Аймақтар • 07 Тамыз, 2018

Қызылорда тәжірибесі өзге облыстарға таратылады

394 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Президенттің бес әлеуметтік бас­тамасын» бақылау жөніндегі респуб­ликалық қоғамдық кеңестің төрағасы Бақытжан Жұмағұлов Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді. Кеңес төрағасы бастаған делегация аймақтағы әлеуметтік және өнеркәсіптік объектілердің жұмысымен танысып, «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» бо­йынша кездесуге қатысты.

Қызылорда тәжірибесі өзге облыстарға таратылады

Бақытжан Жұмағұлов «7–20–25» бағдарламасын іске асыру аясында Сырдария өзе­ні­нің сол жағалауындағы тұр­ғын үй құрылысы жұмыс­тарының қалай орындалып жат­қанын көрді. 2017 жылдың қа­рашасында бас­талған «Қара­өзек» жоғары тех­нология­лық газды компрес­сорлық стан­сасының құры­лысымен және осы жылдың сәуір айын­да ашылған «Q-med» клиника­сының жұмысымен танысты. «Электротехнология» ЖШС оқу орталығы мен «Бо­лашақ» университетінде болды.

Достық үйінде облыс әкі­мі Қырымбек Көшербаев, ­рес­­публикалық қоғамдық кеңес­тің төрағасы Бақытжан Жұ­­мағұлов, «Нұр Отан» партия­сы­ның хат­шысы Фархад Қуан­ғанов және тиісті мемлекеттік органдар өкілдерінің, саяси партия және қоғам белсенділерінің қатысуымен Мемлекет басшы­сының бес әлеуметтік бастамасын Қызылорда облысында жүзеге асыру бойынша кеңес болып өтті.

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Мемлекет басшысы тапсырмасының аймақта іске асу барысы туралы баяндама жасады. Аймақ басшысы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен микрокредиттер санының ұлғаюы арқылы ағымдағы жылдың 6 айының ішінде өзін өзі тиімсіз жұмыспен қамтыған және жұмыссыз 97538 адамның 27 мыңнан астамы жұмысқа орналастырылғанын айтты.

– Соңғы екі жылдың көле­мінде облыс бойынша мем­ле­кеттік қаражат пен жеке құры­лыс салушылардың есебінен 500 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді. 2017 жылы апатты тұрғын үйлердің мәселесін толықтай шештік. Бұл жұмысты 2013 жылы бастадық. Содан бері апатты үйде тұрып жатқан 500-ден аса тұрғынды жайлы да жаңа баспанамен қамтамасыз еттік. Қызылорда облысының аума­ғында 1726 пәтерді құрай­тын­ 42 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Біз 2018 жылды «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылы» деп жарияладық. Осы мақсатта кешенді «Жол картасын» әзір­ле­дік. Оны іске асыруға жалпы есебі 32 млрд теңге бөлуді жоспарлап отырмыз. Оның ішін­де 3 млрд теңге стартап жо­ба­ларға бөлінеді, деді әкім.

Кездесуді қорытындылаған әлеуметтік бастамаларды іске асыру жөніндегі кеңестің төрағасы Б.Жұмағұлов өңірде атқарылған жұмыстарды жақсы бағалайтындығын айтты.

– Сырдарияның сол жаға­лау­ын­дағы жаңа қаланың салы­нуы­на орай бұл бағдарлама тұр­ғындар үшін тиімді болар де­ген ойдамын. Сондай-ақ бұл тұрғыда «Орда» бағдарламасы бекітіліп, сәтті тәжірибе жүзеге асырылып жатыр екен. Бұл несие алушылардың аясын кеңей­туге және аталған бастаманы сәтті іске асыруға септігін тигі­зетіні анық. Мұндай бас­тама әзірге тек Алматы мен Қы­зылорда облысында бар. Мұндай тәжірибені өзге де облыс­тарға да тарату керек деп есептеймін, – деді «Прези­дент­тің бес әлеуметтік бастамасын» бақылау жөніндегі рес­пуб­ликалық қоғамдық кеңестің төрағасы.

Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»