Медицина • 09 Тамыз, 2018

Ақанбарақта инновациялық цех іске қосылды

404 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жуырда шалғайдағы Ақан­барақ ауылында табиғи бал­дырдан жемшөп қоспасын дайындай­тын иннова­ция­лық цех іске қосы­лып, төрт адам жұмыспен қамта­масыз етілді.

Ақанбарақта инновациялық цех іске қосылды

Осыдан ширек ғасыр бұ­рын құрылған «Әсем» шаруа қо­жа­лығы егіншілікпен айналыса­ды. Соңғы жылдары мал шаруа­шы­лығына да түбегейлі бет бұрып отыр. Қазір мұнда 320 бас Қамбар ата, 300 басқа жуық Зеңгі баба, 980 бас Шопан ата түліктері өсі­ріледі.

Заманауи технологияларды ша­руашылықта қол­дануды дітте­ген қожалық иесі Асан Атым­таев жуыр­да табиғи балдырдан құнарлы азық әзірлейтін инно­ва­циялық цех ашып, алғашқы игі­лігін көре бастады.

 – Бүгінде мал дәрілерінің ба­ғасы қымбат. Өнімнің өзіндік құнын кемітетін оңтайлы жолдар­ды іздестіре келіп мал шаруа­шылығында хлорелла биотехно­ло­гиясының жаңашыл үлгілерін енгізуді, сөйтіп қоғамдық малдарды дәрумені мол, ақуызға бай жемшөп қоспасымен қамтамасыз етуді жөн көрдік. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына қатысып, 2,5 миллион теңгенің грантын жеңіп алдық. Бұл қара­жат­ты малдың иммунитетін жақ­сар­тып, түрлі аурулардың алдын алу­ға мүмкіндік беретін, өнім көле­мімен қатар сапасын да артты­ратын қоспалар алуға жұмсала­ды. Әсіресе жас төлдер үшін сұйық ерітінді бірден-бір ем, жақ­сы қабылдап, ойнақ салып жүр, – деді өзі малсақ жан.

 Шаруашылыққа қажетті құрал-жабдықтар Ресейден әке­лінген, сондай-ақ арнайы ма­ман­дар қысқа мерзімді курс біті­ріп келген. Асанның ендігі ойы – ірі қара малының, оның ішін­де сүтті сиырлардың санын көбей­ту. Бұл үшін сауын фермасы талап­қа сай жабдықталып, жүз бас асыл тұқымды мал әкелінбек. Қазір 120 сиыр сауылады. 40-қа жуық ауылдасы еңбек ететін қожа­лық «Сиырдың сүті – тілінде» деген сөзді жақсы түсінген. Құнар­лы жемшөптің арқасында сүт­тің мо­лайғаны, керісінше жұмса­ла­тын шығынның кемігені байқалады.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы,

Шал ақын ауданы