Аймақтар • 08 Тамыз, 2018

Ақмола облысында жобалық кеңсе жұмысқа кірісті

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жуырда Ақмола облыстық кәсіпкерлер палатасында инвестициялық тартымдылыққа негізделген жобалық кеңсе жұмысқа кірісті. Басты мақсат – туризм көкжиегін кеңейте отырып, кәсіпкерлікті дамыту. 

Ақмола облысында жобалық кеңсе жұмысқа кірісті

Өңірдің таңғажайып таби­ғаты көрген жанның көзін то­ғайтып, көкірегінде қуаныш са­малын соқтыратындығы тә­мам елге белгілі. Солай бола тұ­ра, туристік нарыққа қо­сым­­­ша қызметтер қосудың мүм­­кіндіктері әлі де толық қолға алынбай отыр. Бизнес-модельдерді жетілдіріп, ел игілі­гіне жаратқан кезде отан­дық, шетелдік инвестиция тартуға кең жол ашылмақ. Об­лыстық туризм басқармасы мен аудан әкімдіктері бірлесе отырып қол­ға алған тартымды жобалар кең­сесіне алдағы уақытта үлкен жа­уап­кершілік жүктеледі. 

Болашақта бұл кеңсе жол­­ бо­йындағы сервисті ұйым­­дастырып, цифрлы техно­логияға негізделген жаңа туристік маршрут­тарды ашу, қонақ үйлер мен демалыс орталықтарының құрылысы, көңіл көтеру аттракциондарын орнату және басқа да жобаларды қарастырып, тиісті ұйымдастыру қызметін атқа­ратын болады. Өйткені туристік бизнестің өркендеуі мен баға­ның қолжетімділігі жанды бә­се­келестікке тәуелді. Яғни зама­науи туризм индустриясы шаруа­шылық ілкімділікпен қа­тар, сауат­ты бизнес-жоспарларды қа­жет етеді.

Жергілікті атқарушы орган­дармен әріптестік байланыс көп­теген әкімшілік істерді, жер бөлу, инфрақұрылымды да­мыту тәрізді мәселелерді ақыл­­даса отырып, бірлесіп күш­ жұмылдырып шешуге мол мүм­кіндік береді. Ал кәсіп­кер­­лер палатасы кез келген биз­­нес-ұсыныстарды саралап, инвестициялық тартымдылығын айқындайды. Инвесторлардың қатысуымен роуд-шоу ұйымдас­тырылып, таңдаулы жобалардың таныстырылымы өткізіледі. Бұл үшін арнайы байланыс желісі де ашылып отыр.

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар