Ауқымды мәселелерді тоғыстырған Ақтау саммиті

Осы аптада елімізде Еуразия кеңістігіндегі аса елеулі оқиға Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін айқындау мәселесіне арналған алқалы жиын өтеді. Қарт Каспий мүдделерін бір арнаға тоғыстырған бес мемлекет – Қазақстан, Ресей, Иран, Әзербайжан және Түркіменстанның басшылары тамыздың 12-сі күні Ақтау саммитінде кездесуді жоспарлап отыр. Жиын барысында тараптар Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі, теңізде экономика, көлік, экология, қауіпсіздік салаларында ынтымақтастық орнату және басқа да стратегиялық мәселелерді талқыламақшы. 

Егемен Қазақстан
10.08.2018 914

Жақында Ақтау саммитіне дайындық мәселелері жөнінде кеңес өткізген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұл шараға әзірліктің көп жыл бойы жүргізілгенін, шетелдік әріптестермен бірлесе ауқымды жұмыс атқарылғанын айта келіп, теңіздің маңындағы елдер арасындағы өзара тиімді экономикалық қарым-қа­ты­настарды нығайтуға бағыт­талған Конвенцияға қол қоюдың маңыздылығын ерекше атап өткен болатын. Яғни, теңіздің жағасындағы елдердің оны пайдалану жөніндегі құқықтары мен міндеттеріне байланыс­ты бүкіл мәселелерді реттеуге мүмкіндік беретін Каспий теңі­зінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция саммиттің негізгі құжаты болмақшы. 

Конвенцияны әзірлеу бұл кешелі-бүгін емес, жиырма жыл бойы жүргізіліп келе жатқан жұмыс. Тараптардың Каспий теңізіндегі қызметінің негізгі қағидаттары, теңіз акваториясын, ұлттық су түбі секторларын бөлу, биологиялық ресурстарды, су түбі мен жер қойнауларын игеруге байланысты әскери ынтымақтастық және шаруа­шылық-экономикалық қызметті жүргізу, кеме жүргізу, қоршаған ортаны қорғау, теңізге қатысты ғы­лыми зерттеулер сияқты мәселелердің осы құжатта нақ­ты­ланғанын айта кеткен жөн.

Қазақстан страте­гиялық зерттеулер институты директорының орынбасары, саяси ғылымдар докторы Санат Көшкімбаевтың айтуынша, Каспийдің құқықтық мәртебесі айқындалып, бір­тұ­тас құқықтық кеңістіктің қалып­тасуы инвесторлар үшін ұзақ­мерзімді жоспарларын алаңсыз жүргізуге мүмкіндік бермек. Эко­логиялық тепе-теңдікті сақтау­ға да жауапкершілік арта түсе­ді. Теңіз қойнауындағы мұ­най мен газды игеру, тасымалдау ісі оңтайланбақ. 

Бұған дейін Каспий маңы мем­ле­кеттері басшылары төрт мәрте кездес­кен. Атап айтар болсақ, 2002 жылы 23-24 сә­уір­де Ашхабадта, 2007 жылы 16 қа­занда Тегеранда, 2010 жылы 18 қарашада Бакуде, 2014 жылы 29 қыркүйекте Астраханьда бас қосты. 

2002 жылғы бірінші Кас­пий сам­миті жоғары деңгей­лердегі кезде­су­лерді өткізуге не­гіз болды. 2007 жылы Теге­ран­да өткен Екінші Каспий сам­ми­тінің қорытындылары бо­йын­ша Қазақстан, Ресей, Әзер­­бай­жан, Иран Ислам Рес­публи­касы Дек­ла­ра­циясына қол қойыл­ды. Онда Кас­пийдің құ­қықтық мәр­тебесінің негізгі мәӨселелері, те­ңіздегі қауіпсіздік пен тұрақ­ты­лық, сондай-ақ халық­ара­лық қаты­настардың жеке­ле­ген аспек­тілері бойынша Кас­пий маңы мемле­кет­терінің ұста­ным­дарына байланыс­ты мәсе­лелер жөнінде мемле­кет­тер­дің қолданыстағы келісім­шарт­тары саяси деңгейде бекі­тілді. 

2010 жылы Бакуде өткен Үшін­ші Каспий саммиті аясында Прези­денттердің Бірлескен мәлімдемесі мен Каспий теңі­зіндегі қауіпсіздік саласында ынтымақтастық туралы Ке­лісімге қол қойылды. Бірлескен мәлімдемеде «Каспий бестігі» көшбасшылары тағы да екінші саммит Декларациясында көрі­ніс тапқан ұстанымдарына берік­тігін растап, теңіздің құ­қық­тық мәртебесі туралы Кон­вен­цияға қатысты жұмысты аяқтау қажеттігін атап өтті. 

Аталған Келісім Каспийде қауіп­сіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ заңға қайшы іс-әрекеттермен күресуде жағалау мемлекеттерінің өзара іс-қимылы үшін құқықтық негізге айналды. Осыған қатысты өзара іс-қимылдың нақты меха­низмдері тиісті хаттамаларда нақтыланады. Сонымен қатар Әзербайжан астанасында бес мемлекеттің басшысы жа­ғалаудағы мемлекеттің егемен­дігіндегі су кеңістігін қамти­тын ұлттық аймақтың еніне қатысты ымырасыз келі­сімге қол жеткізді. Дәл осы мәсе­леге қатысты келіссөздер  кешеуіл­деп келген еді. Бакудегі кездесу аясында, сонымен қатар Каспий теңізінде бекіре тұқымдас балық­тарды аулауға мораторий ен­гізу механизмін әзірлеу туралы келісім бекітілді (мемлекет­тер басшылары дең­гейінде тиісті хаттамалық ше­шім қабылданды). 

2014 жылы Астраханьдағы Төртінші Каспий саммиті барысында президенттер бір­лес­кен мәлімдемеге қол қойды. Онда жағалаудағы мемле­кет­тердің теңіздегі іс-әреке­тіне қатысты көптеген қағи­даттар тізімі нақ­тыланды. Бұл қағи­дат­тар Каспийдің құқық­тық мәр­те­бесі туралы Кон­вен­ция жоба­сына инкорпорация­ланды. Атап айтқанда, мәлім­деме жаға­лаудағы мемлекет­тер арасын­дағы өзара қарым-қатынас не­гіздеріне, Каспий теңізін бейбіт мақсатта пайда­лануға, аймақта қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету­ге, теңіздегі әс­кери құрылыс пен әскери іс-қи­мылға, теңіз аква­ториясын, су түбі мен қойнау­ларын бөлу­ге, кеме жүргізу режіміне, Дүние­жүзілік мұхитқа еркін қолже­тім­ділік құқығына, Каспий теңі­зінің биоресурстарын пайда­лану мен табиғи орта­сын қор­ғауға және теңізде ғылы­ми-зерт­теулер жүргізуге қатыс­ты қағи­даттарды нақтылайды. 

Каспий келіссөздері аясында аталған мәселелердің басым бөлігі бойынша пікірталастар ұзақ жылдар бойы жүргізіліп келді. Сонымен қатар Төртінші сам­митте Коммюнике қабыл­данды, онда мемлекеттер бас­шылары Каспийдегі келіссөз­дер процесіндегі ілгерілеу­ді атап өтіп, одан әрі ынты­мақ­тастықтың негізгі бағыттарын көрсеткен. Сондай-ақ Төртінші саммит аясында Каспий теңізінің биологиялық су ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану, теңіздегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жою сала­сындағы ынтымақтастық туралы Келісімге және гидрометеорология саласындағы ын­ты­мақтастық туралы келісімге қол қойылды. 

Жоғарыда аталған Астрахань саммитінің қорытындысы бо­йынша Каспий маңы елдері басшыларының мәлімдемесіне сәйкес кезекті Бесінші саммит Ақтауда өткізілгелі отыр. 

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елба­сы­ның кітапханасы Геосаясат және өңірлік зерттеулер қыз­метінің жетекші ғылыми қызметкері, саяси ғылымдар докторы Жансая Жаби­наның айтуынша, Ақтау саммитінде мем­лекеттер басшылары қол қоюы жоспар­ланған Каспий теңізінің құқықтық мәрте­бесіне байланысты хаттамада қауіп­сіздік мәселесі ерекше ескерілген. 

– Қазіргі уақытта Каспий аумағындағы қауіпсіздікті қам­та­­масыз ету – маңызды страте­гия­лық мәселе болып отыр. Теңіздің тоғыз жолдың тора­бын­да орналасуы, шикізат қоры­­ның молдығы және басқа да та­биғи байлықтарын ескере келе, аймақтың геосаяси маңыз­ды­лығы өте жоғары екендігін көре­міз. Оның үстіне Каспий маңын­дағы тұрақтылыққа нұқ­сан келтіретін факторлар қа­уіпсіздік мәселесін күн тәртібіне шығарды. 

Жалпы құқықтық мәртебесін айқындауда теңіздің қойнауын, әуе кеңістігін бөлудің маңызы жоғары. Бұл – Каспий маңы мемлекеттерінің егемендігіне, тәуелсіздігіне тікелей қатысты мәселе. Теңіздегі қауіпсіздік заңсыз әрекеттердің жолын кесу­ге бағытталады және төтен­ше жағдайларды хабарлау мен зардабын жоюдағы ынты­мақтастықты арттыра түспек. Міне, Ақтау саммиті 2010 жылы қол қойылған терроризм мен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес, есірткі заттарын заң­сыз тасымалдауды болдырмау, Кас­пий маңы мемлекеттері шекара қызметтерінің өзара іс-қимылы қамтылған келісімнің хаттамасына қол қойылуымен де маңызды болғалы тұр, – дейді ол.

Қамбар АХМЕТ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.08.2018

«Корея» синдромы

17.08.2018

Жақсы іс жалғасын табады

17.08.2018

ШҚО-да Шәкәрімнің160 жылдығы тойланып жатыр

17.08.2018

Шекарадағы құқық бұзушылық азайып келеді

17.08.2018

Сүт өнімдеріндегі баға теңсіздігі белең алып тұр

17.08.2018

Ауыл кооперативінің артықшылығы

17.08.2018

Отандық балмұздақтардың 10 тоннасы Алматыдан Шанхайға жіберілді

17.08.2018

Басты бағыт – цифрландыру

17.08.2018

Жамбылда ет экспорты мың тоннаға артады

17.08.2018

Рустам МИННИХАНОВ: Экономикалық байланысты кеңейтуге мүдделіміз

17.08.2018

Солтүстік Қазақстан университеті 1702 грант ұттып алды

17.08.2018

Сапар Өтемісұлы туралы сыр

17.08.2018

Күншуақ қаласындағы жазушы

17.08.2018

Тұлға тағылымы

17.08.2018

Қарағандыда «Мерейлі отбасы-2018» байқауының облыстық кезеңі өз мәресіне жетті

17.08.2018

Қостанайлық диқандардың биылғы кеусені 5 миллион тоннадан кем болмайды

17.08.2018

Тілтолғақ пен тілтұтқа

17.08.2018

Елімізде халықаралық музыкалық байқау басталады

17.08.2018

«Шахтер» саябағында салынған бассейн құрылысы қала тұрғындарын таңғалдырды

17.08.2018

Жезқазғандағы жекеменшік Диснейленд

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Тілтолғақ пен тілтұтқа

Әлеуметтік желіден «Астана қаласы­ның қаракөз балдырғандары қазақша сөй­лемейтіні несі?» деген сыңайдағы сұрау­лы сөйлем, қобалжулы пікірді көзіміз шалып ойланып қалдық, қапаландық. 

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Ертеңгі ұрпақтың да еншісі бар

Қойнауы құт қазақ жері тәуел­сіз­дігі­міздің ширек ғасырдан асқан шежіресінде ел экономикасын тұралап қалу қасіретінен сақтап келеді. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Мәдениетке мән берсек...

Үйіміздің жанындағы азық-түлік сататын дүңгіршекке соңғы кезде сатушы құтаймай-ақ қойды, жиі-жиі ауысады. Бұрын тіпті мұнда сатушы қыздардың Павлодардан қатынап істейтінін естіп-біліп жүретінбіз. «Екі апта Астанада сауда жасасақ, екі апта бала-шағамыздың қасында болғанға мәзбіз. Ауылдан қалаға қатынап істеудің азабы мен машақаты мұндайды бастан өткізген адамға ғана мәлім. 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Аграрлық саладағы болашақ мамандықтар

Сарапшылардың болжамдарына қарағанда, әлемдік аграрлық салада 15-20 жылдың ішінде революциялық өз­герістер жүзеге асырылады. Жаңа тех­нологиялардың шапшаң қарқынмен дамуы, ғарыш кеңістігін игеруге көптеген елдердің құлшыныс танытуы, гендік инженерия ықпалының күшеюі, азық-түлікке сұраныстың артуы, бос жатқан жерлердің азаюы секілді факторлар әлем бойынша жаңа технологиялармен қаруланған жаңа тұрпатты ауыл ша­руашылығын қалыптастырады. Сөйтіп ауыл шаруашылығы өзгерістерге барынша баяу бейімделетін ең консервативті сала деген бұрынғы түсініктің көбесі сөгіледі.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу