Үкімет • 15 Тамыз, 2018

Бақытжан Сағынтаев денсаулық сақтау саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

348 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет үйінде Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев еліміздің денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Бақытжан Сағынтаев денсаулық сақтау саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Кеңес барысында Денсаулық сақтау министрлігінің халыққа көрсетілетін алғашқы медициналық-санитарлық көмек сапасын арттыру тәсілдері қаралды. Атап айтқанда, ұсынылған шаралар емханалардың профилактикалық жұмыстарын жақсартуға, инфрақұрылымды дамытуға, мамандардың біліктілігін арттыруға және халыққа қызмет көрсету сапасын жетілдіруге бағытталған.

Бұдан өзге, жергілікті атқарушы органдардың медициналық көмек көрсетуге, соның ішінде лицензиялаудан кейінгі бақылау, денсаулық сақтау мекемелерін кадрмен қамтамасыз ету және жабдықтау жұмыстарына жауапкершілік механизмдерін енгізу мәселелері талқыланды.

Соңғы жаңалықтар