Президент • 11 Тамыз, 2018

Елбасы «Tree of life» демалыс орнын аралап көрді

461 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті «Tree of life» демалыс орнының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Елбасы «Tree of life» демалыс орнын аралап көрді

Нұрсұлтан Назарбаев туристермен әңгімелесу барысында Каспий шипажайларында демалудың артықшылықтарын, соның ішінде бағаның қол жетімділігін, суға шомылу маусымының ұзақтығын, Ақтау қаласы инфрақұрылымының жақындығын, қонақ үй санының көптігін атап өтті.

– Мен бұған дейін Алакөлде, Балқашта, Бурабайда болдым. Бұл демалыс аймағы отандық туризмді дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер береді. Біз осы саланы ілгерілетуді жоспарлап отырмыз. Ақтау қаласы келешекте Қазақстанның Анталиясына айналатын болады, – деді Мемлекет басшысы.

Бір маусымда 140 мыңға жуық адамды қабылдауға мүмкіндігі бар демалыс аймағы 5,7 гектарды қамтиды және Ақтау қаласынан 25 шақырым жерде орналасқан. Туристік нысанға тартылған инвестицияның жалпы көлемі – 485,2 миллион теңге.