Қазақстан • 15 Тамыз, 2018

Ақылбек ШПИКПАЕВ: Өзгеріс уақыты келді

467 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін

Саналы мемлекеттік саясат­тың негізін жоғары сапалы ақ­парат пен қоғамның қатысуы қ­ұрай­ды. Ақпараттық технология кезеңінің басталуымен мем­лекетті өзекті кеңістікті ақпаратты қолданусыз тиімді басқару мүмкін емес. Кеңістіктік мәліметтер эко­номикалық, әлеуметтік және эко­логиялық сипаттағы кешен­ді мін­деттерді шешу үшін кеңі­нен қолданылуда. Кеңістікті мәлі­мет­термен жылдам алмасудың жаңа мүмкіндіктері, оған ыңғайлы және қарапайым қолжетімділік сапалы шешімдер мен тиімді әрекеттер қабылдауды қамтамасыз етеді. 

Ақылбек ШПИКПАЕВ: Өзгеріс уақыты келді

Кеңістіктік мәліметтер дегені­міз – орналасқан жеріне, нысанына, құрылымына және өзара жағ­дайына қатысты мәліметтерді қоса ал­ғандағы кез келген объектілер туралы геодезиялық және кар­то­графиялық қызметтердің нә­ти­жесінде алынған цифрлы мә­лі­меттер. Жергілікті жердің бар­лық объектілерін кеңістіктік объек­тілерге жатқызуға болады. Бұл объектілерге орналасқан жерін көр­сету маңыздылығы анықталған құ­рылымдар жиынтығының болуы тән. Кеңістіктік объектілердің көрнекілік көрінісі (мысалы, топо­графиялық карта) оның орналасуын көрсетеді және орналасуының талдауын, байланысын және бас­қа да кеңістіктік қатынастарын келтіруге мүмкіндік береді.

Цифр­лы кеңістіктік мәліметтерді алу, өңдеу және пайдалану заманауи ақпараттық қоғам өмірінің ма­­ңызды бөлігі болып қалды. Гео­графиялық мәліметтерді пайдалану мысалдарының арасында: аза­маттарға қалалардың жоспарлары, велосипед бағдарлары туралы ақпарат ұсыну, демалыс және туризм объектілерінің орналасқан жерлерін көрсету, өңірлерге азаматтар мен ұйымадарды және т.б. тарту үшін коммуналдық қыз­мет­тер туралы ақпарат ұсыну. Әлемде геоақпараттық технологияны кеңінен тарату шамасы бо­йын­ша кеңістіктік мәліметтердің құндылығы мен оның нақты мәнін ұғыну тұрақты көтеріледі, ал оны адами қызметтің түрлі саласында пайдалану жедел қарқынмен кеңеюде. 

Қазақстанда түрлі саладағы өндірістік қызметтің нәтижесінде кеңістіктік мәліметтердің үлкен көлемі құрылды. Кеңістіктік мәліметтердің көздері ұқсастық және цифрлы мәліметтер. Бұлар кеңістіктік мәліметтердің үлгісін құру үшін негіз бола алады. Кеңістіктік мәліметтер көздерінің бірнеше негізгі үлгілері бар. Бұл – картографиялық көздер, Жерді қашықтықтан алдын ала тексеру мәліметтері, дала зерттеулері мәліметтері. Аталған мәліметтер бөлшек-бөлшек және өзара байланысты болмағандықтан экономика қажеттілігі үшін жиынтықты пайдалану мүмкін емес. Өйткені ақпараттық тосқауыл құрады, кей жағдайда ақпарат алмасу үдерісіне кедергі келтіреді. Бү­гінде кеңістіктік мәліметтерді пай­далануға кедергі келтіретін біраз мәселе бар: 

1. заманауи геодезиялық не­гіз­дер­дің, нақтылығы жоғары жай­ғасымды жүйенің болмауы;
2. түрлі ұйымдар мен ведомство­лардың арасында ақпарат ал­масудың келісілген стандарттары мен тетіктерінің болмауы;
3. спутниктік технологияның дамуымен және спутниктік координатты анықтамалардың автономды әдісіне топографиялық-геодезиялық өндіріске көшуге бай­­ланысты қажеттілігі туындаған рес­публиканың жаңа коорди­натта­рының болмауы;
4. картографиялық материал­дардың әртектілігі мен өзексіздігі;
5. мәліметтерді алу, сақтау бо­­йынша жұмыстардың, оған қол­жетімділікті ұйымдастырудың қайталануы;
6. қажетті мәліметтерді іздеу бо­йынша қолжетімді ақпарат көздерінің болмауы;
7. кеңістіктік мәліметтерді (гриф)­ таратуға шектеулердің болуы.

Қалыптасқан жағдайды ше­шу үшін электронды түр­дегі кеңістіктік мәлі­мет­терге тұтынушылардың қол­жетімділігін және оларды пайдаланудың тиімділігін қам­тамасыз ететін жағдай жасау талап етіледі. Шетелдерде осы тектес жүйе­лер «кеңістіктік мәліметтер инфрақұрылымы» (КМИ) атауына ие болды. «Кеңістіктік мә­ліметтер инфрақұрылымы» тер­минін алғаш рет 1993 жылы АҚШ Ұлттық зерттеу қоғамы ұсынды. Инфрақұрылым негізгі сөзі гео­кеңістіктік мәліметтердің әр адам­ға қолжетімді инфрақұрылым бо­ла алатындығы және болуы керек екендігі туралы идеяның мә­нін береді. Мысалы, көліктік ин­фрақұрылым. Бұл мәтінде КМИ кеңістіктік мәліметтерді жинау, өңдеу, сақтау және тұтынушыларға ұсынудың аумақтық таратылған жүйесі ретінде анықтауға болады. 

КМИ құру әлемнің көптеген елі үшін әлеуметтік-экономикалық дамудың және ақпаратқа деген еркін бәсекеден тыс қолжетімділікті қамтамасыз ету кілті болды. Сон­­дықтан Ұлттық кеңістіктік мәлі­меттерінің инфрақұрылымын құ­ру мемлекеттік, жергілікті ша­руашылық және халықаралық дең­гейдегі кеңістіктік мәліметтерді анағұрлым кеңінен тарату мен тиімді пайдаланудың ерекше маңызына ие болады. ҰКМИ көптеген жекелеген көз­дерден алынған ақпаратты бірік­тіруге тартылған негізгі мемлекеттік ақпараттық ресурстардың бірі болмақ. Бұл экономиканың бар­лық саласында кеңістіктік мәлі­мет­терді пайдалануға байланыс­ты қолданбалы мәліметтерді пай­далануға орай жалпы спекторын шешуге мүмкіндік береді және барлық ведомстволық ақпараттық жүйелерді біріктіру үшін бірыңғай геоақпараттық тұғырнама болады, кеңістіктік мәліметтерді автоматты түрде өзектендіру үшін қолайлы орта қалыптастырады. 

Кеңістіктік мәліметтерді қол­дану бөлігінде стандарттаудың болмауынан тұтынушылар кеңістіктік мәліметтерді сақтау, ұсыну және өңдеудің өзіндік әдістерін, түрлі бағдарламалық құралды пайдаланады. Зерттеу ретінде мәліметтерді сақтау түрі, нысаны және құры­лымы, координаттардың пайдаланылу жүйесі, картографиялық ма­териалдарды дайындау үшін пайдаланылатын классификаторлар, мәліметтерді көрсету кеңіс­тігі ерекшеленеді. Аталған ерек­шеліктер мәліметтермен алмасуды, са­лыстыруды және қабылдауды айтарлықтай қиындатып отыр. 

Осыған байланысты ҰКМИ құру кезінде кеңістіктік мәліметтер анықталған форматтарда ұсы­нылуы бірыңғай құрылымы болуы тиіс, бірыңғай классификаторларын пайдалану және салалық жүйе­лерге өзара тиімді қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беру керек бол­­ғандықтан стандарттар мен басқа да нормативтік-техникалық құ­­жаттар маңызды рөл атқарады. Мәліметтердің бірыңғай сәулеті жағдаяттық және талдамалық жүйелерге барлық қабаттар мен салалар бойынша аумақтарды дамыту туралы өзекті және расталған ақ­парат алуға мүмкіндік береді. 

КМИ ақпарат сақтауға және ақ­парат алмасуға мүмкіндік беретін орта ғана болып қоймай, жаңа мәлі­меттер құруға мүмкіндік ту­ғызады. Қазіргі уақытта түрлі ведом­стволарда, салаларда және өңірлерде оның негізінде құрыл­ған координаттардың және кар­тографиялық материалдардың түр­лі жүйелерін қолдануды жал­ғастыруда. Бұл факт мәліметтердің ведомстволық базасын біріктіру мәселесін күрделендіреді. 

Осыған байланысты бірыңғай координаттық кеңістікті қолдау айтарлықтай маңызға ие. Кеңіс­тіктік мәліметтерді өзекті жағдайда біріздендіру, дамыту және қол­дау мақсатында Қазақстан аума­ғын мемлекеттік геодезиялық қам­тамасыз ету жүйесін жаңарту жүзеге асырылатын, оған барлық кеңістіктік мәліметтердің, сала­лықты қоса алғанда, координаттары мен конвертациясының жүйе­сі орнатылған болады. Коор­динаттардың жаңа геоцен­трлік жүйесіне көшу Қазақстанның аумағын ашық кеңістіктік мәлі­меттермен қамтамасыз етуге мүм­кіндік беретін еліміздің геоде­зиялық және картографиялық қамтамасыз етудің барлық жү­йесін жаңғырту қажеттілігін шарт­тастырады. ҰКМИ МГҚ АЖ сантиметрлік нақтылықпен гео­кеңістіктік мәліметтерге жылдам ғаламдық қолжетімділікті қам­тамасыз етеді. 

Ашық кеңістіктік мәліметтер басқа кеңістіктік мәліметтерді, оның ішінде салалық мәліметтерді құруға негіз бола алады және база­лық кеңістіктік мәліметтер болады. Базалық кеңістіктік мәліметтердің негізгі көздерінің бірі ҰКМИ үшін нақты цифрлы аэроғарыштүсірілім негізінде жаңартылған цифрлы топографиялық карта болмақ. Ке­ңіс­тіктік мәліметтер базасының маз­мұнын анықтау кезінде оның құрамынан мемлекеттік құпия­ларға жататын мәліметтері бар объектілер жойылуы тиіс. 

Кеңістіктік мәліметтерді мем­лекет­тік деңгейге біріктіру билік органдарын, ғылыми-зерттеулерді, өнеркәсіп пен халықтың қажет­тіліктерін расталған және өзекті кеңістіктік ақпаратпен уақтылы қамтамасыз етудің кардиналды үзілісін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 

Мемлекетті, оның экономи­калық және әлеуметтік дамуын, қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігін басқарудың тиімділігі көбінесе геодезиялық және картографиялық материалдардың өзектілігіне, нақтылығына тәуелді. Жерсеріктік әдістердің, жайғастыру техно­логиясының дамуымен, ақпа­рат­тық технологиялардың жә­не теле­коммуникациялық ин­­фра­құрылымның жаппай енгізілуімен геодезиялық мәліметтерді алу және тарату мен оның негізінде ҰКМИ құрудың жаңа мүмкіндіктері дамуда. 

ҰКМИ енгізу Мемлекеттік геодезиялық қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесі, Кеңістіктік мәліметтер банкінің ақпараттық жүйесі және Ұлттық геоақпараттық жүйе (ҰГАЖ) арқылы жүзеге асырылады. 

Мемлекеттік геодезиялық қам­­та­масыз еудің ақпараттық жүйе­сі референцті стансаның же­лісін басқаруға және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік геодезиялық қамтамасыз еудің жүйесін жаңғырту» нәтижесінде алынған геодезиялық өлшемдердің (спутниктік, нивелирлік, грави­метрлік) мәліметтерін камералдық өңдеуді орындауға және төмендегі функцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді: 

а) объектілердің орналасқан жерін және нақты уақыт режімінде навигацияны анықтау үшін түрлі пайдаланушыларға дифференциялды түзетулерді бір уақытта беру;
ә) байланыстың түрлі арналары бойынша қолжетімділіктің деңгейін ұйымдастыру;
б) тұтынушыларға жерсеріктік навигациялық технологиялардың негізінде нақты жайғастырудың мәліметтерін ұсыну.

Кеңістіктік мәліметтер банкінің ақпараттық жүйесі кеңістіктік мәлі­меттерді және онымен байланысты кеңістікті емес мәліметтерді жинау­ды, сақтауды, өңдеуді, талдауды және көрсетуді, сондай-ақ соның негізінде географиялық кеңістік туралы ақпарат пен білім алуды қамтамасыз етеді. Геоақпараттық ресурстар – метамәліметтер каталогы бойынша мәлімет көздерін іздеу және оның сипаттамалары бойынша кеңістіктік мәліметтерді өңдеуді қалыптастыру мүмкіндігін береді. 

ҰКМИ кеңістіктік ақпаратқа байланысты E-Gov ағымдағы қызметін пайдалануды қамту мен қысқартуды анағұрлым арттыруға көмектеседі. 

Жобаны енгізудің экономи­калық тиімділігі негізінен жанама, себебі ҰКМИ геокеңістіктік мәліметтерді қалыптастыру мен жинақтау үдерісін жүйелендіру және стандарттау құралы бола алады және сол арқылы жұ­мыс уақытының шығынын төмен­детуге көмектеседі. Жалпы ал­ғанда, ҰКМИ іске асырудың экономикалық тиімділігінің мәні: 

- салалық ведомстволар мен мекемелер қызметкерлерінің қажетті жағдаяттық ақпаратты іздеуге және талдауға кететін жұмыс уақытын қысқартуға; 
- мемлекеттік органдар қызмет­керлерінің жиынтық талдамалық есептер, анықтамалар және аралас салалық министрліктер мен мекемелердің сұранымдарына жауаптар дайындауға кететін жұмыс уақытын қысқартуға;
- мемлекеттік органдардың үлгі­лік құжаттарды – сараптамаларды, келісуді, бекітуді, тапсырысты, өтінішті өңдеуге кететін жұмыс уақытын қысқартуға;
- республикалық және жергілікті бюд­жеттердің объектілер туралы жағдаятты ақпарат жинауға және өзектендіруге, жерлердің жағдайы мен талдауға кететін шығындарын қысқартуға;
- кеңістіктік мәліметтерді пайдалану құнының төмендеуіне;
- барлық деңгейдегі бюджеттік ұйымдардың қызмет етуінің тиімділігін арттыруға алып келеді.

Халықаралық тәжірибе жекелеген кеңістіктік мәліметтерді мемлекеттік деңгейде МАЖ-тех­­нологиясы арқылы бірыңғай ин­фрақұрылымға біріктіру билік органдарын, ғылыми-зерттеулерді, өнеркәсіптік қажеттілікті және халықты расталған және қарама-қайшылықсыз кеңістіктік ақпа­ратпен уақтылы қамтамасыз етуде түбегейлі мүмкіндікті жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін көрсетіп отыр. 

Ақылбек ШПИКПАЕВ, 

ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті

«Казгеодезия» РМҚК бас директоры, «Құрмет» орденінің иегері