Аймақтар • 09 Тамыз, 2018

«KAZAKH INVEST» жарты жылда капиталға салынған инвестициялар көлемін 851 миллион долларға жеткізді

389 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Биылғы алғашқы жарты жылдықта капиталға салынған инвестициялар көлемі 851 миллион долларға жетті. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы АҚ Алматы қаласындағы  филиалының директоры Жандос Оразалиев мәлімдеді.

«KAZAKH INVEST» жарты жылда  капиталға салынған инвестициялар көлемін 851 миллион долларға жеткізді

 Жандос Бақбергенұлының айтуынша, Алматы – Қазақстанның ірі қаласы қаласы ғана емес, экономикалық орталығы, инвестициялық тұрғыдағы тартымды қалалардың көшбасшысы. Алматы 2018 жылдың қаңтар-маусым айларында республикалық деңгейде (20.3%), бұл басқа аймақтармен салыстырғанда ең жоғарғы көрсеткіш, көтерме сауданың жартысын (48%), бөлшектеп сатудың төрттен бір бөлігінен жоғарғысын (30%) қамтамасыз етті.

Қазақстан Әлемдік банктың Doing Business рейтингісі бойынша 36-шы орынды иеленіп тұр. Бұл ретте, аталмыш рейтингті шығарарда Алматы қаласының көрсеткіштері есепке алынғанын айта кету қажет.

Үстіміздегі жылдың қаңтар мен маусым аралығында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 851 млн. АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың қаңтар-маусым аралығындағы көрсеткіштерге қарағанда 22,7% өсім көрсетті.

Өз кезегінде KAZAKH INVEST басты қызметінің бірі инвестициялық жобаларды қолдау болып табылады, негізінен шетел капиталы бар жобалар. Осы бағытта KAZAKH INVEST Алматы қаласындағы өкілдігімен шетел капиталы бар, инвестициялар көлемі 414,8 млн. АҚШ долларын құрайтын 11 инвестициялық жобаға қолдау жұмыстарын жүргізіп отыр. Аталмыш жобалардың сәтті жүзеге асуы қаламызда 3 мың жоғары жұмыс орындарының ашылуын қамтамасыз етеді. Бұл жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібі мен сауда салаларында. Үстіміздегі жылы жоспар бойынша инвестициялар көлемі 252 млн. АҚШ долларын құрайтын 7 жобаны іске қосу көзделуде. Мысалы, қытайлық ірі компания CNPC-дің үлкен диаметрлі дәнекерленген трубаларды өңдейтін Asia Steel Pipe Corporation зауытын, ресейдің Эстралин компаниясының кабельдік өткізгіштер өңдейтін KMK Investment зауытын, неміс капиталы бар электрлі автобустарды құрастыру зауытын іске қосу жоспарлануда. Қазігі таңда жапондық Tokyo Rope компаниясының соммасы 10 млн. АҚШ долларын құрайтын инженерлік жүйелерді қорғайтын өнім шығаратын өнеркәсібі іске қосылып, соммасы 32 млн. АҚШ долларына болатын француз бренді Леруа Мерлен құрылыс материалдар гипермаркеті ашылды. Егер аталмыш өнеркәсіп жапондық Tokyo Rope компаниясының 2-ші жобасы болса, француздық бренд Леруа Мерлен де қосымша тағы 2 жобаны жүзеге асыруға ниет білдірді. Жобалар пысықталуда.

Сондай-ақ, соммасы 73 млн. АҚШ долларына жететін 5 жоба байынша жұмыстар атқарылуда. Бұл жобалар: француздық бренд Decathlon спорттық тауарлар гипермаркеті, жоғары технологиялық кір жуу Cotton Way комбинаты, жаңа Нобел АФФ фармацевтикалық өнеркәсібі, мұнай сортаментінің құбырлық өнімдерін шығаратын Asia Steel Pipe Corporation компаниясының екінші зауыты, дейді Жандос Оразалиев.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан»