«Ауыл молдасынан оқыған...»

Қандайда бір әлеуметтік тұрғыдан топтасқан қоғамдық жүйені шайқалтпай ұстап тұратын, жүздеген ғасырлар бойы шыңдалған мызғымас рухани-мәдени ұстыны болады. Бұны ғылыми тілде «институционализм» деп атайды. Яғни бұл дегеніміз – көптеген ғасырлар бойы эволюциялық жолмен дамып, ұзақ сұрыпталу арқылы толық мойындалған, сөйтіп әркез қоғамдық қатынасты реттеуші нормалар мен әлеу­меттік топтар арасындағы құқықтық статустарды сақтауға бағытталған аса қуатты құры­лым.

 

Егемен Қазақстан
08.08.2018 232
2

Байырғы қазақ қоғамы жоғарыдағы айтылған жүйе арқылы дамыған. Атап айтқанда, «билер институты», «байлар инс­титуты», «бәйбішелер институты», «жезде-жеңгелер институты», «ақын-жыршылар инс­титуты», «батырлар институты» т.б. болып кете береді. 

Бұл институттар қоғамды тұтастандырып, шайқалтпай ұстап  тұрды. ХVІІ ғасырдан бастап, қазақ даласын отарлаушылар ең әуелі осы құрылымды бұзса, этнос бірлігін ыдырайтынын жақсы білді. Мысалы ХІХ ғасырда өмір сүрген Ресей барлаушысы П.И.Рычков 1887 жылы Орынборда жа­рық көрген «История оренбургская» атты еңбегінде: «Әр ру өздерінің ақсақалдары мен дәулетті адамдарын құрметтейді. Қайсыбір іске ру басылары мақұлдаған кезде ғана жұмылады...» десе, Абай дана өзінің 39-шы қарасөзінде: «Әуелі –  ол заманда ел басы, топ басы деген кісілер болған. Олар қалай қылса, қалай бітірсе, халықта оны сынамақ, бірден бірге жүргізбек болмайды екен...» деп институционализацияланған қоғамның нақты бірлік-ұстынын сипаттайды.

Жоғарыдағы құрылымдық институт­тардың бірі – «ауыл молдасы». Бұл әлі күнге дейін зерттелмеген, онымен қоймай зерттеуге тыйым салынған тақырып. Өйткені кеңестік идеология «байлар мен молданы қойдай қу қамшымен» дейтін ұран тастап, ұлттық қоғамның негізі ұстыны молдалар мектебін ескінің қалдығы ретінде есептен шығарып тастады.

Қазіргі таңда көбіміз байқай бермейтін мынадай бір қызық дерек бар. Атам замандағы қазақтың қамын жеген ел басы, топ басылардан (Абай) бастап, ақ патшаның тұсындағы ағартушылар, одан қалды кешегі ХХ ғасыр басында «қазақ үшін шам қылған жүрек ма­йын» (Сұлтанмахмұт) Алаш арыстарының өмір-тарихын оқысаңыз, барлығында бірдей «алғаш ауыл молдасынан сауат ашқан» дейтін елеусіз ғана тіркес тұрады.

Мысалы үлкен ағартушы Ыбырай Алтынсаринді алайық, ол да  алғашқы сауатын ауыл молдасынан ашып, соның арқасында 1850 жылы Орынбордағы қазақ-орыс мектебіне оқуға түседі. Ұлы Абай ше, ол да ауыл молдасынан сауат ашып, кейін Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқығаны айтылады. Ұлт ұстазы саналып жүрген Ахмет Байтұрсыновтың да өмірбаянында «1882-1884 жылдары ауыл молдасынан оқыған» дейтін жоғарыдағы елеусіз тіркес тұр. 

Сол сияқты ұлт қайраткері Әлихан Бөкейхановты әкесі тоғыз жасында Қарқа­ралыға апарып, жергілікті молданың оқуына берсе,  Мағжан Жұмабаев ауыл молдасынан сауатын ашып, одан кейін бес жыл Қызылжардағы Бегишев медресесінде білімін жалғастырған. Міржақып Дулатов та осы жолмен жүрген. Жақаңның өмір-тарихын зерттеуші заң ғылымдарының докторы Нұрлан Дулатбеков, бала Міржақып ауыл молдасынан хат танып, екі жыл оқығаннан кейін, 1897-1902 жылдары орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады дейді. Жетісудың дүлдүл жыршысы Ілияс Жансүгіров те әуелі молданың алдын көргеннен кейін, Алматыдағы мұғалімдер даярлайтын курсқа аттанған. 

Батыс Алаш қайраткерлерінің бірі Халел Досмұхамедов те ағасы Дәулетүмбеттің ықпалымен ауыл молдасынан хат таныса, екінші алашшыл тұлға Жанша Досмұхамедов болыстық орыс-казақ мектебіне бармай тұрып, ауыл молдасынан сабақ алған екен. 

Ал баянауылдық мықтылардың бірі – Сұлтанмахмұт Торайғыровты  алғашында Мұқан дейтін ауыл молдасы оқытса, танымал ғалым Қаныш Сәтбаев та осы жолдан өткен. Атақты Жүсіпбек Аймауытов да Бармұхамед деген ауыл молдасынан үш жыл оқыған.

Мұндай дерек солтүстік тумалары Сә­бит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің де өмірбаяндарында жазулы тұр. Ұлы Отан соғы­сының батыры Бауыржан Момышұлы да алғашында ауыл молдасынан оқып, арабша хат таныпты. 

Бірен-сарандары болмаса, көбінің аты-жөні белгісіз осы бір ауыл молдалары кім­дер? Бір таңданарлығы, олар күллі қазақ дала­сының қай бұрышында да болған. Бұлар шәкірттеріне еуропалық білім бере алмауы мүмкін, бірақ халқымыздың байырғы ғасырлар бойы шыңдалған институттық дәстүр-жүйесін оқытып, қазақы танымның терең қайнарынан сусындатып, соңында Құранның қарасын танытқан. Ислам әлемінің ұлы ғұламаларының бірі, батыс пен шығысты қатар мойындатқан Әбу Насыр әл-Фараби атамыздың трактаттарында айтылғандай ауыл молдалары шәкірттеріне әуелі білім емес, тәрбие берген сыңайлы. Соның арқа­сында ауыл молдасынан оқығандар дүние алас-күлеске айналған өткен ғасырдың басында түгелдей дерлік табандары таймай, азаттық жолында бастарын берді емес пе?!. 

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.10.2018

Халықтың әл-ауқатын арттыру басты назарда

17.10.2018

Сенатор Б.Шелпеков Маңғыстау облысына іссапармен келді

17.10.2018

Финляндияның бірқатар компанияларымен контейнерлік тасымалды дамыту жөніндегі келісімге қол қойылды

17.10.2018

Агенттіктің аумақтық департаментінде өзгеше форматта кездесу өтті

17.10.2018

Йеменде 18 миллион адам азық-түлікке зәру

17.10.2018

Әміре Қашаубаев фестивалінің бас жүлде иегері 1 миллион теңге алады

17.10.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Карл Маннергейм бейіті мен «Батырлар кресі» ескерткішіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты

17.10.2018

Елбасы Финляндияға ресми сапарының қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді

17.10.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Финляндия Республикасының Президенті Саули Ниинистёмен кездесті

17.10.2018

Дзюдодан ел чемпионаты Астанада өтеді

17.10.2018

Елеусінов Монте-Карлода жұдырықтасады

17.10.2018

Сенаторлар Түркістан облысының тұрғындарымен кездесті

17.10.2018

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында армиялық қоян-қолтық ұрыстың үздік жауынгерлері анықталды

17.10.2018

«Егеменнің» тілшісі Хамит Есаман жүлдегер атанды

17.10.2018

Алматы облысында екі ауданға жаңа әкім тағайындалды

17.10.2018

Альварес Головкинмен қайта жұдырықтасуға қарсы емес

17.10.2018

Маңғыстауда Қарақия ауданының 45 жылдығы тойланды

17.10.2018

Мемлекет басшысының Финляндия Республикасына ресми сапары жалғасуда

17.10.2018

Kazakhstan Fashion Week сән апталығы басталды

17.10.2018

«Орда» бағдарламасы-әлеуметтік жағынан аз қорғалған отбасылардың үлкен үміті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Urpaq azsa – ultqa qater

J.Aımaýytov pen M.Áýezov keıbir qazaq mineziniń minin, sol mindi kórip ósken balanyń jamandyqqa salynatynyn 1917 jyly «Alash» gazetinde jarıalaǵan maqalasynda: «Ultym», – dep oqyp shyqqandar halyq arasyna kelse, qaraıa bastaıdy» dep, artynan: «Saıyp kelgende, qazaqta qalyp turǵan ózgeshe minezder: tili aıtqandy qoly qylmaıtyn – turaqsyzdyq, uıymsyzdyq, basynan aspaıtyn – ózimshildik, ezdik» depti. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Jer emgender oza ma, toza ma?

Jalpy, bizdiń halyqtyń arman-maqsatynyń bir ushyǵy qashan da jermen baılanysty sıaqty. Jerdi keńeıtý, jerdi qorǵaý, jerdi óńdeý, jerdi qurmetteý... Mentalıtetimiz jerge jaqyn. Bul basqa halyqtarda olaı emes degen sózimiz emes, biraq bizdiń halyq úshin tym erekshe sıaqty. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdik vırýsy

О́tken ǵasyrdyń 80-jyldary rejısser R.Bykovtyń «Chýchelo» atty fılmi Odaq kólemindegi búkil eldi shýlatqan bolatyn. Kishkentaı ǵana 6 oqıtyn balalardyń boıynan sonshalyqty qatygezdikti kórgen qazaq qaýymy, bálesinen aýlaq, qalada ósken ózge ulttyń qatybastary ábden buzylyp ba­rady eken, bizdiń balalarymyzdan, keleshegimizden aýlaq dep shoshyǵan. Ol kezde mundaı zulymdyq qazaq balasynda kezdespeıtin jat qylyq sanalatyn. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(2)

Бекен (11.08.2018 13:10:52)

Иә, бұл автор жақсы жазады

Мейіржан (09.08.2018 13:14:28)

Тамаша мақала екен. Жақсы оқылыпты

Пікір қосу