Футбол • 15 Тамыз, 2018

Чемпиондар лигасы: «Астана» «Динамодан» 0:1 есебімен жеңіліс тапты

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

14 тамызда Хорватия астанасы - Загреб қаласында елордалық «Астана» жергілікті «Динамо» командасымен футболдан Чемпиондар лигасы үшінші іріктеу кезеңінде қарымта ойын өткізді.

Чемпиондар лигасы: «Астана» «Динамодан» 0:1 есебімен жеңіліс тапты

Кездесуде «Динамо» «Астанадан» 1:0 есебімен басым түсті. «Астана» енді Еуропа лигасының плей-офф сатысына ойнайды. Ол ойындар 23 және 30 тамыз күндері болады. Ал «Динамо» Чемпиндар лигасы плей-офф сатысында Швейцарияның «Янг Бойз» клубымен 22 және 29 тамыз күндері кездеседі. Естеріңізге сала кетелік, «Астана» алғашқы іріктеу кезеңінде өз алаңында Черногорияның «Сутьескасын» 1:0 есебімен жеңіп , сырт алаңда 2:0 есебімен басым түсті. Одан кейін екінші іріктеу кезеңінде олар Данияның «Мидтьюлланд» клубын (2:1, 0:0) тізе бүктірді . Енді 16 тамызда Еуропа лигасы үшінші іріктеу кезеңінің қарымта ойындары болады. Аталмыш бәсекеге қатысып жатқан Алматының «Қайраты» өз алаңында Чехияның «Сигма» командасын қабылдайды. Алғашқы кездесуде чехтар 2:0 есебімен басым түскен еді.