Қайраткерлік

Қазіргі қазақ мұғаліміне қажет қасиет – қайраткерлік. Қайраткерлік қайдан шығады? Қажыр-қайраттан, мамандыққа құштарлықтан шығады. Ғасыр бұрынғы Алаш қайраткерлерінің ғұмыр дерегіне үңілсеңіз, барлығы дерлік мұғалім болды. Алыс ауылдарда бала оқытты. Айталық, Сұлтанмахмұт Алтайдың қойнауында, Міржақып Торғай өңірінде, тіпті Зайсанда мұғалім болып еңбек етті. Бұл бұл ма? Мағжан, Жүсіпбек, Міржақыптай аяулы азаматтар жеке шығармашылықтарын жиып қойып, бұрқ-сарқ қайнап тұрған қабілетін қазақ баласына қажетті педа­гогикалық әдістемелер жазып ұлт мекте­бінің соны соқпағын салуға, негізін қа­лауға арнады. Міне, қайраткерліктің үз­дік үлгісі!

Егемен Қазақстан
06.08.2018 286
3

Кешегі кеңестік кезеңнің қудалауына түссе де, идеологиясына қисынды өзек болған, үздік көркем шығармадан озық көркем фильмге айналған «Менің атым Қожа» кинокартинасында «Оқушы деген шамшырақ, тек жаға білу керек» деген мектеп мүдірінің сөзі талай буынның жан-дүниесін толқытып, тамаша тәрбиенің арқауына айналды.

Расында, Антон Макаренколардан басталған кеңестік педагогиканың тіні берік болуында қандай негіз бар деген ойға қаласыз. Біздің пайымдауымызша, бұл мұғалімдердің қайраткерлігінен туындаған жүлге сияқты әсер қалдырады. Қаншама қажырлы еңбек жолы сайрап жатқан сол соқпақтан қазір адасып қалғандаймыз.

Өйткені қоғамда бала тәрбиесінде ақылға сыймайтын өрескел көріністер қылаң беріп жатыр. Әрине бала – қатыгез. Балалардың арасында бір-біріне зәбір көрсету, әлімжеттік жасау бұрыннан бар. Бірақ қазіргідей шектен шыққан, адамгершіліктен ада зорлық-зомбылық оқиғалары болған емес. Бұл дүрбелеңге қалай тап болдық? Ең басты себеп, мұғалімдердің қайраткерлік қасиетінен көз жазып қалуы дер едік. Қайдан қайраткер болады? Кәсібіне жүрдім-бардым қараса.

Бұған жеткізетін жолды былайша тізбелер едік. Қағазбастылықтан бас көтермеу, табыстың төмендігі, ата-аналардың шектен тыс шағымы, басы бар да соңы жоқ реформалар, білімсіз бен біліксіз адамдардың мұғалімдік қызметке орналасуы, басқа да түрлі келеңсіздіктер мұғалімнің беделін төмендетуге қызмет етті. Қадірі кеткен кәсіп иесіне құрмет те азаймақ.

Кешегі кеңес кезеңінде мұғалімге деген құрмет қандай еді! Сухомлинскийдің Павлыш мектебі іспетті қазақ педагогикасы­ның мақтанышына айналған қайраткердің бірі – КСРО Халық мұғалімі атанған Құмаш Нұр­ғалиевтің мектебі болды. Замандастарының оны «Марқаның Маресеві» деп атауы бекер емес. Құмаш Нұрғалиев қияндағы Марқакөл өңірінде өмір сүрсе де, соғысқа аяғы мен қолын беріп келсе де мойыған жоқ.

Алыста жатып-ақ атағы алты қырдан асты. Сол кезде ел басқарған Дінмұхамед Қонаевтың өзі «Сама жизнь этого замечательного человека – подвиг, который служит прекрасным примером для нравственного воспитания, формированияя у учащихся высоких морально-политических качеств» деп жоғары бағасын берді.

Одақтың «Правда» газеті бірінші бетінен Құмекеңнің қайраткерлігі туралы мақала жариялады. Ғафу Қайырбеков сияқты ғажап ақын «Тағылған жеке дара жұлдыз еді, Алтайдың алтын шекпен жағасына!» деп жырын арнады. Міне, қайраткерлікке, риясыз мұғалімге құрмет!

Қайраткерлік, мұғалімнің қайраткерлігі туралы сөз қозғағанда әйгілі ұстаз, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері Қанипа Бітібаеваға қайырылмау мүмкін емес. Белгілі қаламгер Әлібек Қаңтарбаев «Ол туралы аңыз да, аңызға бергісіз шындық та молынан айтылады. Аңызы – оны шәкірттері мен әріптестері көк пен жердің арасындағы көгілдір сағым сынды қиял-ғажайып кейіпкерге айналдырып жіберуінде» деп­ жазғандай, көзі тірісінде «Хан апа», «Қа­зақтың Қанипасы» атанған апамыз Абайды оқыту туралы екі кітап, Әуезовті оқыту туралы үш кітап жазды.

Қазақтың кіл клас­сик қаламгерлерін жоғары сыныптарда оқыту сияқты іргелі ұлттық мәселелер кө­терді. Мерейлі мұғалімнің методологиясы Моңғолия, Қытай, Өзбекстан, Түрікменстан, Ресей елдерінде де зерделенді һәм пайдаланылды. Қанипа Бітібаевадай ұлт ұрпағына ұлағатпен қызмет етер мұғалімдер қазір де қажет. Біздегі зәрулік – осы.

Жуырда мұғалімдердің тамыз кеңесі өтеді. Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен былтыр ұстаздар қауымы бірінші рет TEDx форматында бас қосты. Жаңашыл мұғалімдер тәжірибелерімен бөлісіп, сахнада сөйледі. Сол кездесуде мемлекеттік тіліміз кенжелеп қалғандай көрініс жанға батты. Әгәраки, Қанипа Бітібаевадай ұстаздар ортада болғанда, тіліміз де түлеп сала бергендей бар нәрімен асқақ тұрар еді.

Бұл бүгінгі жаңартылып жатқан қазақстандық педагогикаға ұлттық реңк жетпейтінін, ұлт бояуын бере алар қайраткерлердің жоқтығын көрсетеді. Қоғамда орын алып жатқан балалар мен жастар­дың адами тәрбиеден тыс оқиғалары осы қай­раткер мұғалімдер қалыптастырған ұлт­тық педагогикадан айырылып қалудан туын­дауда. Сондықтан алдағы тамыз кеңесінде көтерілер һәм шешілер түйін ұлттық педагогика мен оның қайраткерлері туралы болуы тиіс.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.02.2019

Зейін Әліпбек Ұлттық музей директорының кеңесшісі болып тағайындалды

21.02.2019

«Болашақ» - керемет бағдарлама - Шамиль Аляутдинов  

21.02.2019

Әділхан Ержановтың «Түн құдайы» фильмі Үндістанда өтетін фестивальде бақ сынамақ

21.02.2019

Тұрмысы төмен отбасыларға үй беріледі

21.02.2019

Қызылордалық жастар екі жүзге жуық адамды тегін тамақтандырды

21.02.2019

Қызылордада 5 млн теңгені қолды қылған ұры 10 жылға сотталды

21.02.2019

Қазақстанның Қарулы күштері «Кыш-2019» оқу-жаттығуына қатысады

21.02.2019

Заң университеті жас ғалымдарға гранттар бөлді

21.02.2019

АҚШ-тың әуе компаниялары Қазақстанға биыл ұша алады

21.02.2019

Өзбекстан мен Қырғызстаннан кіргізілетін өнімдерге шектеу қойылмақ

21.02.2019

Қорғалжың қорығында балық аулауға тыйым салынды

21.02.2019

Инфекциялық аурулармен күресуге 2,3 млрд теңге бөлінді

21.02.2019

FlyArystan компаниясы мамырда Орал-Алматы әуе рейсін шығарады

21.02.2019

Маңғыстаулық көп балалы аналар қоғамдық көлікте тегін жүреді

21.02.2019

Маңғыстауда мұқтаж отбасыларға гранттар беріледі

21.02.2019

Маңғыстауда мүгедек балалардың емделуіне жағдай жасалады

21.02.2019

Маңғыстауда көп балалы отбасыларға 100 мың теңге төленеді

21.02.2019

Қарағандыда жас сарбаз өз-өзіне оқ атып, мерт болды

21.02.2019

2010 жылдан бері 120 мың тұрақты жұмыс орны құрылды - Жеңіс Қасымбек

21.02.2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінде жауынгерлік атыстар өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу