Медицина • 13 Тамыз, 2018

Қазақ сарбаздары бейбіт миссияға қатысады

1148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің әскерилері арасында әр екі жыл сайын өтетін «Бейбіт миссия» арнайы оқу-жаттығу шарасы биыл Ресейде жалғасады. 

Қазақ сарбаздары бейбіт миссияға қатысады

massaget.kz

2010 жылдан бері тұрақты өтіп келе жатқан жауынгерлік жаттығу адамзатқа қауіп төндіруші әскери әрекеттер мен терроризмге қарсы күрес тәсілдерін жетілдіру мақ­сатын көздейді. Сегіз мемлекеттің өкілдері шақырылған «Бейбіт миссия – 2018» әскери жаттығуына қазақ сарбаздары да қатыспақшы.

Бүгінде Алматы облысындағы «Жетісу» әскери полигонында «Бейбіт миссия – 2018» жаттығуына қатысатын сарбаздар дайындықтарын пысықтап жатыр. Жауынгерлер жақында Ресейдің Челябі облысына орналасқан Шұбаркөл әскери полигонына аттанады. Оқу-жаттығуға Қорғаныс министрлігі шабуылдаушы-десант әскерінің екі жүзден астам жауынгері мен 60 арнайы әскери техника қатыспақ.

Биылғы «Бейбіт миссияға» Қазақ­стан жауынгерлерінен бөлек Ресей, Қытай, Үндістан, Пәкістан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғыз респуб­ликасының әскерилері қатысып, төтенше жағдайда жедел әрекет етудің қыр-сырын паш ететін болады.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Алматы облысы