Атырауда «San-Remo Saraishyq» атты итальяндық музыка фестивалі өтті

2 мыңға жуық көрермен тамашалауға келген бұл шара «Сұлтан Бейбарыс» атындағы алаңда өтті, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Егемен Қазақстан
10.08.2018 2408

Тамыздың 9-ы күні Сұлтан Бейбарыс атындағы алаңда Атырау музыкасының тарихында «San-Remo Saraishyq» атты фестивалі тұңғыш рет өтті. Концертті ұйымдастырушы қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі. Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтарын шығармашылықпен қуанту үшін Италияның әр қаласынан «San Remo» халықаралық фестивалінен 8 әртіс келді. Олардың арасында әлемге әйгілі әртістер - танымал тенор Родольфо Мария Гордони, «San-Remo» фестивалінің тұрақты қатысушысы және композитор Исабео Биффи, халықаралық Alt @Moda тобы бар.

«Атырауға мен алғаш рет келдім, қала тұрғындары мені және менің әріптестеріме қонақжайлылық танытты. Біз танымал - Toto Cutunje, Adriano Celintano, Richie және Poveri, Pupo, Nada және басқада итальяндық әртістердің әндерінен тұратын үлкен репертуарды алып келдік. Көрермендер бізді өте жылы қарсы алып, бізбен бірге ән шырқады. Өте жақсы көңіл-күй сыйлады», - дейді әнші Исабео Биффи. Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Сюзанна», «Феличита» және басқа да кеңестік дәуірдің басқа да танымал әндері Атырау қаласының тұрғындары үшін, әсіресе, қарт адамдар үшін шынайы мереке болды.

Бүгін шамамен екі мың көрермен әйгілі итальяндық әртістердің өнерімен танысуға келді. Екі елдің мәдениеті мен тілін байланыстыру біздің басты мақсатымыз болатын. Осы мақсатымыз жүзеге асты деп есептеймін. Ендігі кезекте Италия елінде Қазақстан эстрадасының концертін қойып, итальяндықтарды біздің мәдениетіміз бен тілімізбен таныстырсақ жақсы болар еді, дейді Атырау қаласы мәдениет бөлімінің бас маманы Қарлығаш Құмарова. Айта кетсек, «San-Remo» - танымал итальяндық ән байқауы. Әр жыл сайын ақпан айының ортасында Италияның солтүстік-батысындағы Сан-Ремо қаласында өткізіледі. Байқау бұрын соңды көпшілікте орындалмаған италиялық композиторлардың түпнұсқа әндерінің байқауы.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.08.2018

АҚШ-тың әйгілі кәсіпқой боксшысы Рой Джонс Рудныйда рэп оқыды

16.08.2018

«II Абай оқулары» жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді

16.08.2018

4 қыркүйекте Пәкістанда президенттік сайлау өтеді

16.08.2018

Нұрғали ОРАЗ. «Соавтордың» соры

16.08.2018

Түркістан облысында «Бұ­л – біздің таулар!» фес­­тивалі өтті

16.08.2018

Илья Ильиннің бала күнінен естелік

16.08.2018

«Қызыл сызықтан» асқандар қадағалана ма?

16.08.2018

Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде бір сатыға жоғарылады

16.08.2018

Абай ауылы алған асулар

16.08.2018

Ажал аузынан аман қалған

16.08.2018

«Қазақфильмнің» жүзден астам кинокартинасы ТМД мен Шығыс Еуропаның ірі видеосервисіне шықты

16.08.2018

Үстел теннисшілерінің әлемдік рейтингі жаңартылды

16.08.2018

Қостанайда Қытай тракторлары құрастырылады

16.08.2018

Головкин мен «Канело» 26 тамыз күні Лос-Анджелесте ашық жаттығу өткізеді

16.08.2018

Елбасының балалық шағы туралы деректі фильмнен үзінді жариялайды

16.08.2018

Елбасы Ахметжан Есімовті қабылдады

16.08.2018

Астанада «Ұлттың ұлы мұрасын қадірлейік» атты іс-шара өтті

16.08.2018

Астана хабы Корея Республикасымен ынтымақтастықты нығайтуда

16.08.2018

Қаралы көктем.1953 жыл, наурыз

16.08.2018

Жакартада еліміздің мемлекеттік туы ресми түрде көтерілді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Ертеңгі ұрпақтың да еншісі бар

Қойнауы құт қазақ жері тәуел­сіз­дігі­міздің ширек ғасырдан асқан шежіресінде ел экономикасын тұралап қалу қасіретінен сақтап келеді. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Мәдениетке мән берсек...

Үйіміздің жанындағы азық-түлік сататын дүңгіршекке соңғы кезде сатушы құтаймай-ақ қойды, жиі-жиі ауысады. Бұрын тіпті мұнда сатушы қыздардың Павлодардан қатынап істейтінін естіп-біліп жүретінбіз. «Екі апта Астанада сауда жасасақ, екі апта бала-шағамыздың қасында болғанға мәзбіз. Ауылдан қалаға қатынап істеудің азабы мен машақаты мұндайды бастан өткізген адамға ғана мәлім. 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Аграрлық саладағы болашақ мамандықтар

Сарапшылардың болжамдарына қарағанда, әлемдік аграрлық салада 15-20 жылдың ішінде революциялық өз­герістер жүзеге асырылады. Жаңа тех­нологиялардың шапшаң қарқынмен дамуы, ғарыш кеңістігін игеруге көптеген елдердің құлшыныс танытуы, гендік инженерия ықпалының күшеюі, азық-түлікке сұраныстың артуы, бос жатқан жерлердің азаюы секілді факторлар әлем бойынша жаңа технологиялармен қаруланған жаңа тұрпатты ауыл ша­руашылығын қалыптастырады. Сөйтіп ауыл шаруашылығы өзгерістерге барынша баяу бейімделетін ең консервативті сала деген бұрынғы түсініктің көбесі сөгіледі.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Бесінші саммит және Каспий «бестігі»

Кеше Ақтау қаласында Каспий маңы мем­лекеттері басшыларының Бесінші саммиті өтті. Аса маңызды халықаралық жиынға Қазақ­станның, Ресейдің, Әзербайжанның, Иранның және Түрікменстанның президенттері қатыс­ты. Тараптар Каспий теңізінің құқықтық мәрте­бесі, теңізде экономика, көлік-транзит, эколо­гия, қауіпсіздік және басқа да салалар бойын­ша ынтымақтастық орнату мәселелерін талқылады. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу