Қаржы • 08 Тамыз, 2018

Жанар-жағармай құны өсті

571 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде дизель отынының бағасына арналған бас­пасөз­ мәслихаты өтті. Шараға Энер­гетика вице-министрі Болат Ақ­шо­ла­қов, KAZENERGY мұнай-газ және­ энергетикалық даму жөніндегі атқару­шы директоры Рүстем Қабжанов, «ҚазМұнайГазӨнімдері» ЖШС бас дирек­то­ры Қуандық Құл­­мұрзин, «Petroleum Operating» ЖШС Бас директорының орынбасары Асхат Қалиақ­­паров және «Petrosun» ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары Нұржан Сәт­баев қатысты.

Жанар-жағармай құны өсті

«Бүгінде автожанармай құю стансаларында дизель отынының құны өсті. Бұл бірнеше факторға байланысты болып отыр. Тұтыну көлемінің өсу себебі өндірілген дизель отынының ба­сым бөлігі ауыл ша­руашылығы және темір жол салаларын қам­тамасыз етуге жұм­салады. Бұ­дан басқа, сұраныстың артуы Қазақстан ар­қылы өтетін транзиттік жүк тасымалының маусымдық өсуімен және де осы жағдайға байланысты ішкі нарықтағы және көрші елдердің шекаралас аймақтарында бағаның диспаритетіне байланысты отынның шекара асып кетуіне қатысты болып отыр. «Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту және Қазақстан Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» ел Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысына сәйкес дизель отынына ар­­нал­ған акциз мөлшерлемесі ағымдағы жылғы 1 маусымнан бастап 1 литр үшін 7,7 теңгеге көтерілді. Ауыл шаруашылығы тауар­ларын өндірушілерін дизель отынымен қамтамасыз ету жөнінде 2018 жылдың көктемгі егіс жұмыстарының тұрақты жүргізу үшін ҚР Энергетика министрлігі мен Ауыл шаруашылығы ми­нистрлігі бірлескен түрде көктемгі егіс жұ­мыстарына дизельдік отынды жеткізу бойынша мұнай өңдеу зауыттарына облыстарды бекітіп беру кестесі әзірленді және бекітілді. Ауыл ша­руашылығы министрлігі жыл сайын облыс әкімдіктерімен бір­лесіп, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге қажетті мұнай өнімде­рінің көлемін анықтап, Энергетика ми­нистр­­лігіне егіс және егісті жинау жұ­мыс­тарын жүргізуге арналған АШТӨ үшін дизель­дік отынды жеткізу көлемі туралы ұсы­ныс­тарды енгізеді. АШТӨ үшін МӨЗ-ден дизель отынын жөнелтуге басымдық заң деңгейінде берілді, бақылау мен мониторинг жүргізу тәулік бойы жүзеге асырылады. Жоғарыда баяндалғанның негізінде Энергетика министрлігі 2018 жылғы егіс жұмыстарын тұрақты жүргізу үшін жан-жақты шаралар қолданып жатқанын хабарлаймыз», деді Энергетика вице-министрі Б.Ақшолақов. 

Рауан ҚАЙДАР,

«Егемен Қазақстан»