Қазақстан • 12 Тамыз, 2018

Қазақстанға Иран, Әзербайжан, Түрікменстан президенттері келді

463 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Каспий маңы мемлекеттерінің бесінші саммитіне қатысу үшін көршілес елдердің президенттері Ақтауға сапармен келіп жатыр.

Қазақстанға Иран, Әзербайжан, Түрікменстан президенттері келді

Ақтау әуежайына Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев мінген ұшақ бірінші болып қонды. Оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Қанат Бозымбаев қарсы алды. Одан кейін Ақтау саммитіне Иран Президенті Хасан Рухани бастаған делегация мен Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұxамедов келді.

Ал түске дейін Қазақстанға Ресей Президенті Владимир Путин келеді деп күтілуде.