Футбол • 08 Тамыз, 2018

«Астана» футбол клубы өз алаңында 0:2 есебімен жеңілді

351 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Астана» футбол клубы «Динамоға» қарсы Чемпиондар лигасының іріктеу матчында өз алаңында 0:2 есебімен жеңілді.

«Астана» футбол клубы өз алаңында 0:2 есебімен жеңілді

«Астана Арена» стадионында елордалық клуб загребтік «Доминоны» қабылдады. Ойынның 39-минутында хорват футболшысы Марио Будимир «Астана» қақпасына гол соғып, есеп ашты. Алғашқы тайм 0:1 есебімен аяқталды.

Матчтың 84-минутта «Динамо» қатарындағы испан футболшысы Дани Ольмо есепті 0:2-ге жеткізді. Осылайша астаналық клуб футболшылары қарсылас қақпасына гол сала алмады.

Қарымта матч 15 тамыз күні Хорватия астанасы Загребте өтеді.