«Бастау» жобасының түлектері газ құю станциясын, токарь цехын және құс фермасын ашпақ

«Бастау» жобасын тәмамдаған 70 түлек бизнес-жоспарларын облыстық комиссия алдында қорғады. Жоба ауыл тұрғындарына кәсіпкерлік негіздерін оқытуға бағытталған 1 айлық курстан тұрады. Бұл-биылғы жыл бойынша кәсіп жоспарларын қорғап отырған 3-топ.

Егемен Қазақстан
09.08.2018 8416

Жалғас Құмаров - көп жыл кеден саласында қызмет атқарған, Қарғалы ауданының Бадамша елді мекенінің тұрғыны. Ол комиссияға ұсынған бизнес-жобасында көрсеткендей «Ақтөбе-Орск» тас жолының бойында орналасқан «Әлімбет» өткізу пункті маңына газ құю станциясын салуды жоспарлайды. Есебінше, бұл жолмен көлік көп өтетін болғандықтан, бизнес табысты болуы тиіс.

«Автокөліктердің санының көбеюіне байланысты бұл салаға байланысты бизнес түрінің барлығы пайда әкеледі деп есептеймін. Әсіресе, қазір бензин бағасының қымбаттауына байланысты газ саудасы қызып тұр. Жергілікті билік те жанар-жағар майды үнемдеу мақсатында көліктердің газбен жүруге көшуін құптап отыр. Сондықтан бұл жобамды іске асыруда қиындық болмайды деп ойлаймын»,-дейді «Бастау» жобасының тыңдаушысы Жалғас Құмаров.

Комиссия мүшелері оған газ станциясының құрылысына қажетті жер учаскесін алу мәселесі жөнінде сұрақ қойды. Болашақ кәсіпкер жер алуға өтінішті Қарғалы аудандық жер бөліміне және Қазавтодор РМК өтініш бергенін, бүгінгі күні қаралып жатқанын айтты.

«Бастау» жобасының тағы бір қатысушысы, Байғанин ауданының тұрғыны Жасарбек Құрмашев Қарауылкелді ауылында токарь цехын ашпақ. Айтуынша, ауыл тұрғындары кәсіби токарь қызметіне зәру. Жоба мақұлданған жағдайда Ауылшаруашылықты қолдау қорынан несиеге 1 000 000 теңге көлемінде қаржы алмақ. Бұл сома цехқа қажетті барлық құралдарды алуға жетпейді. Мұнан көп қаражат алуға Жасарбектің кепілзатқа қоятын құнды мүлкі аз болып тұр. Кәсіпкер бастапқы уақытта көрсетілген сомаға бұрын қолданыста болған станоктарды сатып алып, кәсіп бастамақшы. Болашақта бизнесі жүріп жатса, бұдан үлкен сомаға тапсырыс бермек.

Ауыл кәсіпкерлері үй құстарын өсіру ісіне де қызығушылық танытып отыр. Нарықта үйрек, қаз, күркетауық етіне сұраныс жоғары көрінеді. Денсаулыққа пайдалы болғандықтан мұндай құс еттері елімізде көптеп қолданыла бастады. Дұрыс күтім көрсетіп, өсіре алған жағдайда құс етін алыс-жақын шетелге сатуға болады. Мұндай жобаларды Қарғалы және Хромтау ауданының шаруалары жүзеге асырмақ.

Әр ауданнан келген жоба қатысушылары мал шаруашылығын дамытып, азық-түлік дүкендерін, әсемдік салонын, тігін цехын, шаштараз ашуға байланысты бизнес-жоспарларын ұсынды. Олардың арасында жол бойындағы қызмет көрсету саласын өркендетіп, асхана, суши, такси қызметімен айналысқысы келетіндер бар екен. Комиссия мүшелері олардың осы қызметтермен айналысуға арнайы құжаттарының бар-жоғын тексеріп, қаржылық сауаттылығын анықтауға арналған сауалдар қойды. Бизнес-жоспарын қорғауға келген ауыл тұрғындары «Бастау» жобасына қатысып, кәсіп ашудың қыр-сырын үйренгендерін айтады. «Бастаулықтар» жоба болмағанда кәсіпкерлікті дамытуға арналған мемлекеттік қолдау шаралары туралы білмеген де болар едік десті.

Айтып өтсек, бизнес-жоспарларын сәтті қорғаған «Бастау» жобасының түлектеріне «Ауылшаруашылықты қолдау қоры» арқылы 54 айдан көп емес мерзімге 6 % несиелеу мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен қатар, олардың несие серіктестіктері және екінші деңгейлі банктер арқылы жеңілдетілген несиеге қол жеткізуге мүмкіндіктері бар.

 «Бастау» жобасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты аясында жүзеге асырылуда. 2018 жылы барлығы 2 231 адам оқытылып, олардың ең кемі 446–сы жеңілдетілген несиеге ие болады деп күтілуде.

Темір Құсайын,

«Егемен Қазақстан»

АҚТӨБЕ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.08.2018

Пара алған әкімдердің қылмысы әшкере болды

18.08.2018

Елордада «Ұлы дала рухы» республикалық фестивалінің солтүстік аймақтық іріктеу жарыстары өтіп жатыр

18.08.2018

Астанада түркі тіл білімінің өзекті мәселелері талқылануда

18.08.2018

Бүгін ауыл жасөспірімдерінің республикалық II жазғы спорт ойындары басталады

18.08.2018

Допинг дауынан кейін «Канело» ресми түрде қайта рингке оралды

18.08.2018

Ыбырай Алтынсариннің отбасы қолданған жәдігерлер жұрт назарына ұсынылды (ВИДЕО)

18.08.2018

Астанада мемлекеттік қызметкерлер арасында спорттық сайыс өтіп жатыр

18.08.2018

Қаламгер Сұлтан Қалиұлы дүниеден озды

18.08.2018

Бүгін Азия ойындарының салтанатты ашылуы өтеді

18.08.2018

Мыңнан аса астаналық веложарысқа қатысуда

18.08.2018

ҚМДБ еліміз қалалары бойынша айт намазының уақытын жариялады

18.08.2018

Демалыс күндері елімізде ауа райы тұрақты болады

17.08.2018

Қазақстан Президенті «Журавлевка 1» ауыл шаруашылығы кешенін аралап көрді

17.08.2018

Роман Григорчук «Астана» клубының бас бапкерлігінен уақытша кетті

17.08.2018

Қазақстандық велотрекші әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

17.08.2018

Тау туризмін дамыту қажет

17.08.2018

Еңбек ері – ұрпаққа үлгі

17.08.2018

Тарихи текетірес:Олжабай ма, Жаяу Мұса ма?

17.08.2018

Мемлекет басшысы «Агрофирма Эксимнан» ауыл шаруашылығы кешенін аралап көрді

17.08.2018

«Нұрлы жер» аясында миллионнан астам шаршы метрі пайдалануға берілді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Тілтолғақ пен тілтұтқа

Әлеуметтік желіден «Астана қаласы­ның қаракөз балдырғандары қазақша сөй­лемейтіні несі?» деген сыңайдағы сұрау­лы сөйлем, қобалжулы пікірді көзіміз шалып ойланып қалдық, қапаландық. 

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Ертеңгі ұрпақтың да еншісі бар

Қойнауы құт қазақ жері тәуел­сіз­дігі­міздің ширек ғасырдан асқан шежіресінде ел экономикасын тұралап қалу қасіретінен сақтап келеді. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Мәдениетке мән берсек...

Үйіміздің жанындағы азық-түлік сататын дүңгіршекке соңғы кезде сатушы құтаймай-ақ қойды, жиі-жиі ауысады. Бұрын тіпті мұнда сатушы қыздардың Павлодардан қатынап істейтінін естіп-біліп жүретінбіз. «Екі апта Астанада сауда жасасақ, екі апта бала-шағамыздың қасында болғанға мәзбіз. Ауылдан қалаға қатынап істеудің азабы мен машақаты мұндайды бастан өткізген адамға ғана мәлім. 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Аграрлық саладағы болашақ мамандықтар

Сарапшылардың болжамдарына қарағанда, әлемдік аграрлық салада 15-20 жылдың ішінде революциялық өз­герістер жүзеге асырылады. Жаңа тех­нологиялардың шапшаң қарқынмен дамуы, ғарыш кеңістігін игеруге көптеген елдердің құлшыныс танытуы, гендік инженерия ықпалының күшеюі, азық-түлікке сұраныстың артуы, бос жатқан жерлердің азаюы секілді факторлар әлем бойынша жаңа технологиялармен қаруланған жаңа тұрпатты ауыл ша­руашылығын қалыптастырады. Сөйтіп ауыл шаруашылығы өзгерістерге барынша баяу бейімделетін ең консервативті сала деген бұрынғы түсініктің көбесі сөгіледі.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу