Аймақтар • 09 Тамыз, 2018

Қостанай облысында биылғы оқу жылында 5 мектеп жабылады

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл жөнінде облыстық білім беру мекемелерінің 2018-2019 оқу жылына дайындығы мәселелері қаралған облыс әкімдігінің кеңейтілген мәжілісінде Облыстық білім басқармасының басшысы Бәтима Дауымова мәлімдеді.

Қостанай облысында биылғы оқу жылында 5 мектеп жабылады

Мектептер мемлекеттік нормативтерге сәйкес келмегендіктен аудандық әкімдіктер қаулысымен жабылды. Қазір облыс бойынша жалпы білім беретін 514 мектеп бар. Соның 345-і шағын жабдықталған білім ошақтары. Ал 108 мектеп нормативтік желіге сәйкес келе бермейді. 7 білім беру мекемесі орта мектептен орталауға, орталаудан бастауышқа айналды.

«Облыс өңіріндегі 175 елді мекенде мектеп жоқ. Ал ол жерлерде мектеп жасындағы 1621 бала тұрады. Олардың 250-і мектеп-интернаттарында оқиды, 55 бала мектебі бар ауылдардағы туыстарының үйінде жатады, 1316 баланы мектепке көлікпен тасиды. Ол үшін облыста 139 автобус бар. Баланы мектепке тасуға облыста 29 автобус жетіспейді» деді Бәтима Бексұлтанқызы.

Өткен оқу жылы Сарыкөл ауданында осы мақсатқа бір автобус алынған, ал Қостанай  ауданында қаржы бөлінген, бірақ әлі көлік алынбаған. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов бұл мәселені тездетіп шешуді, ол үшін лизингтік жүйемен автобус алуға шұғыл құжаттар дайындауды тапсырды.

Нәзира Жәрімбет,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай

Соңғы жаңалықтар