Үкіметте білім беру мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған бағдарламасының қорытындысы талқыланды

Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төраға­лығымен өткен Үкімет отырысында білім беру мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының биылғы 6 айдағы қорытындысы талқыланды. Сонымен қатар жиында Ұлттық бірыңғай тестілеу мен оқу орындарына түсу бойынша емтихандардың қорытындысы баяндалды. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе – ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінде көрсетілген жобаларды жүзеге асыру барысы да кеңінен сөз болды. 

Егемен Қазақстан
08.08.2018 3634
2

Жаңа оқу бағдарламасы бойынша оқулықтар дайын 

Алдымен Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев «Білім беруді, ғылымды дамы­тудың 2016-2019 жылдарға арналған мемле­кеттік бағдарламасының» биылғы 

6 айда­ғы іске асырылу қорытындысын баянда­ды. Оның айтуынша, биыл аталған бағдар­ла­маны орындауға ел қазынасынан 515 200,5 млн теңге бөлінген. Бұл қаражаттан бірін­ші жартыжылдыққа 218 805,9 млн теңге қарастырылған. Соның игерілгені − 217 495,1 млн теңге, яғни 99,4 процент. Министрдің айтуынша, жоспар бойынша биыл бірқатар сыныптар білімнің жаңартылған мазмұнына көшетін болады.

− Өткен жылдан бастап 1-ші, 2-ші, 5-ші және 7-ші сыныптар жаңа оқу бағдарламасы бойынша білім алуда. Осы 2018-ші оқу жылынан бастап қосымша 3-ші, 6-шы және 8-ші сыныптар жаңартылған мазмұн бо­йынша білім ала бастайды. Оларға арналған оқулықтар дайын. Барлығы сараптамадан өтті. Оқулықтарды облыстарға жеткізу жұмысы басталып кетті, – деді Е.Сағадиев.  Дайын оқулықтардың жаңа оқу жылына кешіктірілмей жеткізілуі әкімдіктерге тапсырылған.

− Негізі, оқулықтарды жеткізу − әкім­дік­тердің жауапкершілігіне жататын мәсе­ле. Жалпы, облыстар кітаптарды жеткізу бойынша көлік компанияларымен келісім­шарттарды рәсімдеді. Бірнеше өңірлер, оның ішінде Астана қаласы, Батыс Қазақстан облыс­ының Зеленов ауданы, Түркістан облы­сының төрт ауданы осы күнге дейін бұл жұмысты бастаған жоқ. Жаңа оқу жылына дейін 20 күн қалды. Сондықтан аталған жерлерге оқулықтарды уақытында жеткізбеу қаупі бар. Жергілікті атқарушы органдардың барлығынан осы мәселеге назар аударуды сұраймын, – деді Е.Сағадиев.

Министрдің сөзіне қарағанда, қазіргі кезде мектепке дейінгі балаларды біліммен қамту деңгейі 93 процентті құрайды. Әсіресе «Балапан» бағдарламасы бойынша жан басына қарай қаржыландыру жүйесі тиімділігін көрсетіп отыр. 

− Электронды үкімет пен «е-әкімдіктің» интеграциясы арқылы 25 қала және 6 ауданда балабақшаларға электронды түрде жолдама беру жүйесі іске қосылды. Осы жылдың аяғына дейін барлық облыстар аталған жүйеге қосылатын болады, – деді министр. 

Қазіргі уақытта жаңартылған мазмұн бойынша 73 мың педагог оқытылуда. Жаңартылған мазмұн бойынша сабақ беретін 205 мың мұғалімнің (67%) жалақысы 30%-ке көтерілді. Аттестациялауға қатысқан мұғалімдердің 63%-і аттестациядан өтті. Аттестаттаудың нәтижесі бойынша біліктілік санаттары үшін үстемеақы 2018 жылғы 

1 қыркүйектен бастап енгізілмек. 

ҰБТ нәтижелері қорытындыланды

Министр Е.Сағадиевтың айтуынша, биыл ҰБТ 15-ші рет өткізілді. ҰБТ-ға қатысуға өтініш білдірген 100 мыңнан астам түлектің 75%-і – қазақ тілінде және 25%-і – орыс тілінде тест тапсырды. Қорытынды нәтиже бойынша орташа балл – 83. Өткен жылы бұл көрсеткіш 80,5 балды құраған. Шекті деңгейден 84 мың бітіруші, яғни қатысушылардың 85%-і өтіп отыр.

– Биыл ҰБТ-да барлығы 30 мыңнан астам тест тапсырмалары пайдаланылды. 243 апелляциялық өтініш түсіп, оның ішінде 101 өтініш қанағаттандырылды, – деді министр.

ҰБТ өткізу кезінде 1200 аудитория қолданылып, олардың 90%-і онлайн-таратылыммен қамтамасыз етілді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда үш есеге артып отыр. 

Ал кешенді тестілеу еліміздің 48 жоғары оқу орындарының базасында өткізіліп, оған қатысуға 45 мыңнан астам адам өтініш білдірген. Оның 42 700-і, яғни 93,2%-і кешенді тестілеуге қатысты. Жалпы, шекті деңгейден қатысқандардың 56,4%-і өткен.

Білім және ғылым министрі келер жылы ұлттық бірыңғай тестілеу тәртібіне бірқатар өзгеріс енгізу туралы ұсынысын жариялады. 

– Бізге педагогтар мен ата-аналардың тарапынан жыл бойы ұсыныстар түсіп жатады. Оның ішінде ұлттық бірыңғай тестілеу мен кешенді тестілеу бірдей функцияны атқарған соң, осы екі тестілеуді бірге өткізуге қатысты ұсыныс бар. Екіншіден, ҰБТ жоғары оқу орнына түсетін емтиxан болғандықтан, оны өткізу шараларынан мектеп мұғалімдерін босату. Үшіншіден, мектеп оқушыларын ҰБТ-ға емес, мектеп бағдарламаларын игеруге дайындау қажет болғандықтан, мектептерде сынама тесттерін өткізуді азайту. Төртіншіден, мемлекеттік білім гранттарын оқу тіліне – қазақ немесе орыс тілдеріне бөлмей тағайындау және тағы бірнеше ұсыныс бар, – деді ол.

Е.Сағадиев баяндамасынан кейін Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев кәсіптік-теxникалық білімге жастарды көптеп тарту қажеттігін ескертті. Үкімет басшысының айтуынша, бүгінде кәсіптік-теxникалық білім тегін болса да, жастар ондай оқуға көп бара бермейді. 

− Мемлекеттік тапсырыс 75 мыңнан 100 мың орынға дейін ұлғайды. Алайда 14-24 жас аралығындағы жастарды теxникалық және бейінді біліммен қамту төмен болып отыр. Қазір аталған көрсеткіш бар болғаны 17 процентті құрайды. Ең төменгі көрсеткіш Алматы облысында − 10, Түркістан облыс­ында −13,9, Солтүстік Қазақстан облысында − 14,4 және Жамбыл облысында −14,5 процент. Осыған байланысты Білім және ғылым министрлігі әкімдіктермен, сондай-ақ «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, жұмыссыз жүрген жастарды кәсіптік біліммен қысқа мерзімде, формальды емес және қосымша біліммен қамту бойынша жүйелі шаралар қабылдасын, деді Б.Сағынтаев.

Премьер-Министр сонымен қатар жоғары оқу орындары мен колледждерде берілетін білім бүгінгі заман талабына сай болуы керектігін баса айтты. Оған себеп қазіргі білім беру бағдарламалары цифрландыру сияқты маңызды жоспарлармен байланыс­пай отыр. 

Отандық технологиялар қолданысқа ене бастады

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандан­дырылған көрмесінде көрсетілген 99 жобаны еліміздегі әкімдіктер мен ірі компаниялар жүзеге асырады. Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың айтуынша, бүгінде 115 технология іріктеліп, оны енгізу бойынша жол карталары әзірленіп, бекітілген. Мұнай мен газ саласында Ресей, АҚШ, Қытай мен Финляндияның 9 технологиясы анықталып, оның ішінде 7 технологияны әкімдіктер, 2 технологияны компаниялар таңдаған. «Электр энергетикасы» бағыты бойынша 72 технология анықталса, оның ішінде 63-ін әкімдіктер таңдап отыр. Энергетика министрлігінің деректеріне сәйкес, әкімдіктер мен компаниялар аталған технологияларды бекітілген жол карталарына сәйкес енгізу бойынша белсенді жұмыстар жүргізуде. Бірінші кезеңде әкімдіктер дәстүрлі отынды пайдалануды азайтуға, қалалық ортаны жақсартуға және атмосфераға зиянды шығарындыларды азайту арқылы қоршаған ортаны жақсартуға мүмкіндік беретін 16 технологияны енгізген. Бұл ретте отандық өнімдерді қолданысқа енгізу назардан тыс қалған жоқ. Олардың қатарындағы ғалым А. Әлімғазиннің «SN-62 маркалы жылу сорғысы» жобасы Қостанай облысының әкімдігімен Әулиекөл ауданында күн энергиясы есебінен суды тікелей жылыту үшін енгізілді. Ғалым А.Болотовтың «Болотовтың жел роторлы турбинасы» жобасы Қостанай облысының әкімдігімен енгізіліп отыр. Ғалым А.Жылқышинованың ЭКСПО көрмесінде көрсетілген «қуаты 500 кВт бөгетсіз тиімді шағын-СЭС» жобасы Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласындағы Кедровка өзенінде іске асырылатын жобалардың тізіміне енгізілді. Ал ғалым Д.Байсейітовтің «Гелиоколлекторлар пайдаланылатын гелиоқазандықтар» жобасын «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 2018 жылы енгізуді жоспарлап отыр.

Тақырыпты қорытындылау барысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев атқарылған жұмыстар бойынша нәтиженің бар екенін тілге тиек етіп, бұл бағытта өңірлердің белсенділігін арттыру қажеттігін ескертті. 

– Себебі баяндамаларға сәйкес, барлық облыста жұмыс бірдей деңгейде жүргізіліп жатқан жоқ. Кейбіреулері алда болса, кейбір өңірлерде бұл бағытта ешқандай жұмыс атқарылып жатқан жоқ, – деді Премьер-Министр.

Осыған орай облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкім­дік­теріне, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтер мен компанияларға озық технологияларды енгізу жұмыстарын барынша жандандыру тапсырылды.

Еркежан АЙТҚАЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

14.12.2018

Атырауда қысым тетіктерін шығаратын Қазақстандағы алғашқы кәсіпорын ашылды

14.12.2018

Сенат комитетінде «Табиғи монополиялар туралы» заң жобасы қаралды

14.12.2018

Атырауда жаңа мамандандырылған ХҚКО ашылды

14.12.2018

С.Әкелеев: Бекболат Тілеухан мен Айгүл Қосанованың дауысын мен қойғам

14.12.2018

​БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері Астана форматындағы Сирияаралық келіссөздерді мойындады

14.12.2018

Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік қызметкерлер мен ұлттық компаниялардың қызметкерлеріне марапаттар табыстады

14.12.2018

Қазақстан Президенті мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыру рәсіміне қатысты

14.12.2018

ШҚО Аягөз қаласында 600 орындық мектеп ашылды

14.12.2018

Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев кәсіпкерлермен кездесті

14.12.2018

Тәуелсіздікке тарту: Қызылордада балабақша ашылды

14.12.2018

Назарбаев Зияткерлік мектебінде Қамқоршылық Кеңестің отырысы өтті

14.12.2018

«Аурухана клоунадасы» жобасы жүзеге асты

14.12.2018

Шағын және орта бизнесте көшбасшы

14.12.2018

Жайық өзенінің суы тұрғындарға қауіп төндірмейді

14.12.2018

Семейдегі «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығы арнайы кездесу өткізді

14.12.2018

Қанат Исламға Дүниежүзі қазақтар Қауымдастығының мүшелік билеті табысталды

14.12.2018

Г.Әбдіқалықова мемлекеттік наградалар табыстады

14.12.2018

Самал Еслямова «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атанды

14.12.2018

1991 жылдан бері қазақ жерінде 8,7 миллион сәби дүниеге келді

14.12.2018

Бурабайда «Қансонар-2018» халықаралық турнирі өткізілді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Baılyq jasaýshy sala

Árbir adam óz úıiniń ishinde qandaı zattar bar ekendigin jáne onyń qaı jerde turǵandyǵyn, qaı shkaftyń ishinde qandaı zattyń jatqandyǵyn, jertólesinde qandaı azyq túrleriniń saqtalyp turǵandyǵyn jaqsy biledi. Sondyqtan eshnársesin shashaý qaldyrmaıdy. Qajetine qaraı paıdalanyp otyrady. Al ózimizdiń ortaq úıimiz – Qazaqstanda qandaı zattar bar ekendigin, ásirese, jerimizdiń astynda qandaı mıneraldyq shıkizat kózderiniń shoǵyrlanǵanyn jáne olardyń qory qandaı ekendigin bilemiz be?

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Nápaqa qaıdan tabylar?

  «Qul bazar» tek qazaqqa arnalǵan sıaqty, 100 paıyz qazaq, qazaqtan basqa ult joq qul bazarda jaldanyp turǵan», dep kújingen jazba oqydym áleýmettik jeliden. Nege? Onyń sebebiniń biri – qazaqtyń kásip ıgerýge kerenaýlyǵynda tárizdi.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Әлібек (25.08.2018 17:42:30)

Жалпы білім саласы елімізде жақсы өзгерістерге ие болып жатыр. Жалғасын тапса деген ниеттемін.

Айдар (25.08.2018 17:41:55)

Кәзір грантты қуғалаған жастарымыз көбейіп кетті. Тіпті қандай мамандық екендігін қарамайды.

Самат (25.08.2018 17:41:20)

Новая система образования. Знание трех языков. Конечно есть страх за наших детей. Но это ведь требование времени

Ахмет (25.08.2018 17:40:48)

В последние годы система образование в нашей стране стремительно взяла вверх. Радует

Пікір қосу