Аймақтар • 03 Тамыз, 2018

Маңғыстауда «Теңіз-2018» халықаралық оқу-жаттығуы өтеді

508 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2018 жылғы 2-3 тамызда Маңғыстау облысының Ақтау қаласында Каспий теңізі мен шекара маңындағы аумақтарда «Теңіз-2018» халықаралық кешенді оқу-жаттығуы өтеді, оған төрт елдің - Әзірбайжан, Қазақстан, Ресей және Түрікменстанның құтқарушылары қатысады. 

Маңғыстауда «Теңіз-2018» халықаралық оқу-жаттығуы өтеді

Оқу-жаттығу 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Каспий теңізінде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің 4-бабына сәйкес Каспий маңы мемлекеттерінің құтқару қызметтерінің Каспий теңізі акваториясында төтенше жағдайларға ден қою кезіндегі өзара іс-қимыл мәселелерін жетілдіру, олардың бірлескен іс-қимылдары кезінде күштер мен құралдарды қолдану тиімділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылады.  

Бірінші кезеңде 2018 жылғы 2 тамызда Ақтау халықаралық теңіз порты базасында жедел штабты орналастыру және Төтенше жағдайлардағы дағдарыс менеджменті орталығының, Маңғыстау және Атырау облыстарының төтенше жағдайлар департаментінің басқару орталығы, Каспий маңы мемлекеттерінің авариялық агенттіктерінің және Каспий маңы мемлекеттерінің авариялық-құтқару қызметтерін шартты енгізуді дамыту үшін пайдалану жоспарланған.

Екінші кезең 2018 жылғы 3 тамызда Баутино теңіз портында өтеді. Сәйкес инфрақұрылымы бар базада - Теңіз кемелері үшін айлақ, бақылау мұнарасы, құтқару командаларының құрылысының орны, тікұшақ платформалары бар. Құтқарушылар тобы төтенше жағдайларды жою іс-шараларын бірлесіп әзірлейді. Құтқарушылар теңіздегі қиындықтарға тап болған адамдарды іздейді және құтқарады, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетіп, оларды судан арнайы құтқару технологиясымен құтқару кемесіне жеткізеді.

Жаттығуға 500-ден астам қызметкер мен 78-ге жуық арнаулы техника, 2 дана БЕ-200 ұшағы, 7 бірлік тікұшақ, сондай-ақ 7 бірлік теңіз кемелері мен 7 бірлік құтқару қайықтары қатысады.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы

Соңғы жаңалықтар