Елбасы «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы» жолының бірінші кезеңін ашуға рұқсат берді

Бүгін ҚР Президенті Құрық портындағы көлік хабын таныстыруға арналған шара аясында ұйымдастырылған телекөпір кезінде «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы» жолының бірінші кезеңін ашуға рұқсат берді.

Егемен Қазақстан
11.08.2018 2982
2

Телекөпір барысында Құрық порты мен «Ақжігіт - Бейнеу» республикалық автожолының құрылысшылары және «Қорғас - Шығыс қақпасы» Арнайы Экономикалық Аймақтағы құрғақ порттың жұмыскерлері байланысқа шықты. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының басшысы Ермек Қизатов «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан» шекарасы жолының бірінші кезеңі іске қосылуға дайын екенін айтты.

«Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Бейнеу-Ақжігіт» автожолын қайта салу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жол Құрық порты арқылы транзитті арттырып, транскаспийлік дәліздің Өзбекстанмен және Орталық Азияның басқа да елдерімен байланысын қамтамасыз етеді. Жолдың өткізу мүмкіндігі тәулігіне қазіргі 1 мыңнан 7 мың көлікке дейін жеткізіледі. Сонымен қатар, Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы «Тажен» шекара бекетін жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Ондағы өткізу мүмкіндігі екі есе жоғарылайды. «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы» жолының бірінші кезеңі іске қосылуға дайын. Қозғалысты бастауға рұқсат сұраймыз»,- деді «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының басшысы Ермек Қизатов.

Өз кезегінде Елбасы аталған жол учаскесінде қозғалысты ашуға рұқсат берді.

«Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевтің сұрауымен жол құрылысы тездетіліп жатыр. Бұл жол Өзбекстанды Қазақстанмен қосып, аталған елдің жүгін Каспийге алып келуге және біздің порттардың жұмысын жандандыруға үлкен ықпалын тигізеді. Сондықтан, атқарған жұмыстарыңыз үшін зор ризашылығымды білдіремін», - деді ҚР Президенті.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.10.2018

Қазақстан ДЭФ рейтингінің үш параметрі бойынша бірінші орынды иеленді

18.10.2018

Алматы «Smart city-2018» Еуропалық форумының ең жоғары марапатына ие болды

18.10.2018

Олжас Ордабаев «Атамекен» ҚР ҰКП төрағасының орынбасары болып тағайындалды

18.10.2018

«Токyo Open 2018»: спортшыларымыз 2 медаль жеңіп алды

18.10.2018

Бүгін – Әзербайжан Республикасының Тәуелсіздік күні

18.10.2018

Буэнос-Айрес: Еліміздің Әнұраны екі мәрте шырқалды

18.10.2018

Айбике Хабибуллина Азия чемпионатында топ жарды

18.10.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Бельгия Корольдігіне сапармен барды

18.10.2018

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Сириядағы дағдарысты шешуге шақырды

18.10.2018

ҚИК жаңа ипотекалық өнімді іске қосу туралы жариялады

18.10.2018

Ресей мен Моңғолия арасында әскери серіктестік түзілді

18.10.2018

«Өзен» өткел бермей тұр

18.10.2018

Балуандар Багам аралдарында белдесуде

18.10.2018

Сенат депутаттары Қыздар университетінің ұжымымен кездесті

18.10.2018

Жолдау 2018: мамандар қолдауы

18.10.2018

Әлеуметтік мәселелерді жылдам шешуді көздеген өңір

18.10.2018

Журналист Күлән Берікболова дүниеден өтті

18.10.2018

Екібастұзға ерекше сыйлық

18.10.2018

Шалғайдағы халық алысқа шабылмайтын болды

18.10.2018

Сенаторлар құрылыс алаңдарында болды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Құрманәлі Қалмахан,

О́zge elde sultan bolǵansha...

Áı, qaıdam... О́zge elde sultan bolý qazir qıyn-aý. Sebebi óz eliniń Sultandary turǵanda shetten kelgen «bótenderdi» kim jaqtyra qoıar dersiz?! Soǵan qaramastan túrli sebeptermen shetel aýyp, «jumaq» araldaryn izdeýge bel býǵandar qarasy azaımaı tur.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Urpaq azsa – ultqa qater

J.Aımaýytov pen M.Áýezov keıbir qazaq mineziniń minin, sol mindi kórip ósken balanyń jamandyqqa salynatynyn 1917 jyly «Alash» gazetinde jarıalaǵan maqalasynda: «Ultym», – dep oqyp shyqqandar halyq arasyna kelse, qaraıa bastaıdy» dep, artynan: «Saıyp kelgende, qazaqta qalyp turǵan ózgeshe minezder: tili aıtqandy qoly qylmaıtyn – turaqsyzdyq, uıymsyzdyq, basynan aspaıtyn – ózimshildik, ezdik» depti. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Jer emgender oza ma, toza ma?

Jalpy, bizdiń halyqtyń arman-maqsatynyń bir ushyǵy qashan da jermen baılanysty sıaqty. Jerdi keńeıtý, jerdi qorǵaý, jerdi óńdeý, jerdi qurmetteý... Mentalıtetimiz jerge jaqyn. Bul basqa halyqtarda olaı emes degen sózimiz emes, biraq bizdiń halyq úshin tym erekshe sıaqty. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу