Қазақстан • 12 Тамыз, 2018

ҚР Қарулы Күштері құрамасы халықаралық Армия ойындарында үшінші орынды иеленді

473 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәскеудегі «Алабино» полигонындағы төртінші Армия халықаралық ойындарының салтанатты жабылу рәсіміне қорғаныс ведомствосының басшысы Нұрлан Ермекбаев қатысты, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс Министрдің баспасөз қызметі.

ҚР Қарулы Күштері құрамасы халықаралық Армия ойындарында  үшінші орынды иеленді

Сайыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрамасы жалпы командалық үшінші орынды иеленді, бірінші орында Ресей Федерациясының командасы және екінші орынға Қытай Халық Республикасының әскери қызметшілері жайғасты.

Қазақстанның командасын ұйымдастырушылар көрнекілердің бірі деп танығанын айта кеткен жөн. Ойынның төрешілер алқасының мүшелері ҚР ҚК әскери қызметшілерінің жоғары дайындық деңгейлерін, кәсіпқойлықтары мен жауынгерлік машықтарын атап өтті.

Қазақстандық армияның абыройы мен беделі үшін түрлер мен әскер тектерінің, «Астана», «Оңтүстік», «Батыс», «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтарының 300-ге жуық әскери қызметшісі халықаралық аренада бақ сынасты. Қазақстан құрамасының қоржынында 4 алтын, 4 күміс және 4 қола медаль.

Одан басқа, АрХО сайысының жабылуы шеңберінде ҚР Қорғаныс министрі Н. Ермекбаев Ресей қорғаныс ведомствосының басшысы армия генералы С. Шойгумен кездесу өткізді. Оның барысында тараптар әрі қарайғы екіжақты әскери ынтымақтастық мәселелерін талқылады.