Бесінші саммит және Каспий «бестігі»

Кеше Ақтау қаласында Каспий маңы мем­лекеттері басшыларының Бесінші саммиті өтті. Аса маңызды халықаралық жиынға Қазақ­станның, Ресейдің, Әзербайжанның, Иранның және Түрікменстанның президенттері қатыс­ты. Тараптар Каспий теңізінің құқықтық мәрте­бесі, теңізде экономика, көлік-транзит, эколо­гия, қауіпсіздік және басқа да салалар бойын­ша ынтымақтастық орнату мәселелерін талқылады. 

Егемен Қазақстан
13.08.2018 219
3

Қарт Каспийдің құқықтық мәртебесін анықтау жөніндегі мәселенің күн тәртібіне қойылғанына жиырма жылдан асты. Осы кезеңде Каспийдің құқық­тық мәртебесі туралы Конвенцияның ереже-құжат­тарын дайындау үшін әр елдің сарапшылар коман­дасы және Сыртқы істер министрлерінің орын­ба­сар­лары деңгейінде құрылған арнайы жұмыс тобы жұмыс істеді. Аталған уақыт ішінде арнайы жұмыс тобының сарапшылары 52 отырыс өткізген. Оның сыртында Каспий маңы мемлекеттерінің өзара екіжақты келіссөздер жүргізгені тағы бар.

Кейбір сарапшылар Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенция жобасын дайындау мәселесі ұзаққа созылып кеткенін айтады. Біздің ойымызша, жиырма жыл аз да, көп те уақыт емес. Себебі Каспий екі елдің ғана емес, бес мемлекеттің жағалауын шайып жатыр. Олардың әрқайсысының теңіз акваториясына деген ұстанымы мен мүддесі бар. Сондықтан да бес мемлекеттің теңіз суындағы шекараларын белгілеу бойынша ортақ мәмілеге келу өте қиын шаруа.

Дүние жүзінде ғасырлар бойы судағы, сондай-ақ, құрлықтағы шекараларын айқындай алмай жүрген елдер де кездеседі... Осы жиырма жыл ара­лы­ғын­да тараптар Каспий теңізіндегі қызметтің негізгі қағидаттары, ұлттық су табанын бөлу, биологиялық ресурстар мен жер қойнауларын игеруге байланысты ынтымақтастық, теңізде шаруашылық-экономикалық жұмыстарды жүргізу мен кемелер жүзуін реттеу, қоршаған ортаны қорғау және Каспий теңізіне қатысты ғылыми-зерттеулер жүргізу, тағы басқа да мәселелер жөнінде уағдаластыққа келді.

Каспий маңы мемлекеттері өткен кезеңде құқық­тарын тиімді пайдалану арқылы өздеріне тиесілі аймақтағы ресурстарды игеруде ынтымақ­тастық орнатудың инфрақұрылымын құра білді. Соған сәйкес оларда инвестицялық оң ахуал қалыптасты. Ал Каспий теңізінің құқықтық мәртебесінің анықталуы бірінші кезекте аймақтың саяси тұрақ­тылығы мен экономикалық дамуын қам­тамасыз етеді.

Мемлекеттерге тиесілі жерлердегі энергетикалық ресурстарды игеруге, инвесторлар тартуға мол мүмкіндік береді. Сонымен қатар теңіздің табиғи байлығын сақтауға және оны көбейтуге, жан-жануарлар дүниесі мен өсімдік­тер дүниесін қорғауға халықаралық құқық­тық негізде реттеу жолдарын нақтылайды. Бұл мәселе­лер Каспий жағалауындағы бес мемлекет­т­ің тығыз әрі тиімді ынтымақтастыққа бағыттал­ған қатынастарын әрі қарай тереңдетуге мүмкінді­гінше ықпал етеді. Теңізге байланысты Конвенцияның сол себептен де стратегиялық маңызы ерекше.

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесінің айқындалуына теңіз маңындағы мемлекеттермен қатар, бірқатар алыс-жақындағы елдер де мүдделілік танытып отыр. Өйткені олар Каспий жағалауындағы мемлекеттермен ынтымақтастық жасау арқылы ондағы ірі жобаларды жүзеге асыруға қатысқысы келеді. Ал Конвенция ұзақ­мерзімді қатынастарды заңдық тұрғыдан қамта­масыз ететін және қорғайтын негізгі базалық құжат болып табылады. Оның ережелері мен талаптарын бірінші кезекте оған қол қоюшы елдердің өздері бұлжытпай орындауы тиіс.

Теңіздің құқықтық мәртебесінің анықталуы теңіз суы табанынан мұнай мен газ құбырын және кабель жүйелерін тарту мәселесін шешеді. Өйткені құжатта тараптардың теңіз табанымен суасты құбырын және кабель жүргізе алатыны көрсетіл­ген. Теңіздегі шикізатты барлау, оны өндіру, плат­форма мен құбыр төсеу кезінде теңіз суына келген зиянның барлық жауапкершілігі әр елдің өзіне жүктеліп отыр. Яғни көмірсутегін өндіру, оны экспорттауда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға сол жобаларды іске асырушы тарап мойнына алады. Себебі мұнай мен газ құбырын төсеу барысында төтенше жағдайлардың да кейде орын алатыны бар.

Каспийдің географиялық жағынан орналасуы оның маңызын ерекшелендіріп тұр. Өйт­кені ол Үлкен Таяу Шығыс, Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия шекараларымен түйіседі. Сон­дық­­тан теңіз Еуразияны байланыстырушы комму­ни­кациялық орталық болып табылады десек, қателесе қоймаспыз. Оның үстіне Каспийдің осындай тарихи бірегейлігі халықаралық көлік транзитін дамытуға, сол арқылы аймақта өндіріл­ген көмірсутектерін әлемдік нарыққа экпорттауға қолайлы болып отыр.

Кеңес одағы ыдыраған соң қарт Каспий әлем­дік маңызы ерекше геосаяси аймақ ретінде халық­аралық қоғамдастықты, оның ішінде аса ірі мұнай-газ компанияларын қызықтыра бастады. Теңізге шектес елдерге әлемдік рынокта өзіндік орны бар корпорациялар делегацияларының келуі жиіледі. Уақыт өте Каспий аймағы Орталық Еуразиядағы геосаяси жағдайдың маңызды кілтіне айналды. Атап өткен жөн, бірқатар сарапшылар «Үлкен Орталық Азия»деген ұғымды да қолданып жүр. Олар жайдан-жай осылай деп атамаса керек.

Бүгінде қарт Каспийдің экологиясы қалыпты деңгейде деп айта алмаймыз. Кезінде дәл осы проб­леманы Елбасымыз бірнеше мәрте көтерген болатын. «Каспий маңындағы барлық мем­лекет­тердің стратегиялық мүддесіне, егер көмірсутегі қорының шексіз еместігін ескерсек, – деп атап өтеді Қазақстан Президенті, – оларды игеруге кіріскенде бүкіл экологиялық талаптарды сақтай отырып және Каспий теңізінің экожүйесі мен биожүйесін сақтау тұрғысынан әрекет еткен жөн».

Ал Каспий теңізінің құқықтық мәртебесінің халықаралық негізде нақтылануы Қазақстан эконо­микасының әрі қарай дамуына ерекше серпін береді. Оның ең бастысы – көлік-транзиттік мүмкіндік болмақ.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.09.2018

Көкшетау тұрғыны тираждық лотерея ойынының миллионері атанды

20.09.2018

Жаңа еңбекақы жүйесі - оңтайландыру нәтижелеріне тікелей байланысты - Алик Шпекбаев

20.09.2018

Кесенелер тұрғызу жарысқа айналып бара ма?..

20.09.2018

Бүгін елімізде машина жасаушыларының VI форумы басталды

20.09.2018

Атырауда халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

20.09.2018

Бакуде дзюдодан әлем чемпионаты басталды

20.09.2018

Қоқыс өңдейтін цех ашар едім - Сергей Привалов

20.09.2018

Доллар бағамы 358 теңгеге түсті

20.09.2018

Ұрпақ сабақтастығының үлгісі

20.09.2018

АҚШ-тағы «Флоренс» дауылынан зардап шегушілер саны артты

20.09.2018

«Хат қоржын» (20.09.2018)

20.09.2018

Еурокомиссия Амазонға қатысты антимонополиялық тексерулерін бастауы мүмкін

20.09.2018

Әлеуметтік мәртебесі рәсімделеді

20.09.2018

Көкірек көзіміз қайтсек ашылады?

20.09.2018

Оралда бұқаралық домбыра тартудан рекорд жасалды

20.09.2018

Ұлттық ұлан командирлері біліктілігін шыңдады

20.09.2018

Қызылордада «Үздік анықтаушы» анықталды

20.09.2018

Балуандар Бухаресте бақ сынайды

20.09.2018

Кенияда жаттығып жүрген қазақ қызы

20.09.2018

Ақын Сараның 165 жылдығына арналған айтыс өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Tо́relik qyzmetke tо́r qashan beriledi?

Abaı atamyz: «Burynǵy qazaq jaıyn jaqsy bilgen adamdar: «bı ekeý bolsa, daý tórteý bolady» dep aıtypty», deıdi. Rasynda, bul sózdiń ómir tájirıbesinen alynǵanyna esh kúmán joq. О́ıtkeni bul arada hakim bıdiń sany emes, sapasy daýdy azaıtatynyna mán bergeni anyq. Al endi bul búgingi kúni de elimiz aýmaǵyndaǵy tórelik qyzmet prosesinde týyndaıtyn qoǵamdyq qatynastardy sheshýde eń basty eskerer jaıt bolyp tur. Sebebi azamattyq daýlardy qaraýda qara qyldy qaq jaratyn ádil sheshimge qol jetkizý áli de arman.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу