Үкімет • 10 Тамыз, 2018

Бақытжан Сағынтаев отын тапшылығы мәселесін талқылады

434 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысында отын тапшылығы мәселесін талқылады, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Бақытжан Сағынтаев отын тапшылығы мәселесін талқылады

Қабылданған шаралар қорытындылары

Елорда мен өңірлерде туындаған, көмір бағасының күрт өсуіне әкелген жағдай монополияға қарсы күрес комитетінің баса назарына ілінді.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінен хабарлағандай, 2017/2018 жылу маусымында көмір тапшылығы мен оның бағасының өсуі фактілері бойынша үш көмір өндіретін компания мен 96 бөлшек-көтерме жеткізушілерге қатысты бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзғандары үшін 21 тергеу басталған.

Қазіргі таңда, 20 тергеу аяқталды, оның ішінде 12 жағдайда 50 субъектінің бұзушылыққа орын бергені расталды:

ШҚО-да көмір нарығында көтерме жеткізушілердің экономикалық іс-әрекетін үйлестірумен айналысқан «Қаражыра» АҚ көмір өндірушіге қатысты тергеу.

Он өңірде (Астанада, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, ШҚО, Жамбыл, БҚО, Қарағанды, СҚО, Түркістан облыстарында) бағаны өсіруге байланысты келісілген іс-әрекеттерді жасауына немесе картельдер жасасуға күдікті ретінде 49 көтерме-бөлшек көмір жеткізушілерге қатысты 11 тергеу.

Монополиялық кірісті ескерумен әкімшілік айыппұлдың жалпы сомасы 299 млн теңгені құрады, қазіргі кезде оның 47,4 млн теңгесі төленді. Қалған айыппұл сомасына қатысты әкімшілік істер соттарда қаралып жатыр.

Комитетте ақпараттандырғандай, сауда-саттықтарда картель жасасу бойынша Қостанай облысында төрт көтерме жеткізушіге қатысты бір тергеу ісі аяқталып қалды.

Өндіру өткен жылғыдан көп

Энергетика министрлігінің мәліметінше, жедел деректер бойынша көмір өндіретін кәсіпорындар а.ж. жеті айының ішінде 60 млн т көмір өндірген, бұл өткен жылғы осындай кезеңге шаққанда 103,9% (59,7 млн т).

Электр станцияларына 32,4 млн т көмір тиелді, бұл өткен жылдың осы кезеңіне шаққанда 102,5% (31,6 млн т). Тұрғындардың коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктері үшін 5,44 млн т көмір тиелді – 2017 ж. осы кезеңге шаққанда 100% (5,3 млн т). Ведомстводан атап өткендей, бұл кезеңде 15,5 млн т көмір экспортталды.

Энергетика министрлігінде өткен жылу маусымында тұрғындар үшін көмір жеткізуде іркілістер болғанын мойындайды.

«Бұл негізгі екі факторға байланысты: жергілікті атқарушы органдар тарапынан дайындықтың болмауы және адал емес көмір жеткізушілердің үйлестірілмеген іс-әрекеті», деп нақтылады ЭМ.