жуық сомаға бағалы қағаздар нарығынан шықты (шығу сәтіндегі теңге бағамының мәндерін ескере отырып), бұл валюта нарығына әсер етпей қойған жоқ. Резиденттердің экспорттық кірістерінің өсуімен байланысты сауда балансындағы едәуір оң жағдайға қарамастан, Қазақстанның төлем балансының ағымдағы шоты шетелдік инвесторлардың кірістерді шығаруынан теріс болып қалуда. 2017 жылы бейрезиденттерге кірістер төлемдері 19 млрд. АҚШ долларына жуық болды.

АҚШ монетарлық саясатына келетін болсақ, ФРЖ сәрсенбідегі отырысында негізгі пайыздық мөлшерлемелерді өзгеріссіз қалдырды. Ашық нарықтар жөніндегі комитет ілеспе түсініктемелерінде экономикалық белсенділіктің үдемелі өсу қарқындары, жұмыссыздықтың төмен деңгейде сақталуы және үй шаруашылықтары мен бизнестің негізгі капиталға үдемелі шығыстары (инвестициялар) туралы белгі берді. ФРЖ экономика мен инфляцияның қалыпты өсу қарқындарын сақтау үшін өзінің индикативтік мөлшерлемесін одан әрі біртіндеп арттыруды қайталап көрсетті, сол арқылы осы жылғы үшінші рет қыркүйектегі қатаңдатуға негіз дайындады. Нарық күтулеріне сәйкес, қыркүйекте мөлшерлеменің өсу ықтималдылығы 92%, ал а.ж. желтоқсанда қайтадан өсу ықтималдылығы 73% болды. ФРЖ мөлшерлемелерінің өсуі аясында көптеген инвесторлар барынша тәуекелді активтерден, атап айтқанда дамушы нарықтардан басымдықтарын АҚШ қазынашылық облигацияларына өзгертуде. Қазақстанның әлемдік қаржы нарығымен ықпалдастығы біздің жергілікті нарықтағы жағдайға ауқымды үрдістердің әсерін болжайды.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.10.2018

Машина жасау саласында меморандумға қол қойылды

16.10.2018

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Финляндия Республикасына келді

16.10.2018

Қарағандылық оқушылар халықаралық чемпионатта жеңіске жетті

16.10.2018

С.Стоилов: Қазақстанда ұлттық құрамаға лайық шабуылшы жоқ (видео)

16.10.2018

Маңызды қадамдар атап көрсетілді

16.10.2018

Семейде «Екі жұлдыз» байқауы өтті

16.10.2018

Тарбағатайда 4 мың басқа арналған бордақылау алаңы ашылады

16.10.2018

Әскери борышын өтеген сарбаздар туған жерлеріне оралуда

16.10.2018

Қазақстан және Литва жан-жақты ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті

16.10.2018

Cенаторлар университеттегі цифрлық хабты аралады

16.10.2018

Қайрат Әбдірахманов дипломатиялық қызмет жүйесін жетілдіру туралы айтты

16.10.2018

Туризм саласының маманы жоқ

16.10.2018

Сенаторлар Ақ Жайық өңіріне келді

16.10.2018

Қаңтар–қыркүйек айларында ЖІӨ өсімі 4,1% жетті — ҰЭМ

16.10.2018

Тоғыз айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптік өндіріс көлемі 4,8%-ға ұлғайды — ҚР ИДМ

16.10.2018

Жекешелендірудің кешенді жоспарын орындау: 444 нысан сатылды

16.10.2018

Қармақшы - елдік пен ерлік мекені

16.10.2018

Маңғыстауда теміржол вокзалында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі өткізілді

16.10.2018

БҚО-да екі жылда 110 елдімекенге таза су тартылды

16.10.2018

Қаржы министрлігі инвесторлардың жекешелендірілген нысандар бойынша міндеттер орындауын бақылайды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Jer emgender oza ma, toza ma?

Jalpy, bizdiń halyqtyń arman-maqsatynyń bir ushyǵy qashan da jermen baılanysty sıaqty. Jerdi keńeıtý, jerdi qorǵaý, jerdi óńdeý, jerdi qurmetteý... Mentalıtetimiz jerge jaqyn. Bul basqa halyqtarda olaı emes degen sózimiz emes, biraq bizdiń halyq úshin tym erekshe sıaqty. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdik vırýsy

О́tken ǵasyrdyń 80-jyldary rejısser R.Bykovtyń «Chýchelo» atty fılmi Odaq kólemindegi búkil eldi shýlatqan bolatyn. Kishkentaı ǵana 6 oqıtyn balalardyń boıynan sonshalyqty qatygezdikti kórgen qazaq qaýymy, bálesinen aýlaq, qalada ósken ózge ulttyń qatybastary ábden buzylyp ba­rady eken, bizdiń balalarymyzdan, keleshegimizden aýlaq dep shoshyǵan. Ol kezde mundaı zulymdyq qazaq balasynda kezdespeıtin jat qylyq sanalatyn. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

О́mir kúzetindegi meıirim

Otbasylyq jáne jeke basynyń jaǵdaıyna baılanysty Germanıadaǵy oqýynan eriksiz qol úzip, týǵan jerge oralǵan Ǵabıt Nurhanuly esimdi azamattyń feısbýktegi jazbasy kóńilge túrli oı saldy. Elimizdegi densaýlyq saqtaý salasyndaǵy kóptegen túıtkildi synaǵan avtor nemis halqynan kóp nárseni úırenýimiz kerek deıdi.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу