Қазақстан • 12 Тамыз, 2018

Ақтауда Каспий саммиті басталды

576 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Ақтауда бес ел президенттерінің қатысуымен Каспий маңы мемлекеттерінің бесінші саммиті өз жұмысын бастады.

Ақтауда Каспий саммиті басталды

Ақтау қаласындағы  «Достық үйінде» Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президенті Владимир Путинді, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевті, Иран Президенті Хасан Руханиді және Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұxамедовті күтіп алды.

Бұл маңызды шара барысында Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойылады деп күтілуде. Құжат теңіз акваториясын, Каспий теңізі түбін бөлуге, биоресурстарды қорғауға, балық аулауға, сонымен қатар Каспий түбімен құбыр тартуға қатысты ережелерді қамтиды.