Мешітке айналған шіркеу

Екі мың жылдан астам тарихы бар көне Тараз қаласын ертеден бері көптеген ғалымдар зерттеп, лайықты бағасын берген болатын. Талас және Шу аңғарлары бойындағы ортағасырлық Тараз шаһары кезінде еліміздің өндірістік және мәдени орталықтарының бірі болғаны белгілі. Тараз жайындағы алғашқы мәліметтер VІ ғасырға жататын Византия жазба деректерінде кездеседі. 

Егемен Қазақстан
10.08.2018 2665
2

Десе де, ежелгі Тараз турасында ортағасырлық саяхатшы, географ, тарихшылардың барлығы да өз деректерін жазып қалдырғанымен, ешқайсысы көне шаһардың нақты орнын көрсетпеген. Ал тарихи деректерден білетініміздей, Х ғасырда өмір сүрген атақты араб географы әл-Макдиси «Тараз – үлкен қала, бау-бақшалы, жиі қоныстанған рабады бар. Қаланы үлкен өзен екіге бөліп тұр. Жан-жағына ор қазылған төрт қақпасы бар және орталық мешіт базардың ортасында орналасқан» деп жазады. Бұдан кейін тарихи деректер негізінде Тараз қаласының нақты орнын анықтау мақсатында көптеген ғалымдар мұнда зерттеу жұмыстарын жүргізген. Мұнда араб әл-Макдисидің мешіт деп отырғаны қандай мешіт деген сұрақ туады.

Бүгінгі Тараз қаласындағы Қарахан кесенесі орналасқан маңда ерте ислам дәуіріндегі ме­ші­т бар. Ежелгі араб географының мешіт жайлы жазуында да өзіндік мән бар секілді. Талай ғасырдан бері тарих қойнауында қалып келген ерте ислам дәуірінің мешіті 2006 жылы археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстары ба­рысында анықталыпты. Қаз­ба барысында VІІІ-ІХ ғасыр­лар­дағы несториандық хрис­тиан шіркеуінен сол ІХ-ХІІ ғасырларда қайта жасақталған мешіт құрылысының орны табылған. Жамбыл облыстық тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының директоры Сейітжан Ілиястың айтуынша, қирандыны тазалау кезінде бағаналардың тұғыр тастары, шығыс жағында сәкі және батысында мінәжат ететін михрабтың орны анықталған. «Кешенді зерттеулер нәтижесінде табыл­ған нысанның VІІ-ХІІ ғасыр­мен мерзімделетін Қазақстан жеріндегі ерте ислам дәуірі кезінде салынған құрылыс орыны екендігі және христиандық ғибадатханадан қайта жасақтал­ған мұсылмандық мешіт екені дәлелденді», дейді ол.

Ерте ислам дәуіріндегі мешітті аралап көргенімізде, сол ғасырларға жататын Керуен сарайын көрдік. Бұл жерге қазба жұмыстары кезінде табылған монеталар мен қыш-құмыралар қойылыпты. Сонымен қатар жалпы саны сегіз бөлме болуы мүмкін ғимараттың үш рет қайта жасақталғаны да белгілі болған. Екі ғимараттың да ең төменгі еден деңгейінен бастап табылған қытай және түргеш теңгелері және мұнан кейінгі деңгейлерде кезең-кезеңімен сақталған артефактілер екі ғимараттың да қайта жасақталу кезеңдерінің бір мезгілде жүріп отырғанын көрсетеді.

 Тараз қаласы кезінде ірі сауда орталығы болған шаһар. Бұл жерден күн сайын мыңдаған керуен ұлы Жібек жолы арқылы өзге мемлекеттерге аттанып отырған. Алайда ерте ислам дәуіріндегі мешітке қарама-қарсы салынған бұл «Керуен сарайы» Тараздағы «Төрткүл» кешені сияқты керуен аттандыратын орын емес, сол кездегі көпшіліктің намаз уақытын күтетін орны болғанға ұқсайды. Сонымен қатар бұл жерде Қазақ хандығының 550 жылдығына орай салынған «Көне Тараз» кешенінен басталып, керуен сарайға қарай жалғасатын көне жол бар. Бұл жол Х-ХІІ ғасырларға жатады. Жолға төселген қызыл тастар күні бүгінге дейін сақталған. Бірақ, көне заманнан бері келе жатқан тас жолдың ортаңғы бөлігі бүгінде Адамбаев көшесі деп аталып, ол жерлерге жеке үй­лер салынып кеткен екен. Ал сол үйлердің астында күні бүгінге дейін талай тарихи жәдігердің жасырынып жатуы мүмкін.

Тарихшылар бүгінде ерте ислам дәуіріндегі бұл мешіттің кезінде шіркеу болғанын айтып жүр. Ал сол шіркеудің қалай мешітке айналғанын мына бір тарихи оқиғамен байланыстырады. Қарлұқтардың тұңғыш қағаны 841 жылы Самарқандағы саманилік жергілікті билеуші Нух-ибн-Асадқа қарсы соғыс аш­қаны тарихтан белгілі. Сама­ни­ліктер түріктерге қарсы «қа­сиетті соғыс» жариялап, Испид­жаб қаласын басып алып, көш­пенділерден бау-бақша, жүзім алқабын, жайылымын қорғайтын дуал да тұрғызған. Сөйтіп сол уақытта Испиджаб аймағы, яғни Саураннан Тараз қаласына дейінгі аумақ саманиліктердің болмашы ғана билігіне көшкен. «Испиджаб билеушісі қаған Білге-Күл-Қадырхан жыл сайын алым-салықпен қоса саманиліктерге түрлі сый-сияпат және дирхемнің төрттен бірін жіберіп тұруға мін­дет­ті болды. Оларға Ферғанамен қоса, Сырдариядағы түрік қала­ларынан 326 мың 490 дир­хем түсіп тұрды. Ал 893 жылы саманилік әмір Исмаил ибн Ах­мет өз империясының солтүстік-шығыс шекарасын қауіпсіз етуге ұмтылып бақты. Бірақ Қарлұқ қағаны Оғұлшақ Қадырхан ұзақ уақытқа созылған қоршауға төтеп берді. Ақыры наурыз-сәуір айларында қала құлады.

Тарихшы Нершахи қаланың алынуы жайлы «Исмаил олардың астанасы Таразды басып алып, патшаның әйелін және он мың адамды тұтқынға алды. Ол қолға түскендердің көбін өлтіріп, көптеген ат-көлігін алды. Алғандарының бәрін санап шығу мүмкін емес. Олжаны бөліске салу кезінде әрбір мұсылман салт аттыға мың дирхемнен келеді» деген хабарын одан әрі толықтырады. «Тараздың әмірі жауға берілді және сансыз көп диқандарымен бірге исламды қабылдады. Мұндағы үлкен шіркеу мешітке айналды» деп жазады. Қарлұқтар ислам дінін қабылдау арқылы Тараздың сая­си тәуелсіздігін сақтап қалды», дейді Жамбыл облыстық тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы тарих және археология бөлімінің басшысы, тарихшы-археолог Сауран Қалиев. Енді бұдан кейін сол Нершахидің жаз­басындағы мешітке айналған шір­кеу осы деген ой түюге болады.

Жалпы, Тараз қаласының тарихы туралы жазбалар мен деректер өте көп. Барлық ғалымдар Тараздың өте көне шаһар екенін растайды. Мәселен осы уақытқа дейін белгілі болған мұндағы тарихи нысандар мен ескерткіштер де тарих тағылымын алға тартады. Елбасының «Тараз – тарихымыздың темірқазығы» деген сөзі де бұл өңірдің көне тарихтың көмбесі екенін дәлелдейді. Көктем мезгілінде Жамбыл өңіріне арнайы келіп, ортағасырлық Ақыртас кешеніне барған еліміздің Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Әулиеата аймағы туризмді дамытуға сұранып тұрғанын, сондықтан да мұнда аталмыш саланы өркендету керектігін айтқан болатын. Мәселен, Тараз топырағы десе еске Қарахан, Айша бибі сияқты санаулы ғана тарихи нысандар түседі. Ал облыс аймағында немесе Тараз қаласының өзінде басқа да қаншама тарихи жерлер бар. Соның бірі осы ерте ислам дәуіріндегі мешіт болса керек. Жуырда ғана облыстық туризм басқармасы өңірде туристік кластерді дамыту мақсатында аталған көне мешітке туристік компаниялардың басшыларын жинап, кездесу ұйымдастырған болатын. Тарихтың тылсымын тарқатып беретін осындай киелі нысандар көпшіліктің қолдауына ие болса, Жамбыл облысында туризм саласы ойдағыдай қарқын алар еді...

Хамит Есаман,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.10.2018

Журналист Джамаль Хашагджиді өлтірген арабтар екені белгілі болды

20.10.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей және Өзбекстан басшыларымен кездесті

20.10.2018

Үндістандағы пойыз апатынан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

20.10.2018

Қостанай облысында 750 мың теңге пара алған аудан прокуроры ұсталды

20.10.2018

Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасында  семинар өтті

20.10.2018

Данияр Елеусінов АҚШ-та салмақ өлшеу рәсімінен өтті

20.10.2018

Мектеп туризмі отансүйгіштікке бастайды

20.10.2018

Павлодарда ТҮРКСОЙ жастар камералық хоры өнер көрсетті

20.10.2018

Ақтауда ана мен бала орталығы ашылады

20.10.2018

Сенаторлар Батыс Қазақстан облысын аралады

20.10.2018

Маңғыстау облысына ирандық делегация келді

20.10.2018

Қазақстан 2019 жылы медициналық қызметтерді көрсетудің электронды форматына толық көшеді

20.10.2018

Ғылыми-әдеби интеграция артып келеді

20.10.2018

Сыр елінде тұңғыш рет «Қорқыт. Қобыз» атты республикалық байқау өтті

20.10.2018

Кандагарда парламенттік сайлау кейінге қалдырылды

20.10.2018

Маңғыстау облысында өрт сөндірушілерге арналған ескерткіш ашылды

20.10.2018

Тіл меңгерудің өзекті мәселелері талқыланды

20.10.2018

Қызылордада  «Жолда қабылдау» акциясы өтті

20.10.2018

Сенат депутаттары Алматыдағы көпір құрылысы зауытын аралады

20.10.2018

Түрік технологы сүт өндірудің тың әдісін үйретті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Ádep pen ádet

Jýyrda Almaty qalasyna jolymyz túsip, taǵylymy mol tamasha toıǵa qatystyq. Taý shatqalyna aqshańqan shatyr tigip, qudalaryn taǵatsyzdana kútip turǵan almatylyqtardyń ónegeli isine kóz toıyp, kóńil marqaıady. Biz toıly aýylǵa qudalar kelmeı turyp barǵan edik. Qyzyq ıelerimen burynnan tanyspyz. Arǵy túbi Arqanyń qazaqtary. Ultymyzdyń qadym zamandardan beri kele jatqan salt-dástúri, tartý-taralǵysy, jón-joralǵysy yqylym josynymen úılestirilgen toıdyń erekshe bolatyny sezilip tur.

Құрманәлі Қалмахан,

О́zge elde sultan bolǵansha...

Áı, qaıdam... О́zge elde sultan bolý qazir qıyn-aý. Sebebi óz eliniń Sultandary turǵanda shetten kelgen «bótenderdi» kim jaqtyra qoıar dersiz?! Soǵan qaramastan túrli sebeptermen shetel aýyp, «jumaq» araldaryn izdeýge bel býǵandar qarasy azaımaı tur.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Urpaq azsa – ultqa qater

J.Aımaýytov pen M.Áýezov keıbir qazaq mineziniń minin, sol mindi kórip ósken balanyń jamandyqqa salynatynyn 1917 jyly «Alash» gazetinde jarıalaǵan maqalasynda: «Ultym», – dep oqyp shyqqandar halyq arasyna kelse, qaraıa bastaıdy» dep, artynan: «Saıyp kelgende, qazaqta qalyp turǵan ózgeshe minezder: tili aıtqandy qoly qylmaıtyn – turaqsyzdyq, uıymsyzdyq, basynan aspaıtyn – ózimshildik, ezdik» depti. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу